Топырақтану оқулық


С. А. Захаров бойынша топырақ құрылымының жіктелуі



бет24/140
Дата22.11.2023
өлшемі6.35 Mb.
#484110
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   140
Топырақтану

С. А. Захаров бойынша топырақ құрылымының жіктелуі





Тегі

түрі

мөлшері

сипаттамасы

Тоң кесекті

1-тип. Куб тəрізді

пішіні дұрыс емесе, беті тегіс

ірі тоң кесек ұсақ тон кесек

>10 см
1-10 см

Кесекті

ірі кесекті кесекті ұсақ кесекті шаң тəрізді

3-10мм 1-3 мм 0,25-1мм
<0,25мм

дұрыс емес доғал пішінді, опырылған, беті бұдырлы, қырлары байқалмайды

Жаңғақ тəрізді

ірі жаңғақты жаңғақты ұсақ жаңғақты

>10мм 7-10мм 5-7 мм

дұрыс пішінді, қырлары жақсы білінеді, беті тегіс

Дəнді

ірі түйіршікті түйіршікті ұсақ түйіршікті

3-5мм 1-3мм 1-0,5мм

пішіні сəл дұрыс, кейде домаланған, қырлары жақсы білінеді, беті бірде бұдырлы, бірде тегіс, жылтыр

Бағана тəрізді

2-тип. Призма тəрізді

бөлшектер нашар пішінделген, қырлары түзу емес, қабырғалары дамымаған

ірі баға тəріздес бағана тəріздес ұсақ бағана тəріздес

5см
>3-5см 3-5см
<3см




Бағаналы

ірі бағаналы ұсақ бағаналы

5-3см
<3см

дұрыс пішінді, тік бағытта жақсы жетілген, жəне үстіңгі жағы дөңгелене біткен, астыңғы жағы тегіс

Призмалы

ірі призмалы ұсақ призмалы нəзік призмалы қарындашты (ұзындығы 5 см)

3-5см 1-3см 0,5-1см
0,5см
<1см

қабырғалары жақсы жетілген, тегіс, жылтыр бетті, өткір қырлы.

Тақта- ланған

3-тип. Тақта тəрізді

жетілген қатпарлы, көлденең жымдастығы бар

тақталанған плиткалы пластинкалы жапырақты

>5 мм 3-5мм 1-3мм
<1мм

Қабыр- шақты

жұмыртқа қабыршақты ірі қабыршақты
ұсақ қабыршақты

>3мм 1-3мм
<1мм

мөлшері үлкен емес көлденең жымдастығы, өткір қыры бар

Топырақтың типтеріне тəн өзіндік құрылымы. Мысалы, дəншелі структура қара топыраққа, жаңғақша стуктура орманның сұр топырағына, тақталы жəне жапырақшалы структуралар күлгін топыраққа, бағаналы, ірі призма тəрізді жəне тоң кесекті структура- лар сортаң топырақтарға тəн.


Топырақ құрылымы деп оның тығыздығының жəне қуыстылығының сырт көрінісін атайды. Топырақтың тығыздығы далалық жағдайда өңдеуші (плуг, тырма, культиватор) құралдарға тигізетін қарсы əсерімен анықталады. Топырақ құрылымын бос (пышақ, күрек жеңіл кіреді), тығызданған (аталған құралдар біраз күш салғанда кіреді), тығыз (құралдар күшпен кіреді) құрылымдар деп бөледі.
Топырақтың қуыстылығын қуыстардың мөлшеріне, структура аралық жарықтардың енділігіне қарай анықтайды. Ұсақ қуысты құрылымда қуыстың диаметрі 1 мм-ден кем, қуысты құрылымда қуыстар ірі, тар жарықты құрылымда ол 3 мм-ден артық бо- лады. Тығыз жəне қатты топырақтарда ағаш жəне шөптесін өсімдектердің тамырлары жайылып өсе алмайды. Қаттылығы 60-65 кг/см2, тығыздығы 1,9 г/см3 топыраққа өсімдік тамыры кірмейді. Топырақтың қуыстылығы, аэрациясы, су өткізгіштігі, ауыл шаруашылығы машиналарының тарту күшіне тигізетін қарсы əсері осы тығыздыққа байланысты болады.
Топырақты зерттегенде өсімдік тамырларының тереңдеп жайы- луын да белгілеу керек. Шөптесін өсімдіктердің тамырлары беткі қарашірікті қабаттарды жасайды, ал ағаш өсімдіктері тамырларының гумус жасауда ролінің аз екенін байқаймыз.
Інқазғыш жануарлар (борсық, суыр, саршұнақ, тышқандар, т.б.) топырақтарды араластырумен болады. Бұл қарашірікті қабаттардың қалыңдауын күшейтеді. Бұлар шөбі шүйгін өскен жерлерде көп бо- лып, өз алдына топырақ əртүрліліктерін жасайды. Мысалы, індік қара топырақ осы жолмен түзілген.
Топырақтың қалыптасуында əртүрлі химиялық қосындылар түзіледі. Олар топырақ массасында біркелкі тарайды немесе əртүрлі формалы болып жиналады. Гипергенез (грек тілінде гипер – үстінде, генезис – шығу тегі, яғни – жер бетінде үгілуден шыққан) жəне топырақ түзілу процесінде жасалған сырт пішіні анық, топырақ массасынан жақсы ажыратылатын химиялық қосындыларды жаңа түзінділер дейді. Бұлардан басқа биологиялық текті жаңа түзінділер де болады. Олар зоогендік (капролиттер – құрттар экскременттері, илеу жасағандағы құмырсқалар кесекшелері, құрт жолдары, індер) жəне фитогендік (кесекшелер бетіндегі тамыршалар іздері – ден- дриттер, т.б.) болып бөлінеді.
Жаңа түзінділер – ерітінділерден кристалдану, коллоидтық ерітінділерден гельге түсу, гельдердің қайта кристалдануы, алмасу жəне т.б. процестерінде жасалады. Дегенмен, жаңа түзінділердің жа- салуы топырақ жаратылу процесімен бірге жүретіндіктен биогендік процесс те болып есептеледі. Жаңа түзінділер көмірқышқылды əк, темір жəне марганецтің түйірлері (бобовина), темірдің сары дағы не- месе сызығы, марганецтің қара дағы түрінде болады. Солтүстіктегі темір-марганец жаңа түзінділері орнына оңтүстікке қарай карбонат- ты (СаСО3, MgCO3) жаңа түзінділер басым келеді.
Далалық аймақ топырақтары жаратылуында темір-марганец,
темір-силикат жаңа түзінділері жасалуы тоқтап карбонат- ты жаңа түзінділер, олардың ішінде гипстің ұсақ кристалды тұздары (бір негізге бекіген кристалдары), конкрециялары көптеп жасалады.
Құрғақ даланың қоңыржай климаттық жағдайында гипстік жаңа түзінділерге жұқа қабық жəне жиынтықтар жасайтын суда ерігіш хлоридтер мен сульфаттар қосылады.
Шөлді аймақ гипсті жəне хлоридті-сульфатты жаңа түзінділер ба-
сым келеді. Ыза суы жақын жерлерде олар кристалдар өскіндерін, друздарды, ірі конкрецияларды, пластарды (тақталарды) құрайды.
Карбонаттық жаңа түзінділер зең немесе саңырауқұлақ мицеллийі тəрізді жіпшелер, қопсыған дақтар түзеді де, əктен тұратын «аққөзшелер» жəне карбонаттар мен гипстен тұратың тығыз конкрециялары «журавчиктер» деп аталады. Жаңа түзінділер, негізінен жоғарғы қабаттардан шайылып келген тұздардан аралық (иллювиалдық) қабатта жасалады. Химиялық құрамына қарай хло- ридтер мен сульфаттардың түстері ақ, ақшыл (глаубер тұзы – ақшыл, гипс – ақ), əк – ұн – ақ түсті, темірдің гидроксидері – қызыл қоңыр, тат, охра түсті, темірдің оксиді – лас жасыл, көгілдір, марганец қосындылары – қара, кремний қышқылы – ақшыл түсті болады. Қарашірінді қоңыр, қарақоныр жылтыр дақтар жасайды.
Қосындыларға топырақ массасынан анық бөлінетін, бірақ топырақпен генетикалық байланысы жоқ заттар, мысалы, топырақ түзуші жыныстардың құрамына кіретін, бірақ топырақ түзілуіне қатыспайтын қой тастар, малта тастар, бақалшақтар, жануарлар сүйектері, шифер, кірпіш, ағаш жəне т.б. адам тіршілігімен байла- нысты археологиялық қалдықтар жатады. Қосындылар топырақ түзілуінде инертті денелер болып есептеледі. Бірақ топырақтың шығу тегі, жасы туралы ұғымдар береді.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет