Halykcoin – валютаның жаңа түрі - Coinmarketcap биржасында 16 желтоқсанда криптовалюта өз тарихындағы максимум бағаға көтерілді. Ол 8,2%-ға өсіп, 19 мың долларға жетті.
- – Әлемдік қаржы құрылымын өзгерту қажеттілігі туып отыр. Халықаралық есеп-айырысудың төлем бірлігін енгізу мәселесін қарастыратын кез келді. Криптовалюта әлемді инфляциядан және сауда қатынастарындағы қателіктерден аулақ болуға көмектеседі. Валюта қарапайым, ашық әрі тұтынушыларға бағынышты болуы керек. Цифрландыру, технологиялардың дамуын ескеретін болсақ, мұндай бірлік криптовалюта түрінде енгізілуі керек, – деген еді Елбасы Астанада өткен X экономикалық форумның пленарлық отырысында. Яғни, халықаралық есептік төлем бірлігін енгізу мәселесін байыппен қарайтын уақыт жетті. Ол әлемді валюталық соғыстардан, алаяқтықтан арылуға, сауда қарым-қатынастарында қателіктерден жалтаруға, нарықтағы құбылмалықты төмендетуге мүмкіндік бермек. Дегенмен, ол валюта қарапайым, ол пайдаланушыға ыңғайлы болуы тиіс.
- Жуырда ғана Қазақстанда блокчейн технологиясының көмегімен жұмыс істейтін халықкоин атты жаңа криптовалюта түрі пайда болды. Ол Halykcoin деп аталады. 15 адамнан құрылған Halykcoin Foundation тобының құрамында бағдарламашылар, крипто-қаржыгерлер және маркетологтар бар. Өздерінің ресми сайындағы мәліметке сәйкес, халықкоин 21 желтоқсаннан бастап өзге валюталармен қатар биржаларда саудаланатын болады. Сондай-ақ, халықкоиндарды шетелде жүріп те иелене аласыз.
- Айта кетсек, Жапония биткойнды ресми валюта ретінде тіркеді. Ресми валюта ретінде мойындайтын жаңа заң да қабылдады. Ал Австрияда әлемдегі алғашқы биткоин-банк ашылыпты.
- Қаржы сарапшыларының айтуынша, бұл валюта түрі Қазақстанның имиджін жақсартып, шетелдік инвесторларға белгілі бір деңгейде сенім ұялатады.
Қорытынды: - Криптовалюта және криптовалюта нарығының соңғы жылдары, әсіресе COVID-19 кезеңінен бері әлемдік деңгейде таныла түскенін байқаймыз. Нақты сандық мысалдармен айтсақ, крипто биржасының көлемі 2013 жылғы 1 миллиард доллардан 2019 жылдың соңында 190 миллиард долларға дейін өссе, 2022 жылы 2 триллион долларға жетті (Coinmarketcap.com, 2022). Екінші жағынан, оның криптовалюталық инвестициялар арқылы көп ақша табу және жоғалту сияқты жағдайларға байланысты күнделікті жаңалықтарда көбірек орын алуы бұл танымды арттыра түсті. Тіпті түрлі экономика арналары кейбір таңдаулы криптовалюталардың бағасын шетел валютасы, алтын және акциялар бағасы туралы күнделікті жаңалықтарына қоса бастады (CNBC, 2022). Біз мұны криптовалюталарға деген қызығушылықтың көрінісі ретінде қарастыра аламыз.
Қолданылған әдебиеттер: - https://www.eurasian-research.org/publication/kuresel-dijital-finansal-ortamda-guncel-gelismeler-kripto-dunyasi-ve-merkez-bankasi-dijital-dovizleri/?lang=mn
- https://qazaqtimes.com/article/27657
- https://egemen.kz/article/309044-kriptoindustriyanynh-keleshegi-bar-ma
- https://www.inform.kz/kz/ulttyk-bank-tolemder-zhane-tolem-zhuyeleri-turaly-zanga-tusinikteme-berdi_a2932628/amp
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |