Топырақтану оқулық



бет4/140
Дата22.11.2023
өлшемі6.35 Mb.
#484110
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140
Топырақтану

сурет. П. А. Костычев

(1845-1895)
Қара топырақтың пайда болуы жөніндегі алғашқы дұрыс болжам орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоно- сов (1763) айтқан. Ол «Жер туралы» атты кітабында: «Қара топырақтың пай- да болуы минералды емес, табиғи екі патшалықтан өсімдіктер мен жануарлардан пайда болғанын барлықтарымыз мойындаймыз», – деп жазды. В. В. Доку- чаев бір ғасырдан кейін осыны негізге алды. Қара топырақтар туралы XVIII ғасырда профессорлар М. А. Афонин, И. М. Комовтар да жазды. Бірақ олар

қара топырақтардың пайда болуымен шұғылданған жоқ.
Ерікті экономикалық қоғамның бағдарламасына əртүрлі топырақтардың агрономиялық қасиеттері туралы мəліметтер сұрақ-жауап ретінде жиналды. Сұрақтар əр губерниялар мен уездерде қанша жер өңделуде, оның құнарлылығы құрамы қалай деген мағынада болатын.
Ерікті экономикалық коғаммен қатар топырақ туралы мəліметтерді мемлекеттік мүлік министрлігінің ауыл шаруашылығы Департамент есепшілері жинады. Осы материалдарды жинастырып, 1851 жылы К.С. Веселовский Ресейдің Еуропалық бөлігі топырағының сызбанұсқа түріндегі картасын жасады. Ал 1879 жылы В. И. Чаславскийдің дəл осы территорияның топырағына арналған жаңа толықтырылған картасы жарық көрді. Шаруа мен диқаншылардан салық жинау мақсатында құрастырылған бұл карта ғылыми тұрғыда негізделмеген, бір жүйеге келтірілмеген еді. Осы кезде Петербургтің орман институтының профессоры П.А. Костычев (1845-1895) топырақтанудан алғашқы оқулық жазды (1886). Батыс Еуропаның агромəденихимиялық агрогеологиялық топырақтанушыларының көзқарасына қарағанда П.А. Косты- чев топырақ қасиеттерін өсімдіктер жəне микроорганизмдер өмірімен тікелей байланыстырды. Ол орыс қаратопырағын зерттеуге үлкен үлес қосып, 1886 жылы «Ресейдің қаратопырақты облыстары» еңбегін шығарып, онда қаратопырақтағы топырақ шіріндісінің түзілуі, оның топырақ құрылымына əсері мен осы топырақтардың құнарын сақтап, ұлғайтудың шараларын ұсынды, əрі топырақтануды тек агрономиялық қана емес, сонымен қатар оны биологиялық ғылымға жатқызды. В. В. Докучаевтың ең жақын шəкірті Н. М. Сибирцев П. А. Костычевті топырақтанудың ғылыми негізін салушылардың бірі деп бағалаған.


В. В. Докучаев – топырақтану ғылымының негізін қалаушы

ХІХ ғасырдың көптеген табиғаттанушы – саяхатшылардың қаратопыраққа біршама көңіл аударып, оның пайда болуы тура- лы өздерінің болжамдарын (мұхиттардан, батпақтардан, жер беті өсімдіктерінің əсерлерінен) айтқандарымен, қаратопырақтардың шын мəнісінде пайда болуы, олардың таралуы мен қасиеттері, көп жыл бойы бидай егісіне пайдаланудан топырақ құнарының азаю себептері осы ғасырдың 80-жылдарына шейін белгісіз болып келді. Міне, осы мəселелерді шешу үшін Ерікті экономикалық қоғам 1876 жылы арнайы қаратопырақ жөнінде комиссия құрды. Комиссия жұмысына Петербург университетінің геология жəне минерология кафедрасында қызмет істейтін жас ге- олог В. В. Докучаев шақырылды. Бұл таңдау кездейсоқ емес еді. Өйткені ол бұрында Ерікті экономикалық қоғамның Петер- бург табиғат зерттеушілер мен минерологтар қоғамдарының белсенді мүшесі болып, осы қоғамның қаржыларымен экспеди- ция ұйымдастырып, топырақтануға жақын мəселелермен, дəлірек айтсақ, төрттік дəуірдің шөгінділерімен, өзен арналарымен, сай-салалардың құрылысы жəне пайда болуы мəселелерімен шұғылданған. Егер далалық жұмыстар 1877-1878 жылдары жүргізілсе, одан кейінгі 1879-1881 жылдары химия-аналитикалық жəне ғылыми-өңдеу жұмыстары қолға алынды.
Сонымен, 1883 жылы В. В. Докучаевтың тарихта топырақ- тану жөніндегі əлемге əйгілі «Орыстың қаратопырағы» деген ғылыми жарық көрді. Бұл туралы В. В. Докучаевтың шəкірті, аса дарынды ғалым геохимик В. И. Вернадский кезінде: «То- пырақтану ғылымының дамуы үшін қаратопырақ, кальцит кристаллографияның, бақа физиологияның, ал бензол органикалық химияның дамуына үлкен рөлін атқарды», – деген. Бұл еңбектерінің нəтижесінде Докучаев тек қаратопырақтың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар оның қасиеттерін, кеңістіктегі өзгерістерін, таралу заңдылықтарын анықтай келіп, жалпы топырақ туралы жаңа түсінікке келді. Топырақты зерттеудің ерекше жаңа топырақ географиялық салыстырмалы зерттеу əдісін ұсынды. Докучаев топырақтың табиғаттың ерек- ше табиғи, əрі тарихи денесі екенін анықтады. Топырақтың өте күрделі құрылымды екенін, ол өзін түзген тау жыныстар- дан морфологиялық көрінісі жəне химиялық құрамы жағынан жақсы ажыратылатынын, оның қалыңдығы тек жыртылған қабатпен шектелмейтінін көрсетті.
1888 жылы Ерікті экономикалық қоғам жанынан В. В. Докучаевтың басқаруымен арнайы топырақ ко- миссиясы құрылды. Бұл комиссия жұмысына тек ғалымдар ғана емес, топырақтануға қатысы бар басқа меке- мелер қызметкерлері де тартылды. Ко- миссия, алдымен Ресейдің Еуропалық бөлігінің топырақ картасын жасады. 1889 жылы Топырақтану комиссиясы
«Топырақтану» журналын шығарды. Ол



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет