Есеп айрысу балансы – елдің шетелге қатысты талаптары мен міндеттемелері. - Есеп айрысу балансы – елдің шетелге қатысты талаптары мен міндеттемелері.
- Мұндай талаптар мен міндеттемелерге мемлекеттік (алтын-валюта және басқа да) және жәке активтер, тікелей инвестициялар, алынған және берілген несиелер , қаржы және қаржы емес корпорациялардың міндеттемелері жатады. Төлем балансынан бір айырмашылығы есеп айрысу балансында басқа елдерге қатысты төлем жасалмаған барлық талаптар мен міндеттемелер қамтылады.
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1-жартыжылдықтағы төлем балансы Төлем балансын бағалау бойынша ағымдағы операциялар шотының профициті 2010 жылғы 1-жартыжылдықпен салыстырғанда 53,4% ұлғая отырып, 2011 жылғы 1-жартыжылдықта 7,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Ағымдағы операциялар балансының айтарлықтай жақсаруы тауар экспорты құнының энергия тасымалдауыштардың әлемдік бағаларының қолайлы конъюнктурасына байланысты өсуімен қамтамасыз етілді. Орташа алғанда 2011 жылғы 1-жартыжылдықта Brent сұрыпты мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 111,0 АҚШ долл. құрады, бұл оның 2010 жылғы 1-жартыжылдықтағы орташа деңгейден (бір баррель үшін 77,67 АҚШ долл.) 42,9% жоғары. Бұл ретте 2011 жылғы 2-тоқсанда мұнайдың әлемдік орташа бағасы 117,1 млрд. АҚШ долл. жетті, бұл оның 2011 жылғы 1-тоқсандағы деңгейнен 11,50%-ға жоғары. Нәтижесінде тауарлар экспорты 2010 жылғы 1-жартыжылдықпен салыстырғанда 37,0% ұлғая отырып, 41,0 млрд. АҚШ долл. құрады. Бұл ретте тауарлардың ресми экспорты 40,5 млрд. АҚШ долл. құрады. Тауарлар импорты да 18,3 млрд. долл. жете отырып, айтарлықтай өсті (36,0%) (2010 жылғы 1-жартыжылдықта 13,4 млрд. АҚШ долл.), оның ішінде ресми импорт 16,2 млрд. АҚШ долл. құрады (2010 жылғы 1-жартыжылдықта 13,0 млрд. АҚШ долл.). Тауарлар импорты да 18,3 млрд. долл. жете отырып, айтарлықтай өсті (36,0%) (2010 жылғы 1-жартыжылдықта 13,4 млрд. АҚШ долл.), оның ішінде ресми импорт 16,2 млрд. АҚШ долл. құрады (2010 жылғы 1-жартыжылдықта 13,0 млрд. АҚШ долл.).
Достарыңызбен бөлісу: |