Балалардың дербес іс-әрекеті
|
«Менің балабақшам»
Суреттер әлеміне саяхат
Қоршаған ортамен таныстыру
|
«Пішіндерді орналастыр және суретін сал» ойыны
Мақсаты: пішіндерді ұяшықтарға түстеріне және көлеміне сәйкес орналастырады. Дөңгелек пішінді мүсіндеу.
Математика негіздері
|
«Өз үйін тап» ойыны
Мақсаты: үлкен – кіші ұғымдары туралы түсінік беру.
Математика негіздері
|
«Өз орнын тап» ойыны
Мақсаты: түстерді тануға үйрету.
|
Балалармен жеке жұмыс
|
Саусақ жаттығуы:
«Қоңырау»
Сыңғырлайды қоңырау,
Сыңғыр-сыңғыр етеді.
Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Аделя, Досжан
|
Көркем әдебиет
«Менің ойыншықтарым»
Өлең жолдарын түсіне отырып, жаттау қабілеттерін жетілдіру. Ойыншықтарды атай отырып сипаттауға, сурет бойынша 2-3 сөзден тұратын қысқа әңгіме құрастыра білуге үйрету.
Арман, Жандос
|
Саусақ жаттығуы:
«Қоянның құлағы»
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Мақсаты: Ұсақ қол моторикасын дамыту.
Жансая, Аяла
|
Сөйлеуді дамыту
«Екі дос» (өлең) Қадыр Мырза Әли
Мақсаты: Құрдастарымен қарым-қатынас жасау ережелерін сақтауға үйрету, ойында және қарым-қатынаста сыпайылық көрсете алуға көмектесу, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Бекзат, Нұркен
|
Саусақ ойыны:
Саусағымда сақина
Санап көрші кәнеки
1,2,3 Бір, екі үш
Демалайық жинап күш.
Айлин, Нұржігіт
|