Электр желілер қағидалары



жүктеу 1.69 Mb.
бет1/9
Дата09.06.2016
өлшемі1.69 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9





Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2012 жылғы «___» ___________

№ ____ қаулысымен

бекітілген





Электр желілер қағидалары
1-Бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Электр желілік қағида (бұдан әрі – Қағида) 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы «Электр энергетикасы туралы» Заңының 4 бабының 23) тармақшасына сәйкес әзірленді.

2. Осы қағида Қазақстан Республикасының электр желiлерiне кiру шарттарын, электр энергиясының коммерциялық есепке алынуын ұйымдастыру, ұлттық электр желінің жұмысын басқару, электр желілердің дамуын жоспарлаудың тәртібін реттейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) SCADA «Диспетчерлiк бақылау мен деректерді жинау жүйесi» - нақты уақыт режимiнде жұмыс iстейтiн электр энергиясын бақылау мен мониторингiлеу үшiн пайдаланылатын компьютерлiк жүйе;

2) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі - энергия объектілерінде электр энергиясын есепке алудың өлшеу кешендері орнатылған, электр энергиясының мәнін автоматты түрде анықтау үшін есепке алу нүктелері арқылы жылжитын өлшеу нәтижелерін жинайтын, беретін және өңдейтін тиісті жабдықпен біріктірілген техникалық құралдар кешені;

4) қуаттың автоматты реттеуіші (бұдан әрі - ҚАР) -  жүйелік оператордың беретін сигналдарына жауап ретінде өндіруші энергия қондырғысының шығыстық қуатын автоматты түрде реттейтін құрылғы;

3) активті электр қуаты - электромагниттік энергияның басқа нысандарға (жылу, механикалық, жарықтық және тағы сол сияқты) түрлену жылдамдығын сипаттайтын айнымалы ток қуатының мәні кезеңіндегі орташа мөлшер;

5) электр энергиясы көтерме сауда нарығының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесі деректерінің базасы - коммерциялық есеп алу тізілімінен тұратын деректер мен жүйелік оператор қызмет көрсететін және басқаратын коммерциялық есепке алу деректерінің базасы;

6) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматты жүйесінің иесі - теңгерiмiнде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың кешені бар, оны пайдаланатын және оған жауап беретiн электр энергиясыныың көтерме нарығының субъектісі;

7) электр энергиясын коммерциялық есепке алу кешенінің иесі - теңгерiмiнде электр энергиясын коммерциялық есепке алу кешені бар, оны пайдаланатын және оған жауап беретiн электр энергиясыныың көтерме нарығының субъектісі;

8) қайталама реттеу - өндіруді қалыпты немесе авариядан кейінгі режимдерде автоматты түрде немесе қолмен баяу өзгерту (30 секундтан астам);

9) жоғары кернеу - 1000 вольттан басталатын және одан жоғары кернеу;

10) өндіруші қондырғы - электр энергиясын өндіретін құрылғы;

11) жүйені токтан толық ажыратылған күйінен іске қосуға арналған өндіруші қондырғы – іске қосылуы мүмкін және/немесе электрмен жабдықтаудың әдеттегі сыртқы көздерінсіз жұмыс істейтін және толық ажыратылғаннан кейін энергия жүйесіне қоректендруді беруге қабілетті өндіруші қондырғы;

12) мемстандарт – стандарттау мен сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаратын мемлекеттік орган;

13) мемэнергобақылау – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергетикасы секторында қадағалау және бақылау міндеттерін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау жөніндегі комитеті;

14) жоспарлы ажыратулар кестесі – тиісті тараптармен келісілген, алдағы күнтізбелік жылға жоспарлы жеткізуді және/немесе өндіруді және тұтынушыларды ажыратуды олардың басталатын және аяқталатын уақытын және тағы басқаларды қоса алғанда, қамтитын жоспар-кесте;

15) жүйелік сынақты өткізу кестесі – тиісті жауапты субъекті жасап шығаратын коммерциялық есепке алу кешенін немесе кез келген жабдықты немесе қондырғыны тұрақты түрде сынау кестесі;

16) коммерциялық есепке алу деректері – коммерциялық есепке алу кешендерінен алынған деректер және/немесе коммерциялық есептеулерді жүргізу үшін қолданылатын өңделген деректер;

17) электр желілеріне кіру шарттары (бұдан әрі - ЭЖКШ) – электр желілеріне қосылу шарттары келісілетін электр желілік компания мен пайдаланушы арасындағы екіжақты шарт;

18) қосарлы электр жекізу желілері – қолданыстағы электр жеткізу желілерімен қатарлас қосылатын жаңа электр жеткізу желілері, солар арқылы электр энергиясы мен қуатын оның нормаланатын сапасымен және сенімділік дәрежесімен бірге, нарық субъектілерінің тиісті санаттылығы бойынша жеткізу жүзеге асырылады;

      19) қосалқы қызметтерді көрсету шарты – жүйелік оператор мен пайдаланушылардың арасында қосалқы қызметтерді көрсетуге жасалған шарт;

20) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесі - Қазақстан Республикасының тұтынушыларын сенiмдi және сапалы энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететiн электр станцияларының, электр жеткізу желiлерi мен шағын станциялардың жиынтығы;

21) «нөлдіктен бұрылу» - энергиямен жабдықтаудың сыртқы көзi болмаған кезде энергия жүйесi жұмысының режимiн толық немесе iшiнара iстен шыққаннан кейiн қалпына келтiру процесi;

22) өндiрiсті дамытудың көрсеткіштік жоспары - ҚР БЭЖ-нiң алдағы он жыл iшiнде келешектегі дамуын сипаттайтын, жоспарлы сұранысты, пайдаланудан шығару мен өндiрiстің дамуын ескеретiн жоспар;

23) жүйелiк аварияларды болдырмау және оларды жою нұсқаулығы - жүйелiк оператор жүйелі түрде жасайтын және жаңартып отыратын нұсқаулық және онда жүйелiк авария туындаған кезде ҚР БЭЖ-нiң сенiмдi және тұрақты жұмыс істеуін қысқа мерзiм iшiнде қамтамасыз ету үшiн жүйелiк оператор жүзеге асыратын iс-шаралардың егжей-тегжейлi сипаттамасы берiледi;

24) коммерциялық есепке алу кешенiнiң бірдейлендірілген коды (БК) - әрбiр коммерциялық есепке алу кешенi үшiн 18 белгіден тұратын бiр мәнмен анықталатын он сандық код;

25) коммерциялық есепке алу – шарттар бойынша нарық субъектілері арасында өзара есеп айырысуға қажетті электр энергиясын есепке алу;

26) коммерциялық есепке алу кешенi - коммерциялық есепке алуды жүргiзуге қажеттi, коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесi мен ақпаратты жинау құрылғысына қосу нүктесi арасында орналасқан жабдық;

27) электр жеткiзудiң мемлекетаралық желiлерi - қуаттар мен энергияның мемлекетаралық ағындарын қамтамасыз ететiн электр жеткізу желiлерi;

28) деректерді жинаудың жергiлiктi терминалы - олардың түзетiлгенiн тексеру үшiн немесе коммерциялық деректерді қашықтықтан жинау мүмкiн болмаған жағдайда жергiлiктi жерлерде деректерді жинау мен сақтауға арналған құрылғы;

 29) ең аз өндiру - қалыпты жұмыс режимiн ұстау үшiн өндiрушi қондырғы жұмыс iстеуі тиіс өндiрiлетiн шығыстық қуаттың ең төменгi деңгейi;

 30) ұлттық электр торабы - шағын станциялардың, тарату құрылғыларының, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері мен жекешелендіруге жатпайтын кернеуі 200 кВ және одан жоғары электр станцияларының электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын электр жеткізу желілерінің жиынтығы;

31) төмен кернеу (бұдан әрі - ТК) - 1000 Вольттан төмен кернеу;

32) ҚР БЭЖ-і жұмысының қалыпты режимi - уәкiлеттi орган бекiткен схемаға сәйкес электр желiсiнiң барлық элементтерi жұмыс жағдайында болатын және электр желiсiне қосылған электр энергиясының барлық тұтынушыларын жоспарлы электрмен жабдықтау қамтамасыз етiлетiн ҚР БЭЖ-і жұмысының белгіленген режимi;

33) жабдық пен аппаратура - электрлiк сымдар немесе оның бөлiктерi пайдаланылатын стационарлық немесе жылжымалы жабдық;

 34) бiрiктiрiлген энергия жүйесi (бұдан әрi - БЭЖ) - желілерге қосылған электр желілерінің, электр станциялары мен басқа пайдаланушылардың жиынтықты инфрақұрылымы;

35) жеткiзудiң өткiзу қабiлетiн шектеу – желілік жабдықтың жылу режимiмен және энергия жүйесiнің кернеуi мен жұмыс тұрақтылығын сақтау жөнiндегi шектермен айқындалатын, жеткiзiлетiн электр жеткізу қуатын шектеу;

36) жедел резерв – авариядан кейін жиiлiктiң бастапқы реттелуi мен жиіліктің қайталама реттелуiн алмастыру үшiн қолдағы бар орталықпен келiсiлген қуат резервi;

37) электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығының операторы (бұдан әрi - ЭОСНО) - электр энергиясының спот - сауда-саттығын қоса алғанда, электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын жүзеге асыратын ұйым;

 38) коммерциялық есепке алудың анықталған нүктесi (бұдан әрi - КЕАН) – осы Ереженің 5-бөлiмінде көрсетiлген жалпы дәлдiк талаптары орындалуы тиiс теңгерімдік тиесілікті бөлу шекарасындағы табиғи нүкте (Коммерциялық есепке алу). Көрсетілген коммерциялық есепке алу нүктелерін орналастыру электр желiлiк компаниялар мен желілерді тиісті шарттармен пайдаланушылар арасында келiсiлуі тиіс;

39) электр энергиясының көтерме сауда нарығы (бұдан әрi - ЭКН) - электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнiң арасындағы шарттар негiзiнде жұмыс iстейтiн, электр энергиясын сатып алу-сатуға байланысты қарым-қатынастар жүйесi;

40) коммерциялық есепке алуды ұйымдастырушы – коммерциялық есепке алу кешенін ұсыну сияқты, энергия нарығы субъектiлерiнiң кешенін калибрлеу және оған техникалық қызмет көрсету секiлдi коммерциялық есепке алу жөнiндегi қызметті көрсетуге уәкілеттi жеке немесе заңды тұлға;

      41) қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырушы - қызметкерлердiң жоғары кернеулi электр жабдығында жұмыстардың немесе сынақтардың қауіпсіз жүргiзілуін қамтамасыз ететiн іс-шаралар кешенi;

42) тоқтату - электр қондырғыны немесе жабдықты жоспарлы немесе жоспардан тыс жұмыстан шығару;

43) электр энергиясын коммерциялық есепке алу жөніндегі өлшеу кешенінің иегері немесе жауапты тарап - теңгерiмiнде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың кешені бар, оны пайдаланатын және оған жауап беретiн жеке немесе заңды тұлға;

44) бастапқы реттеу - жиiлiктiң авариялық ауытқулары кезiнде өндiрiлетiн қуаттың еркiн реттелуi режимiнде жұмыс iстейтiн өндiрушi қондырғылардың көмегiмен жүзеге асырылатын электр станцияларындағы турбиналардың айналу жылдамдығын реттеуіштердің тез қимылы (8-12 секунд iшiнде);

45) электр энергиясын жеткiзу - жасалған шарттарға сәйкес электр жеткiзушi ұйымдар көрсететiн электр энергиясын тасымалдау жөнiндегi қызмет;

 46) ауыстырып қосу - ЖО немесе уәкілеттi электр желiлiк компания немесе пайдаланушының нұсқаулығына сай жабдықтың және/немесе аппаратураның коммутациясы;

47) диспетчерлендiру кезеңi - өндiрiс режимiн, электр энергиясы мен қуатын жеткiзу мен тұтынуды бақылау және басқару жүзеге асырылатын тәулiктiк кестеде жоспарланған уақыттың ең төменгi кезеңі;

 48) жүйенi токтан толық ажыратқаннан кейiн iске қосу жоспары - ЖО жүйелi түрде жасайтын және жаңартып отыратын, энергия жүйесi жұмысының толық немесе iшiнара тоқтатылуы жағдайындағы режимiн қалпына келтiру жөнiндегi жоспар;

49) ҰЭТ-тың дамыту жоспары (бұдан әрi - ҰЭТДЖ) – кейінгі бес жылда электр желiлерiн дамытуға арналған барлық маңызды инвестицияларды сипаттайтын жоспар, оған жүктеменiң ұзақ мерзiмдiк болжамдары, жаңа желілердің орналасқан орны мен өткiзу қабiлетi, жабдықты пайдаланудан шығару және т.с.с. кiредi;

50) ұлттық электр торапты дамыту жоспары – қолданыстағы, сол сияқты алдағы бес жылда салынады деп жоспарланып отырған тарату желілеріндегі жүктеменің ұзақ мерзімдік болжамы, жабдықтарды пайдаланудан шығару, жаңа желілердің орналасатын орны мен олардың өткізу қабілеті және тағы сол сияқтылар кіретін жоспар;

51) авариялық жағдайларда iс-шараларды жоспарлау – Электр желiлiк ереженiң бөлiмi, мұнда жүйедегi ірі көлемдегі iстен шығулардың алдын алу және оны реттеу жөнiнде шаралар қабылдауға қатысты әртүрлi тараптардың құқықтары мен мiндеттерi көрсетiлген;

52) өндiрушiнi жоспарлы ажырату - өндiрушi қондырғыны жұмыстан жоспарлы шығару;

53) токтан толық ажырату - энергия жүйесiнiң барлығының немесе бір бөлiгiнiң толық iстен шығуы;

54) электр желілерін пайдалану - электр энергиясын жеткiзетiн электр желілік компаниялардың шарттары жөнiндегi келiсiм, электр энергиясы нарығының кез-келген субъектiсiне өздерiнiң желілерін пайдалану мүмкiндiгiн бередi;

55) электр желілерін пайдалану - электр энергиясын жеткiзетiн және бөлетін электр желілік компаниялардың шарттары жөнiндегi келiсiм, электр энергиясы нарығының кез-келген субъектiсiне өздерiнiң желілерін пайдалану мүмкiндiгiн бередi;

56) желіні пайдаланушы – электр желiлiк компанияның электр желiсiн пайдаланатын электр энергиясы нарығының субъектiсi (заңды және жеке тұлға);

57) авариядан кейiнгi жұмыс режимi - энергия жүйесiнiң (энергия желісінің) зақымданған элементiн авариялық ажыратудан кейiн туындайтын және бірқалыпты жұмыс режимi үшiн көзделген электрмен жабдықтау схемасын қалпына келтiруге дейiн жалғасатын тұрақты режим;

58) тұтынушы - электр және (немесе) жылу энергиясының шарты негiзiнде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

59) техника қауiпсiздiгi жөнiндегi ережелер - осы ережедегідей әрекет ететін жабдықта жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн электр желiлiк компаниялар мен пайдаланушылар үшiн мiндеттi ережелер;

60) қосылуға ұсыныс - пайдаланушының сұрау салуына жауап ретiнде берілген электр желiлiк компанияның ресми ұсынысы;

61) тiкелей көтерме сауда тұтынушысы (құқықты) - Жүйелiк операторда орнатылған жүйелермен олардың бiрдейлендiрiлуiн қамтамасыз ететiн коммерциялық есепке алу, телекоммуникациялар жүйелері бар, сондай-ақ ҰЭТ-ке тiкелей қосылған қосалқы станцияларды қабылдайтын немесе үшiншi жақ арқылы электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын сатып алатын орташа тәулiктiк қуаты кемiнде 1 МВт қуатын тұтынатын заңды немесе жеке тұлға;

      62) ҚР БЭЖ-і қуаттары резервтерінің ПУЛ-ы (бұдан әрi - ПУЛ) - генераторлар немесе электр жеткізу желiлерi кенеттен iстен шыққан жағдайда тұтынушыларды энергиямен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету үшiн электр қуаты резервтерiнiң қажеттi көлемiн, құрылымын жасау және оларды орналастыру мақсатында электр станциялары мен жекелеген көтерме сауда тұтынушылары еркін негізде құрған коммерциялық емес ұйым;


  63) өңiрлiк электр желілері (бұдан әрi - ӨЭЖ) - бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде (облыс), сондай-ақ ҰЭТ пен тұтынушылар арасында электр энергиясын жеткiзудi қамтамасыз ететiн 110 кВ және одан төмен кернеулi электр жеткiзу желiлерi мен қосалқы станциялардың жиынтығы;

64) реактивтi электр энергиясы - электр қондырғыларындағы электромагниттiк өрiстердiң құрылуына жұмсалатын энергия;

65) өңiрлiк электр желiлiк компания - өңiрлiк деңгейде электр желілерін пайдаланатын энергия жеткiзушi ұйым;

66) коммерциялық есепке алу тiзiлiмдемесi – электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешеніне байланысты ақпаратты қамтитын тiзiлiмдеме. Ақпаратқа жабдықтардың түрлерi және техникалық ерекшеліктері, тексеру және калибрлеу жөнiндегi деректер, нақтылы учаскесіне қарайтын деректер кiредi;

67) орнын басу резервi (суықтық резервi) - өндiрушi қондырғының қысқа мерзiмдiк iстен шығуын ауыстыру үшін немесе бастапқы кездегі қалпына келе алмайтын ұзақ уақыт бойы өндiрудiң болмауына байланысты қолдағы бар қуат резервi;

68) коммерциялық есепке алу деректерін жинау - коммерциялық есепке алу деректерін iздестiру, тексеру және өңдеу үдерiсi;

69) қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесi - кернеудi беру, оқшаулау, жерге ұштау және тиiстi құжатты шығару кіретін шаралар жүйесi;
  70) жүйелiк авария - бiртұтас электр энергиясының жұмыс тұрақтылығын жоғалтуына және оны бөлiктерге бөліп жіберуге әкеп соқтырған электр энергетикасы объектiлерi жұмыс режимдерiнiң бұзылуы;

71) жүйелiк сынақ - электр жүйесiн сынау;

72) жүйелiк оператор - орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды, басқа мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен қатарлас жұмыс iстеудi қамтамасыз етудi, энергия жүйесiндегi теңгерiмдi ұстап тұруды, жүйелік қызмeттep көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектiлерiнен қосалқы көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желiсi бойынша берудi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалану әзiрлiгiнде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұйым;

74) оқиға - аварияларды, зақымдануларды, iстен шығуларды және тағы басқаларды қоса алғанда, энергия жүйесiндегі кез-келген жоспарланбаған (немесе болжанылмаған) оқиға;

75) жүйелiк мағынадағы оқиға - бiр тараптың энергия жүйесiнде болған және/немесе басқа тараптың энергия жүйесi үшiн елеулi және/немесе ұзаққа созылатын зардабын тигiзуi мүмкiн оқиға;

76) қосылым – электр желiлiк компаниялардың электр желілерін және/немесе пайдаланушыларды бiрiктiру;

77) электр энергиясы көтерме сауда нарығының субъектiлерi - энергия өндiрушi, энергия жеткізуші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, электр энергиясын тұтынушылар, жүйелiк оператор, электр энергиясымен орталықтандырылған сауда жүргiзу операторы;

78) тарап - Қазақстан Республикасының электр энергетикалық саласындағы жұмысқа қатысатын тұлға немесе ұйым;

79) коммерциялық есепке алу санауышы - электр энергиясын өндiру, жеткiзу мен тұтыну кезiнде электр энергиясын өлшеу мен есепке алуға арналған құрылғы;

80) электр энергиясын өндiру-тұтынудың тәулiктiк кестесi - электр энергиясын орталықсыздандырылған сатып алу-сату және электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарықтарындағы көтерме сауда нарығына қатысушылар жасасқан электр энергиясын сатып алу-сату шарттарына сәйкес әрбiр күнтiзбелiк тәулiкте электр энергиясын өндiру мен тұтынудың сағат сайынғы шамаларын регламенттейтін жүйелік оператор бекiткен құжат;

81) телекоммуникациялық желi - бiр ақпараттық жүйенiң құрылғылары арасында және ақпараттық жүйелер арасында ақпаратты берудi қамтамасыз ететiн жабдық пен байланыс арналары;

82) техникалық диспетчерлендiру - жүйелiк оператордың Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнде электр энергиясын өндiру мен тұтыну режимдерiн орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыру жөнiнде көрсететiн қызметі;

83) қосылым нүктесi – электр желiлiк компаниялар мен пайдаланушылар арасында орнатылған энергиямен жабдықтаудың келiсiлген нүктесi;
  84) электр станцияның жеке мұқтаждарына арналған трансформатор - электр станцияның жеке мұқтаж жабдығын энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ететiн трансформатор;

85) аварияға қарсы автоматикаға басқару әсері - АҚ-ға жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында АҚ сигналы бойынша жабдықтарға автоматы түрде әсер ету (жабдықтарды ажырату-қосу, жабдықтарды жүктеу-жүгiн түсiру және тағы басқалар);

86) деректерді жинау және беру құрылғысы - коммерциялық есепке алу деректерін жинайтын, сақтайтын және беретін жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз ету;

87)  коммерциялық есепке алудың нақты нүктесi (бұдан әрi - КЕНН) - электр энергиясының мөлшерiн есептейтiн нүкте;

89) орталықтандырылған оралымды-диспетчерлiк басқару - жүйелiк оператор жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесi сенiмдiлiгiнiң нормативтiк деңгейiн және электр энергиясының нормативтiк сапасының сақталуын қамтамасыз ететiн энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылардың техникалық келiсiлген жұмысын үздiксiз басқару процесi;

90) жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы (ЖО ҰДО) - жүйелiк оператордың құрылымына кіретін кiретiн, Қазақстан БЭЖ-нiң жедел басқарылуы үшiн электр энергиясын теңгерімдеу мен оның сапасын қамтамасыз етудi қоса алғанда, жауап беретiн бөлiмше;

91) пайдалану - энергия жүйенi пайдалануға қатысты жоспарланған қызмет;

92) электр желiлерi - электр энергиясын жеткiзуге арналған қосалқы станциялардың, тарату құрылғылары мен оларды қосатын электр жеткізу желiлерiнiң жиынтығы;

93) электр станциялары - электр энергиясын өндiруге арналған, құрамында құрылыс бөлiгi, энергияны түрлендiретін жабдық пен қажеттi қосалқы жабдығы бар энергия қондырғылар;

 94) электр желiлiк компания - электр желiлерiн басқару немесе меншiк құқығымен басқаратын және пайдаланатын заңды тұлға;

95) электр желiлiк ереже (бұдан әрi - ЭЖЕ) - осы Ереже;

96) жүйенi токтан толық ажыраған күйiнен iске қосуға арналған электр станциялары - жүйенi токтан толық ажыраған күйiнен iске қосуға арналған бiр немесе бiрнеше өндiрушi қондырғылары бар электр станциясы;

97) өздiгiнен iске қосылатын электр станциялары - бiр немесе бiрнеше өндiрушi қондырғылардың айналу жиiлiгiн синхрондық айналу жиiлiгiне дейiн көтеру және желiде энергиямен жабдықтау болмаған кезде электр желiсiн қоректендiрудi қамтамасыз ету мүмкiндiгiне ие электр станциялар. Бұл техникалық мүмкiндiктер жеке мұқтажы үшiн энергиямен жабдықтау көздерiмен немесе энергиямен жабдықтаудың сыртқы көзiмен жасасқан келiсiмге сәйкес қамтыла алады;

98) электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешені - өлшеу техникалары құралдарының (ток пен кернеу трансформаторларының ірі көлемдегі өлшеу түрлендіргіштері), автоматты өлшеу құралдарының – электр энергиясы санауыштарының) және техникалық және нормативтік құжаттамаға сәйкес байланыс желілері арасында (қайталама тізбектер) жалғанған (кернеуі 0,4 кВ электр желілерінде) және коммерциялық мақсаттарда электр энергиясының мәні мен есепке алу нүктесіндегі басқа электр шамаларын өлшеуге арналған өлшеу сигналы өтетін үздіксіз жолды құрайтын коммутациялық апараттардың жиынтығы;

99) энергия өндiрушi ұйым – жеке мұқтаждарына және (немесе) сату үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндiрудi, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ұйым; 

2. Осы қағидаға сәйкес іске асырылады:

1) электр желiлерi мен тұтастай алғанда, Қазақстан БЭЖ-нiң дамуын жоспарлау;
      2) электр желiлерiне кiру шарттары;

3) Қазақстан БЭЖ-нiң жұмысын басқару;

4) электр энергиясының коммерциялық есепке алынуын ұйымдастыру;

5) өңірлік электр желісінің қызметтері.


3. ЭЖЕ оның әралуан пайдаланушылар арасындағы қатынастарды реттейді. Бұл ретте олар электр желілік компаниялардың ішкі қызметін реттейтін ережелерді қамтымайды.

4. Осы ЭЖЕ-ны орындайтын негізгі субъектілері электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарықтарының субъектілері болып табылады.

 
2-Бөлім. Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйенi дамыту


2.1. Электр желiсiн жоспарлау
     30. Электр желiсiн жобалау мен жоспарлау сенiмдiлiк пен сапа жөнiндегi нормативтiк құжаттарда баяндалған "N-1" өлшемiне сәйкес iске асырылады. Жекелеген жағдайларда "N-2" өлшемi қолданылуы тиiс. 
      "N-1" өлшемi көп элементтi топтың кез келген iрi көлемдегі элементi ажыратылған жағдайда жүйе өндiрiстiк және жүктеме жөнiндегi талаптарға сәйкес қалпына келуге қабiлеттi болуға тиiс екендiгiн бiлдiредi. 
      "N-2" өлшемi көп элементтiк топтың екi элементi iстен шыққан кезде жүйе өндiрiстiк және жүктеме жөнiндегi талаптарға сәйкес қалпына келуге қабiлеттi болуға тиiс екендiгiн бiлдiредi. 

      31. Жоспарлау өлшемдерiн әзірлеу кезiнде ЖО пайдаланатын жүйенің сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралары мыналарды ескеруi тиiс: 


      1) бiрде бiр пайдалану шарттарында ҚР БЭЖ-нiң жұмысынан кернеуi 500кВ немесе 1150кВ ЭЖЖ-нiң немесе кез келген басқа элементтiң (ЭЖЖ, трансформатор, энергия қондырғысы жәнет.с.с.) ажыратылуы көршiлес учаскелердің жұмысына шектеулер енгiзбейдi және жүктеменiң көп мөлшерде ысырап болуына әкеп соқпайды

      2) осы тармақтың 1)-тармақшасында көрсетiлген шарт кезiнде бiр элементтiң түсiп қалуы салдарынан энергия жеткiзу жүйесiнiң жұмысын тоқтату қажет болмайды. Алайда, сенiмдiлiк пен тұрақтылық жөнiндегi талаптарға сәйкес келуі үшiн жүйенiң кескiнiн қысқа мерзімде қайта құру немесе өзгерту қажет. Жүйе іске араласқан уақытта кез келген басқа элементтiң түсiп қалуы жүйе жұмысының үздiксiздiгi мен тұтынушылардың энергия жабдығына қауiп төндiруi мүмкiн;

      3) қос тiзбектi ЭЖЖ-мен (қос тiзбектерден басқа 500кВ немесе 1150кВ ЭЖЖ) екi схема мен шиналардың жұмыс үдерісінен бiр мезгiлде түсiп қалуы сияқты елеулі тоқтатуларға арналған жұмыстың сенімділігін қамтамасыз етудiң әртүрлi құралдары болуы мүмкiн. Осындай құралдарды таңдау техникалық және экономикалық факторларға салыстырмалы түрде талдау жасау нәтижелерiне тәуелдi болады, олар мыналар:

      осы оқиға түрінің ықтималдығы;

      осындай оқиғаның салдарлары;

      кез келген өзгерiссiз шешiмдi орындау шығындары;

     кез келген оқиғаның таралуын болдырмау жөнiндегi қорғаныс шараларының құны.

      32. Өңiрлiк электр желiлерiн жоспарлы дамытуды тиiстi электр желiлiк компаниялар жүзеге асырады.


2-параграф. Пайдаланушылар туралы деректер

33. ҰЭТ-ты дамыту жоспары (бұдан әрі - ҰЭТДЖ) ҰЭТ-тың схемаларын нақтылы және болжамдық өзгертуді сипаттайтын құжат болып табылады.

34. ЖО ҰЭТДЖ БЭЖ жұмысының сенімділігін қамтамасыз ету және тұтынушыларды қажетті мөлшерде және талап етілетін сапада электр энергиясымен үздіксіз жабдықтау мақсатында электр станциялардың, электр желілердің дамуын айқындайтын электр энергетикалық саланы дамыту жөніндегі құжаттарды ескере отырып дайындайды.

35. ҰЭТДЖ ЖО интернет ресурстарында ашық қатынаста орналастырылады.

36. ҰЭТДЖ мынадай ақпаратты қамтиды:

1) ҰЭТ-тың ағымдағы жай-күйі;

2) ҰЭТ-ты дамыту перспективасы;

3) ҰЭТ-тың қолданыстағы схемасы;

4) ҰЭТ-тың перспективалық схемасы.

37. Егер, қандай да болмасын пайдаланушының пікірі бойынша ҰЭТДЖ-де оның нақтылы қажеттіліктері туралы толық жеткілікті ақпарат қамтылмаған болса, онда осы пайдаланушы ЖО-дан қолданыстағы заңнамаға сәйкес қосымша ақпаратты сұратып алады.

38. ЖО-ның ӨИДЖ мен ҰЭТДЖ-ны дайындауы кезінде әрбір пайдаланушы ЖО-ға осы Ережеде көрсетілген стандартты және толық жоспарлы деректерді береді. Осы деректер жыл сайын беріледі және алдағы он жылдың әрбір жылын қамтитын болады. Егер берілетін деректер өзгермеген болса, пайдаланушы оларды қайталап берудің орына бұл туралы жазбаша түрде хабарлай алады.

Жалғанымға арналған өтінімнің орындалуына көмек көрсету үшiн - әрбiр пайдаланушы 43-49-тармақтарға сай стандарттық жоспарлы деректер мен жалғанымға арналған өтініммен бірге 50-51-тармақтарға сай алдын ала болжамдық деректерді бередi. Өтінім қабылданған күннен бастап екi ай өткеннен кейін 46-48-тармақтарға сәйкес жан-жақты жоспарлау деректері берiлуi тиiс. 

      39. Пайдаланушының толық жүктемесi және активтi энергия жөнiндегi деректері.  Электр желiсiне тiкелей қосыла отырып, электр станциялардың жеке тұтыну мұқтаждарының шамасы туралы деректер 47-тармаққа сай әрбір ЭӨҰ-ге беріледі.

      Барлық пайдаланушылар ЖО-ға энергия тұтыну (активтi және реактивтi қуатты) және олардың жүйесiнiң жұмыс істеуіне қажеттi (барлық жалғаным нүктелерiн қоса алғанда) активтiк энергия мөлшерi туралы деректерді бередi. Әрбiр пайдаланушы энергияны тұтынуға деген жеке қажеттiлiктерi мен активтiк энергияға деген болжамдық қажеттiлiктерiн анықтау барысында энергияны тұтынудың басқа пайдаланушылармен қосарланып кетпеуін болдырмауы тиiс. 

      40. Жалғаным нүктесінде энергияны тұтынудың мынадай параметрлерін анықтау үшін болжанылып отырған энергияны тұтынуы (активтi қуаты) және жалғанымның әрбiр нүктесiндегi қуат коэффициентi туралы деректер қажет: 

      1) БЭЖ-нiң жұмысына айтарлықтай әсер ете алатын жалғаным нүктесiндегi энергияны (активтi қуатты) барынша көп тұтыну;

      2) ЖО белгiлеген электр желісіндегі ең жоғары жүктеме уақытындағы тұтыну; 
      3) ЖО белгiлеген электр желісіндегі ең аз жүктеме уақытындағы тұтыну. 
      Жоғарыда көрсетiлген электр энергиясын тұтыну туралы барлық болжамдық деректер әрбiр жалғаным нүктесiне жатқызылуы және келесi форматқа ие болуы тиiс: 

      1) электр желiсiне шиналармен жалғанған, қалыпты жағдайда жекелеген секциялармен жұмыс iстемейтiн пайдаланушы жүйесiнiң электр энергиясын тұтыну туралы деректері;

      2) электр желiсiне шиналармен жалғанған, жекелеген секциялармен жұмыс істеп тұрған немесе жұмыс iстейтiн пайдаланушы жүйесiнiң электр энергиясын тұтыну туралы жекелеген деректері.

      Электр энергиясын болжамдық тұтыну туралы жоғарыда көрсетiлген барлық деректер былайша берiледi: 

      барлық энергия қондырғылары өндірісінің профилін (кестесiн) ескере отырып бөлек; 

орташаланған ауа райы жағдайлары негiзiнде.

      ЖО-ның бiр жыл iшiндегi әртүрлi уақыт аралығында әралуан жүктеменiң (электр энергиясын тұтынудың) электр желiсiне әсерiн бағалауы үшiн әрбiр пайдаланушы энергияны болжамдық тұтыну туралы қосымша деректерді бередi. ЖО-ның осындай қосымша деректерді күнтiзбелiк жылда бiр рет қана сұратуға құқығы бар. 

41. Энергияны тұтыну туралы жалпы деректер.

      ЖО мынадай сипаттағы ақпаратты сұратуға құқылы: 

      1) сипаттамасы жүктемелердiң стандарттық үлгiлерiнен елеулi түрде ерекшеленетiн әрбiр жеке жүктеме туралы егжей-тегжейлi деректер; 

      2) энергияны тұтынудың (активтi және реактивтi қуаттың) ең жоғары жүктеме кезінде электр желiсiндегi кернеу мен жиiлiк өзгерiсiне тәуелдiлiгi; 
      3) пайдаланушының жүктемесi желiсіне енгiзілетін фазалар бойынша кернеулердiң орташа және барынша көп симметриясыздығы; 

      4) пайдаланушының жүктемесi желiсіне енгiзілетін үйлесімдердің барынша жоғары мазмұны; 

      5) жалғаным нүктелерiнде 1 Мегаваттан (МВт) астам энергияны тұтыну барысында өзгерiстерді туындататын барлық жүктемелер туралы егжей-тегжейлі деректер. 

      42. Әрбiр ЭЖҰ жыл сайын ЖО-ға әрбiр жекелеген электр станциясы бойынша мынадай ағымдағы және болжамдық деректерді бередi: 


      1) өндiрушi жабдықтың саны мен жабдық үлгiсi; 

      2) номиналды (белгiленген) қуат, мегаваттпен;

     3) қыспақтардағы номиналды кернеу (кВ); 

4) номиналды қуат коэффициентi; 

5) жыл айлары болжанылатын бойынша қуат, мегаваттпен; 

  6) жыл айлары болжанылатын бойынша қуатты шектеу себептері,

олардың ажыратпаларымен, мегаваттпен;

7) өндiрушi жабдықтың технологиялық минимумы, мегаваттпен; 

      8) өндiрушi жабдықтың технологиялық максимумы, мегаваттпен; 

      9) энергия қондырғының статор қыспақтарындағы генератордың жұмыс схемасы; 


      10) әрбiр электр станциясындағы көзделген жұмыс режимі (базалық, орташа немесе ең жоғары жүктеме немесе резервтiк қондырғы) және энергия қондырғының үлгiсi, атап айтқанда бу, газ, гидро турбинасы және т.б.; 
      11) электр желiсiне тiкелей жалғанған жекелеген энергия қондырғылар үшiн активтi қуатты өндiрудiң болжамдық кестесi. Әрбiр жалғаным, жұмыс күнi iшiндегi энергияны қалыпты тұтыну нүктесiнде, сондай-ақ жылдың әрбiр айы үшiн жалғаным нүктесiнде сенбі және жексенбі күндері үшiн барынша көп және ең аз энергия тұтыну туралы деректерді беру қажет
      энергия қондырғының сыртқы қоректендiру көзiне жалғанбай жұмыс iстеу мүмкiндiгi туралы егжей-тегжейлi ақпарат, сондай-ақ осы мүмкiндiктiң кез келген өзгерiстерi туралы ақпарат. 

      43. Әрбiр өндiрушi бойынша мынадай деректер беру қажет: 


      1) әрбiр генератордың номиналды қуаты, МVаr және мегаватт, бойлық осі бойынша ауыспалы кедергi, қысқа тұйықтамалы ротор, тұрақты инерция; 
2) арттырушы трансформатордың номиналды қуаты, МВА (Мегавольт-Ампер) және тiкелей дәйектемедегi реактивтi кедергi (тармақтанудағы макс/мин);

3) қоздырғыштың (айналмалы не тұрақты) үлгiсi және санаты туралы толық мәлiметтер.

      44. Электр желiсiне жалғаным нүктесi арқылы тiкелей жалғанатын әрбiр пайдаланушы жыл сайын ЖО-ға жалғаным учаскесіндегі өз жүйесi туралы мынадай мәлiметтердi беруге мiндеттi:

      1) пайдаланушы жүйесiн орналастыру схемасы, бiрсызықтық схема, оған мыналар кiредi:

      шиналардың орналасуы;

электр схемасының құрастырма бөлігі (әуелiк ЭЖЖ, жерасты кабелi, трансформаторлар және т.б.);

     фазалар схемасы;

     жерлендiру схемасы;

      ауыстырып қосқыш құрылғылар;

      жұмыс кернеуi;

      құрылғылардың нөмiрлерi және номенклатура;

      2) әрбiр пайдаланушы өзiнiң бастапқы кернеу жүйесiнiң қалыпты жиiлiгі кезiндегi баламалы ортақ өткiзгiштiгi туралы деректерді табыс етедi. Бұған әдетте бөлек жұмыс iстемейтiн кабелдерге жалғанған шунттық реакторлар кiредi;

3) реактивтi қуаттың қарымталау қондырғылары: 

қарымта үлгiсi (тiркелген немесе айнымалы);

      сыйымдылықты және/немесе индуктивтiк номиналдық мән немесе жұмыс режимі, Мvаr;

      жұмыс сипаттамаларын анықтау үшiн кез келген автоматтандырылған басқарым туралы егжей-тегжейлi ақпарат;

      пайдаланушы жүйесiне жалғану нүктесi - электрлiк орналасу және желiлiк кернеу;

      4) электр желiсiне қысқа тұйықталу (ҚТ) токтарының әсерi;

      зақымдану уақытындағы симметриялық үш фазалық қысқа тұйықталу (ҚТ) тогымен қоректендiру;

      зақымданудың асқын ауыспалы тогының елеулi нашарлауынан кейінгі


симметриялық үш фазалық ҚТ тогы;

жалғаным нүктесiндегi жоғарыда көрсетiлген барынша көп қоректендiрудi ескере отырып, пайдаланушы жүйесiндегi қорек көзiнiң нөлдiк дәйектiлiгінің iшкi кедергi мәндерi;

      ҚТ токтарының ең жоғары мәндерi есептелген, ҚТ туындағанға дейiнгi кернеу мәнi;

керi дәйектiлiктегi кедергi мен жалғаным нүктесiнiң пайдаланушы жүйесiндегi кедергi мәнi. 

45. Таратушы құрылғылар туралы деректер алу үшiн жалғаным 
нүктелерiмен байланысты, электр станцияларындағы таратушы құрылғыларды қоса алғанда, барлық схемалардағы (автоматты ажыратқыштар, айырғыштар мен өшiру құрылғылары) мынадай ақпаратты беру қажет:


  1. номиналды кернеу;

  2. жұмыс кернеуi;

  3. номиналды ажыратқыш 3 фазалы ҚТ тогы (кА);

  4. номиналды ажыратқыш 1 фазалы ҚТ тогы (кА);

  5. номиналды ажыратқыш 3 фазалы жүктеме тогы (кА);

  6. номиналды ажыратқыш 1 фазалы жүктеме тогы (кА);

  7. номиналды екпінді 3 фазалы қосу тогы (кА);

  8. номиналды екпінді 1 фазалы қосу тогы (кА). 

  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет