Орталықты ашудағы мақсат Елбасының үштұғырлы тіл саясатын жүзеге асыру.
Ішкі саясат саласы.
Күшті жақтары:
-
Мемлекеттік ақпараттық саясаты жүзеге асыруды қаржыландыру көлемінің көбеюі;
-
ҮЕҰ-дың санының көбеюіне және белсенділігін арттыруға жағдай жасалынған;
-
Мемлекеттік, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, ҮЕҰ көмек көрсету арқылы қызметтердің жұмысы ұйымдастырылған
-
Әлеуметтік маңызды жобалар жәрмеңкесі жүйелі түрде өткізілуде;
-
Өткізіліп жатқан ақпараттық, үгіттік іс-шаралар нәтижесінде тұрғындардың актуалды мәселелерін айқындау және шешу процесі аяққа қойылған;
-
Дарынды жастарды қолдауды мемлекеттік қаржыландырудың өсуі;
Осал жақтары.
-
Ақпараттық субъектілерінің материалды-техникалық нашар жабдықталғаны;
-
Мемлекеттің БАҚ-ы жақ-жақты модернизациялау қажет етілуде. (материалды-техникалық базаларын масс-медиа жұмысы дүнижүзілік стандарттарының заманаүй талаптарына сай жақсарту,
-
Бақ сапалық деңгейін арттыру, масс-медияларға интернет ресурстары және web- сайттар қажет, ПТС алу керек);
-
азаматтық сектор топ басшыларының біліктілік және кәсіби дайындық деңгейлерінің төмендігі;
-
әлеуметтік маңызды жобаларды орындау сапасын бағалаудың біріңғай критерилерінің болмауы;
-
АЕҰ-ң ауылды жерлердегі белсенділігінің төмендігі;
-
Ақпараттық – үгіт жұмыста жаңа ақпараттық технологияларды коммуникативті технологияларды пайдалану деңгейі жеткіліксіз;
-
Аудан жастарын мемлекеттік жастар саясатымен қамту деңгейі жеткіліксіз;
-
Шығармашылық және жастардың ынтымағын арттыруға бағытталған жасөспірімдер ұйымдары жүйесінің осал дамығаны;
-
Ауылды жерлердегі жастар-жасөспірімдер клубтарының жұмысы жеткіліксіз жүргізілуде.
Қауіптер
-
аймақтағы қоғамдық-саяси өмірді тұрақсыздандыруға бағытталған өкіметтік емес БАҚ-ң материалдарының шығуы.
Қатерлер
-
Қойылған мақсаттарға жету әрқашан қатерлермен шектесуде;
-
Қатерлердің қайнауы сыртқы және ішкі факторлар болуы ықпал;
-
аудан тұрғындарының әлеуметтік көңіл күйінің төмендеуі;
-
әлеметтік маңызды жобаларды іске асыруда сала аралық кемдігі;
-
Аймақтық деңгейдегі басқарудың жоқтығына байланысты жастар саясатының нәтижелігінің төмендеуі.
Мүмкіндіктер
-
Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауға АЕҰ-ды тарту, бұқаралық ақпарат құралдарының жан-жақты дамуына ықпал ету АЕҰ-ң әлеуметтік маңызды жобаларын қаржыландыру;
-
Аудан орталығында және жергілікті жерлерде АЕҰ-ң арналған ақпараттық ресурс орталығының жұмысын күшейту;
-
әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру шеңберінде АЕҰ-ң жұмысын белсендіру жөнінде іс-шаралар жүйесін дайындау;
-
қоғамдық саяси жағдайға мониторинг және зерделеу;
-
ақпараттық-үгіт жұмысын жүргізгенде ақпаратты нақты бағыттау;
-
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға жастарды көптеп тарту;
-
Жастардың интелектуалды шығармашылық потенциялын ашу.
Аймақтық даму көріністері
-
Көрініс-аймақтағы ішкі саяси құбылыстардың демократиялануы мемлекеттік органдар және БАҚ-ң белсенді қарым-қатынасы арқылы;
-
Көрініс аудандағы қоғамдық-саяси тұрақтылық, ұлттық бірлестік, азаматтық ынтаны нәтижені жүзеге асыру механизмдері.
Мақсаттық көрсеткіштері:
Отандық ақпараттық өнімді тұтынушылардың қажет ету деңгейі;
-
Аудан тұрғындарының мемлекеттік даму басымдықтарын үгіттеуге бағытталған аймақтық БАҚ жобаларына қанағаттану дәрежесі;
-
Мемлекеттік даму стратегиясын және мемлекеттік саясатты қоғам сапасындағы қолдау дәрежесі 2015 жылы 90%-ға дейін;
-
Азаматтық қоғам институттарымен мемлекеттің қарым-қатынасын оңынан бағалайтын тұрғындардың бөлігі 2015 жылы 80%-ға дейін;
-
мемлекеттік саясатқа тұрғындардың 14 пен 29 жасқа дейінгілердің арасындағылардың қанағаттану деңгейі;
-
Жастардың азаматтың белсенділік, отан сүйгіштік, рухани және интелектуалдық даму деңгейі.
-
Мақсаттардың, міндеттердің, мақсаттық көрсеткіштердің және нәтижелердің негізгі бағыттары.
-
Әлеуметтік сфераның дамуы стратегиялық бағыт.
-
Аймақтық ақпарат кеңістігінің тұрақты дамуын және бәсекеге қабілеттілігін көтеруді қамтамасыз ету.
Мақсаттар:
-
Мемлекеттік ақпараттық саясаттың нәтижелігін аймақтық бұқаралық ақпарат құралдар арқылы кеңейту және көтеру;
-
аудандық БАҚ бәсекеге қабілеттілігін көтеру;
-
Жастардың әлеуметтік құқықтарын және мемлекеттік қорғау кепілдігін іске асыруды қамтамасыз ету.
Спорт саласы.
Қазiргi уақытта аудан тұрақты экономикалық өсу сатысында.
2012жылға жалпы спорттық ғимараттар саны – 301 құраса, оның ішінде спорт залдардың жалпы саны – 43,
Ауданда қазіргі таңда 74 орта мектепте 39 спорт зал, ашық спорт алаңдар – 180 құрайды.
Ауданда дене тәрбиесі және спортпен шұғылданатындар саны 23787 адам болып, 2011 жылмен салыстырғанда 0,2 % өсті.
Ауданда Леңгер қалалық және Төлеби аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді.
2011 жылы спорт мектептерінде шұғылданушылар саны 2570 болса, 2012 жылы 2594 баланы құрады.
Аудандағы спорттың қолданыстағы жүйесі халықтың дене шынықтыру мен спортпен өз деңгейінде шұғылдануына қол жеткізуін толық көлемде қамтамасыз етпейді, көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен сапасының төмендігі байқалады.
Бұл бағыттың өзектілігі дене шынықтыру мен спорт саласы қызметін Қазақстанның алдында тұрған, соның ішінде халықтың спортпен шұғылдану сапасын жақсартуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған жаңа жағдайлар мен міндеттерге бағдарлану қажеттілігіне негізделген.
2013 жылдан бастап жергілікті деңгейде нәтижелерге бағдарланған және азаматтардың дене шынықтыру мен спортпен тұрақты сапалы шұғылдануын дамытуға бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу қажет.
Бюджет саясаты азаматтардың дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануын дамытуға, халықаралық талаптарға сай келетін спорт саласын құру және инфрақұрылымын дамыту, дене шынықтыру және спорт құралдары арқылы салауатты өмір салтын орнықтыру, қабілетті спорт резервін даярлау жүйесін жетілдіруге бағытталады.
Аудандағы жалпы тұрғындардың саны 132,2 мың адамды құрайды, дегенмен ауданда бірде бір спорт комплексі жоқ. Салуға қажетті қаржыны бөлуге аудан бюджеті көтермейді.
Материалдық – техникалық базаның және спорттық құрал-жабдықтардың сын көтермеу салдарынан бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын өз деңгейіне көтеруге, жоғарғы дәрежедегі спорт резервтерін дайындауға мүмкіншілік бермейді.
-
«Салауатты өмір» салты атты саясатын жүргізуді үйлестіруді қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Президенті 2006 жылдың 28 желтоқсандағы №230 жарлығымен 2007-2011 жылғы арналған дене тәрбиесі және спортты дамыту мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бұл бағдарлама еліміздің халқының салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бүкіл Қазақстан халқын спортпен шұғылдануға және жастарды спортқа баулуға, дүние жүзіндегі алдынғы қатардағы 50 елдің қатарына кіруге арналған. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Түлкібас ауданының денешынықтыру және спорт бөлімінде бірқатар жұмыстар жүргізілді.
Балалар мен жасөспірімдерді жалпы көпшілік спорт түрлерімен шұғылдандыру мақсатында ауданымыздағы 2 спорт мектептерінде 2596 оқушы спорттың 11 түрінен 14 ауылдық округін қамтыған.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту.
Спорт саласы
Спорт - денсаулық саласына тікелей байланысы болғандықтан аса көңіл бөлуді қажет етеді. Сондықтан жоғарыда көрсетілген мәселелер мен оны шешу жолдары дұрыс көрсетілген деп есептелуде. Сонымен қатар бағдарламада дене тәрбиесімен айналысатындардың көрсеткішін 3,8%-дан 6,2 %-ға өсу мақсатталып отыр. Спорт саласының резервінің көрсеткіштерін жоғарлату үшін ынталандыру жолдарын да қарастырғанда көп септігін тигізеді деп күтілуде. Айтып өтетін болсақ мектеп қабырғаларында спорт саласына байланысты тегін үйірмелер санын ұлғайту. Ауылдық округ және ауыл арасында спорттық іс-шаралар өткізу, орындар және сыйлықтар тағайындау. Жалпы айтқанда халықтың назарын спорт саласына аудару.
Туризм саласы
Аудан Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласының шығысындағы Алатау тауларынан басталып, оңтүстік батыста Өгемтау, Қаржантау және Қазығұрт таулары сілемдерінің бөктерлерінде орналасқан. Аудан орталығы Шымкент қаласынан 40 шақырым жерде орналасқан.
Ауданның батыс бөлігі біршама тегіс алқаптардан басталып, шығысында Оңтүстік Қазақстан облысындағы теңіз деңгейінен есептегендегі ең биік абсолюттік нүкте Сайрам шыңына дейін көтеріледі. Оның биіктігі 4238 метр, ал Қазығұрт тауының ең биік нүктесі 1768 метр. Аудан территориясы көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерімен шектеседі.
Төлеби ауданы Қазақстан Республикасының шырайлы жерлерінің бірі болып есептеледі. Әлемге әйгілі Ақсу-Жабағылы қорығының 99474 гектары Төлеби ауданының аумағында.
Ауданда 30-дан аса тарихи-археологиялық объектілер бар. Онда сақ заманының қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орындары және халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар «Жылақ ата», «Ғайып Ерен Қырық Шілтен», «Нұр ата», «Ақ мешіт» секілді көпшілік мінажат ететін әулие орындары бар.
Ауданымызға жыл сайын шет елдерден 700-ге жуық туристер келеді. Келуші туристерді негізінен ауданның табиғаты мен қазақтың салт-дәстүрлері мен қонақжайлылығы қатты қызықтырады. Ауданның көркем де көрікті жерлерін көрсетіп, сапалы демалыс ұйымдастыру арқылы бюджетті толықтыруға мүмкіншілігіміз бар. Қазіргі кезде ауданымызда «Алатау» тау шаңғысы базасы, «Біркөлік» демалыс аймағы, «Айна бұлақ» демалыс үйі, «Красные скалы» демалыс үйі, «Қасқасу» демалыс аймағы, «Ақ мешіт» шатқалдарындағы демалыс аймақтары аудан және облыс тұрғындарына туристік қызмет көрсетуде.
Өткен жылы пайдаланусыз тұрған «Красные скалы» лагері қайта толық жөндеуден өтіп, тәулігіне 40 –тан астам демалушыларды қабылдайтын демалыс аймағы ашылды. 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Береке» корпорациясы Нысанбек ауылының жанындағы демалыс аймағында құны 3 млн долларлық емдеу-сауықтыру орталығының құрылыс жұмыстарын бастады. 30 адам жұмыспен қамтылуда. Қазіргі таңда құрылысы жүргізілуде.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында «Мұнай Инвест груп» ЖШС Қасқасу шатқалы аумағында заманауи үлгідегі салып жатқан демалыс орнының құрылысы аяқталып іске қосылып, 12 адам жұмыспен қамтылды.
Басты мақсаттарымыздың бірі ауданда туристік кластерді дамытып, республикалық туристік бағдарламаға енуге, Қасқасу өзенінің басындағы тау бөктерінде тау шанғы базасының, сауықтыру кешендерінің құрылыстарына және электричка жүргізуге Республикалық бюджеттен қаржы бөлу мәселесін қарастыру. Аталған өзекті мәселелер шешімін тапқан жағдайда ауданда туризмді дамытуға зор мүмкіндіктер туатыны анық.
Ауданымызға жыл сайын шет елдерден 700-ге жуық туристер келеді. Келуші туристерді негізінен ауданның табиғаты мен қазақтың салт-дәстүрлері мен қонақжайлылығы қатты қызықтырады. Осыған байланысты ауданымызда туризм саласын дамыту үшін бірінші кезекте:
-
аудан орталығынан туристерге кең ауқымды қызмет көрсететін шетел туристерімен интернет сайттар арқылы тікелей байланыста жұмыс атқаратын туристтік ақпараттық орталығын ашып, арнайы құрал - жабдықтармен жабдықтау қажет;
-
аудан орталығына келген туристерді қабылдап алатын қазіргі заман талабына сай қонақ үйлер салып, оның ішінен зергерлік қолөнер бұйымдарын сататын дүкендер ашу керек;
-
келуші туристерді аудандағы туристік обьектілерге апарып таулы аймақтарға жеткізу үшін арнайы автокөліктер (автобус, газель) алу қажет.
-
Қасқасу ауылынан салынатын Тау шаңғы базасы жанынан қонақ үйлер салып, жазғы уақыттарда тау бөктеріне атпен серуендеу үшін жылқы асырайтын қоралар салу қажет.
Бүгінгі күнге, ауданда туризмді дамытуда төмендегі басымдық бағыттарда жұмыстар жүргізілуде:
- мінәжат ету туризмі;
- экологиялық туризм;
- емдеу-сауықтыру туризмі;
Оның ішінде: емдік сауықтыру орындар және санаторилар-1, балалар сауықтыру демалыс лагері-4, демалу зоналары-4, қонақ қабылдау үйлері-2, турбаза-1. Осы нысандарда тұрақты жұмыс істейтіндердің саны 210 адамды құрап отыр.
Инфрақұрылымдық кешені
Электрмен қамтамасыз ету. Аудан тұтынушыларымен бүгінгі таңда 7,2 МВт көлемінде орташа сағаттық электр қуатын тұтынады.
Сондай-ақ шағын су электр станциясының құрылысына жоба-сметалық құжаттама жасау, ауданда :
2014 жылы «Төлеби ГЭС» ЖШС –гі Сайрамсу өзенінің бойынан кіші ГЭС салуға өз қаржысы есебінен 120,0 млн теңге салуды жоспарлап отыр.
1241,3 шақырым әуе электр желілер;
0,13 шақырым кабельді желілері;
13 дана подстанциялары;
360 дана комплектті тұтынушылық трансформаторлық подстанциялар тіркелген. Аумақтық электр жүйелерінің техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз, 80-85% тозығы жеткен.
Ауданның аймақтық энергетикалық тармақтарының техникалық жағдайлары қанағаттанарлықсыз жағдайда, тозу пайызы – 4,7% құрайды.
Электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлу секторында 659,3 млн теңгенің ресурстары тартылды, бұл 2009жылмен салыстырғанда 116,3 пайызды құрады. Қосалқы кәсіпорындармен 50,3 мың.Гкал жылу энергиясы өндіріліп, бұл 2009 жылдың деңгейінен 3,1есе артық, табиғи су 70,5% кемуі орын алды.
Аудан көлемінде жұмыс жүргізіп отырған өндіріс кәсіпорындарының құралдарына жаңа технология енгізу бағытында жұмыстарды жандандыруды қажет етеді.
Жылумен қамту. Аудан бойынша 74- мектеп, 34-балабақша, 4 мектептен тыс мекеме, 14-округтер және 1 қала, 1-аудандық әскери комиссариат, медициналық мекемелер және жеке секторлар автономдық қазандықтармен жылытылады.Төлеби ауданының орталықтандырылған жылумен қамту жүйесімен және жылу энергокөздерімен қамтамасыз етіледі.
Автокөлік жолдары
Жолаушылар автокөлігін және тұрғындарға сапалы қызмет көрсетуді одан әрі дамыту мақсатында атқарылатын жұмыстар:
-
жолаушыларға қызмет көрсету дәрежесін көтеру және автомобильдердің автобус паркінің жаңарту саясатын жүргізу;
-
ауданішілік бағыттарға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткізген кезде багажы жоқ автобустарды қатыстырмау;
-
жол желісінің техникалық жағдайын жақсарту,
-
тұрақты емес жолаушылар және жүк тасмалдауларды тұрақты тасымалдау қатарына ауыстырып, одан кейін конкурстық негізде оларды тасымалдаушыларға бекіту;
-
шағын автобустарды жолаушылар ағыны көп бағыттардағы автобустарға ауыстыру.
Сәулеттік даму
Бас жоспар бойынша
Аудан орталығы – Ленгер қаласының жаңа бас жоспары 2006 жылы дайындалып, бекітілген. Қазіргі кезде бас жоспарды іске асыру жұмыстары жүргізілуде. Халық саны бес мыңнан жоғары төрт елді мекеннің (Көксәйек, Сұлтан Рабат, Бірінші Мамыр, Тоғыс) бас жоспары жоқ. Халық саны бес мыңға дейінгі және оның саны үш мыңға дейінгі елді мекендерге бас жоспардың ыңғайласырылған нұсқасы дайындалуы қажет. Бас жоспарды дайындау үшін қажетті топографиялық түсірілім ешбір елді мекенде жасалмаған. Ленгер қаласының бас жоспарын дайындау барысында 1991 жылғы аэротопографиялық түсірілім қолданылды.
Тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы үшін бөлінетін жер массивтері барлық елді мекендерде анықталып, 2006 жылы дайындалған ауылдық округтердің аумақтық схемасына енгізілген. Дегенмен, жер массивтері елді мекендер шекараларына нақты енгізілмегендіктен, толық шешілмей тұр. Ленгер қаласындағы тұрғын үй құрылысына қаралған жер массивтері қала шекарасына аудандық сорт сынау учаскелері есебінен өтіп, қазіргі кезде осы массивтерді заң аясында босату жұмыстары жүргізілуде. 2004 жылдан бергі тұрғын үй құрылысына бөлінген жер массивтерінің 50 пайыздан жоғары бөлігінде құрылыс жүргізілген, бірақ инженерлік-коммуникация жүйелері жүргізілмеген.
Саябақтар бойынша: Ленгер қаласынның пайдаланудағы саябақтың жер аумағы аз. Қазіргі кезде бұл саябақ жеке меншіктен мемлекеттік меншікке қайтарылып, жөндеу жұмыстары қолға алынды. Бірінші Мамыр, Әлішер Науайы, Алатау елді мекендерінде пайдаланудағы саябақтар бар. Қалған елді мекендерде саябақтар мен ардагерлерге арналған ескерткіштер мен белгілер толық емес. Елді мекендер шекараларына орнатылған кіре беріс белгілері талапқа сай емес. Ленгер қаласының 1-мөлтек ауданында бас жоспарға сәйкес, балалар аттракционы алаңымен бірге жаңа саябақтың құрылысын жүргізуге жоба-сметалық құжаттамасы дайын.
Бағдарламаның мақсаты мен міндеті
Бағдарлама аудан тұрғындарына сәулет және қала құрылысы саласындағы дамуы мақсатын айқындайды. Бағдарлама мақсатын іске асыру үшін төмендегі міндеттерді шешу көзделген:
- Ауданның сәулет және қала құрылысы саласындағы дамуы, Ленгер қаласы мен елді мекендердің сәулеттік келбеті біршама жүйелендіріліп, азаматтардың өмір сүруіне, демалуына және әлеуметтік жағдайының жақсаруына жағдай жасауы.
Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижесі
Бағдарлама бүгінгі уақыт талабына сәйкес тұрғындарға ұсыналатын мәдени-ақпараттық қызмет көрсету кешенінің сапасын көтеруді, мәдениет мекемелерінің материалдық базасын жақсартуды көздейді.
Ауданның сәулет және қала құрылысы саласындағы дамуы, Ленгер қаласы мен елді мекендердің сәулеттік келбеті біршама жүйелендіріліп, азаматтардың өмір сүруіне, демалуына және әлеуметтік жағдайының жақсаруына жағдай жасалады.
Күрделі мәселелер.
-
халық саны бес мыңнан жоғары төрт елді мекеннің бас жоспарын дайындау;
-
ірі елді мекендерге топографиялық түсірілімдер жасау;
-
халық саны бес мыңға дейінгі және оның саны үш мыңға дейінгі елді мекендерге бас жоспардың ыңғайластырылған нұсқасын және даму жобасын дайындау;
-
Леңгер қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында массивтерге егжей тегжейлі жоспарлау жобаларын дайындау;
-
тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылысы үшін бөлінетін жер массивтерін толықтырып, елді мекендер шекараларына заңды түрде енгізу;
-
жеке азаматтарға тұрғын үйге бөлінген, жаңа үйлер түскен массивтерді инженерлік-коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз ету;
-
елді мекендердегі пайдаланудағы саябақтарды қайта жөндеуден өткізу, абаттандыру, саябақтар ішінде балалар алаңшаларын (кіші бассейн, аттракциондар) орнату ;
-
барлық елді мекендер шекараларына талапқа сай кіре беріс белгілері мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған құрмет белгілерін (обелиск) қайта жөндеу және жаңадан орнату;
-
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының аудандық және базалық жүйесін жасау және дамыту.
Іс – Шаралар.
-
халық саны бес мыңнан жоғары төрт елді мекеннің бас жоспарын дайындау үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлуге сұраныс берілді. Қаржы мәселесі шешілгенге дейін қолдану үшін осы елді мекендердің даму жоспары бөлім тарапынан дайындалуда (негіз ретінде спутниктік түсірілім қолданылды) ;
-
халық саны бес мыңға дейінгі және оның саны үш мыңға дейінгі елді мекендерге бас жоспардың оңайландырылған нұсқасын дайындауға аудандық бюджеттен қаржы қарастырылуда және осы елді мекендерге даму жоспары дайындалуда;
-
елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру концепциясын дайындау;
-
барлық елді мекендер шекараларына талапқа сай кіре беріс белгілері мен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған құрмет белгілерін (обелиск) қайта жөндеу және жаңадан орнату үшін эскиздік жобалар дайындалып, демеушілік есебінен қаржы қарастырылуда;
-
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының аудандық және базалық жүйесін жасау үшін және дамыту үшін Леңгер қаласына облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы арқылы облыстық бюджеттен қаржы сұралуда. Бөлім тарапынан қажетті алғашқы мәліметтер жинақталып жатыр.
- Елді мекендердің кіре беріс шекараларына арка орнату және пайдаланудағы аркаларды қайта жабдықтау бойынша жобалар дайындау
- Орталық көшелерді біріңғай типті стильге келтіру, көркейту-көгалдандыру жобаларын жасап, кіші сәулетті кескіндер
(МАФ) орнату үшін қаржы қарастыру
- Қаланың І-мөлтек ауданында және елді мекендерде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбетін бүгінгі
уақыт талабына сай әрлеу. (қаржы қарастыру)
Орталық көше бойындағы панолар мен бильбордтарды қайта жабдықтау бойынша жобалар дайындап, қаржы қарастыру
Қаржылық-бюджеттік сала
2013-2015 жылдарға арналған түсімдер болжамы және салық саясаты
Аудан бюджетінің кірістері жаңа Салық кодексін ескере отырып, макроэкономикалық көрсеткіштердің орта мерзімді жоспар негізінде анықталды.
Кірістердің есептерінде мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің айлық жалақылары 2010 жылы 25 пайызға, 2011 жылы 30 пайызға өсуі ескерілді.
Бюджет саясаты азаматтардың әл-ауқатының және әлеуметтiк қорғалуының жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге, жаңа индустриялық-инновациялық даму орталығы ретiнде ауданның ықтимал мүмкiндiктерiн iске асыруға бағытталады.
Шешу жолдары:
-
2013-2015 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыруға бағыттау;
-
Орта мерзімді кезеңдегі шығындар саясаты әлеуметтік-экономикалық саясаттың неғұрлым басым бағыттарын іске асыруға, әрбір мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлау сапасын көтеруге және нәтижесіз шығындарды қысқарту арқылы бюджет шығыстарының тиімділігін арттыруға, олардың түпкі нәтижеге қол жеткізілуіне бағытталуы керек;
Күтілетін нәтижелер:
- «2013-2015 жылдарға Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы бойынша бюджетке жалпы сомасы 2 млрд,теңге қосымша салықтардың түсімі күтіліп отыр. Оның ішінде;
- 2013-2015 жылдарға ауыл шаруашылық дамуына көзделген барлық жобаларды іске асыру есебінен бюджетке жалпы сомасы 150 млн.теңге қосымша салықтардың түсімі күтіліп отыр;
- Өнеркәсіптік жобаларын іске асыру есебінен 116,2 млн.теңге қосымша салықтардың түсімі күтіліп отыр;
- «Жол картасы 2020 » аясында атқарылатын жұмыстар бойынша 18,1 млн.теңге қосымша салықтардың түсімі күтіліп отыр;
3. Күтілетін нәтижелер.
Белгіленген іс-әрекеттер стратегиясын іске асыру ауданның шикізаттық ресурстарды экспорттаушы ғана емес, сондай-ақ ең алдымен жоғары технологиялық тауарларды жеткізуге және кең спектрлі сервистік қызметтер (сауда-логистикалық, көлік-ақпараттық, қаржы, білім беру және т.б.) көрсетуге бағытталған орнықты экономикалық жүйе ретінде де орын алу мүмкіндігін береді.
Ауданның дамуы үшін жаңа резервтер іздестіруге және пайдалануға бағытталған стратегия:
- экономикалық үдерістерге экономика субъектілерінің кең ауқымын тартуға, солайша өңірдің бүкіл экономикалық белсенді тұрғындарын кәсіпкерлікті дамытуға ынталандыруға, ауданның орнықты қоғамдық дамуының негізі ретінде орта класты қалыптастыруға;
Кластерлік бастамаларды іске асыру өңірдің экономикасын әртараптандыруға, олардың ірі өңір құрушы компаниялардың жұмыс істеуіне тәуелділігін жоюға мүмкіндік береді, шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекеге қабілетті секторын қалыптастырады.
Инфрақұрылымдық нысандарды салуда және пайдалануда мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін іске асыру, жалпы экономикалық әсерге қол жеткізумен қатар, шағын және орта кәсіпкерлік үшін жаңа қызмет салаларын құруды ынталандырады.
Көлік-коммуникация жүйесі ішкі жүктердің транзиті мен ірі тауар өндірушілердің шикізатын тасуды ғана емес, өңірлік көлемдегі экономикалық белсенді аймақтарында тиімді дамып келе жатқан негізгі көлік коммуникациялары бойында орналаса отырып, ауданның және оның ауылдарының Республикалық ішкі рыноктарға кірігуін қамтамасыз етеді.
Тіршілікті қамтамасыз етуші және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы адам капиталының сапалы дамуын қамтамасыз етеді және барлық рынок субъектілерінің экономикалық қызмет жүргізуі үшін жағымды жағдайлар жасайды.
Экономикалық әлеует және тұрғындар экономикалық перспективасы бар және өмір тіршілігіне жағымды өңірлерде шоғырлана отырып, облыстың бүкіл аумақтық кеңістігінің ұтымды игерілуі және жайластырылуы қамтамасыз етілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: