Топырақтану оқулық



бет78/140
Дата22.11.2023
өлшемі6.35 Mb.
#484110
түріОқулық
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   140
Топырақтану

Топырақтың құнарлылығы. Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісінің негiзгi құралы жəне заты болып табылады. Топырақтың ең маңызды қасиетi – оның құнарлылығы, яғни өсімдіктердің өсуiне жəне дамуына керектi жағдайлармен бiр мезгiлде қамтамасыз ету мүмкiндiгi.
Топырақтың құнарлылығы тек оның қасиеттерiне ғана емес, онда өсірілген дақылға, агротехниканың деңгейiне, аймақтың кли- матына жəне т.б. байланысты болады. Əлеуметтiк-экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруiне, ғылым мен техниканың дамуы- на қарай топырақтың құнарлығы да өзгередi. К. Маркс ол тура- лы: «... құнарлылық топырақтың объективтi қасиетi болса да, экономикалық тұрғыдан алғанда ол əрқашан белгiлi қатынасты,
егiншiлiктiң, химия мен механиканың дамуының осы кезеңдегi деңгейiне қатынасын көрсетеді жəне сол даму деңгейiмен өзгеріп отырады» деп жазды.
Топырақтың құнарлығын əлеуеттi (потенциалды немесе табиғи) жəне тиiмдi құнарлылық деп екi түрге бөледі. Табиғи құнарлылық топырақтың құралу факторларының əсерiмен табиғаттың өзі жасаған құнарлылық. Ол топырақтың түрiне, механикалық құрамына, физикалық жəне химиялық қасиеттерiне, қарашiрiктiң мөлшеріне жəне басқа жағдайларға байланысты болады. Табиғи құнарлылықтың жəне тыңайған жерлерге тəн болады.
Тиiмдi құнарлылық ауылшаруашылық өсімдіктерiнiң өсуi мен дамуына қолайлы жағдай жасау үшiн топырақ өңдеу құралдарын пайдаланғанда байқалады. Тиiмдi құнарлылық – егiншi еңбегiнiң жемiсi. Ғылымның дамуымен бiрге өсіп отыратын техникалық өрлеу мұндағы басты фактор болып табылады. Ғылым мен техниканың өрлеуiне бай- ланысты топырақтың тиiмдi құнарлылығы да өсіп отырады.
Техникалық өрлеу əрекетiнiң арқасында топырақтың табиғи құнарлылығы мен оның мəдени дамуының əсерiнен пайда болған құнарлылығын бiрiктiретiн жасанды құнарлылық қалыптасады. Уақыт өте келе, жасанды құнарлылық топырақтың сипаттайтын қасиетiне айналады, тек табиғаттың əсерiнен ғана емес, адамның да əрекетiнiң нəтижесi болып табылатын топырақтың жаңа деңгейдегi құнарлылығы пайда болады. Тиiмдi құнарлылығы жоғары топырақ мəдени топырақ деп аталады.
Өндіріс процестерiнiң əсерiнен ол үнемi жақсарып оты- руы мүмкiн. Бұл топырақтың (жердiң) өндіріс құралы ретiнде өнеркəсіпте қолданылатын өндіріс құралдарынан (машиналар, ста- ноктар) айырмашылығы болып табылады.
Бiрақ, мəдени топырақ құралу процесiнiң бұл бағытта жүруi үшiн жемiс алмастыру қағидасының жəне топырақ қорғау шараларының сақталуы керек. Əйтпесе топырақтың қара шiрiгi азайып, құрылымдары бұзылады, қоректiк заттардың қоры төмендеп, жел жəне су эрозиясының əсерiнен топырақтың құнарлылығы жоғалады. Солтүстiк Қазақстанның өңдеудегi топырақ құнарлығы жəне қарашiрiгiнiң деңгейi үнемi төмендеуде. Жердi тек жазықкескiш құралдармен өңдегеннің өзінде де органикалық заттардың қоры тол- майды. Төрт танапты ауыспалы егiстiң бiр айналымның өзінде ғана
қарашiрiктiң мөлшері 0,2% кемидi.
В. Е. Егоров, Б. А. Доспехов, А. М. Лыков жəне т.б тұжырымдау- лары бойынша «қарқынды егiншiлiктегi құнарлылықтың кеңейтiл- ген ұдайы өндірісi жалпы егiншiлiктiң кеңейтiлген ұдайы өндірісінің мiндеттi шарты болып табылады».
Ғылыми-техникалық прогрестiң əсерiнен егiншiлiктiң қар- қындылығы артқан сайын топырақтағы органикалық заттардың маңызы өсе түседi. Оны əртүрлi топырақ-климат аймақтарында жүргiзiлген ғылыми зерттеу жұмыстарының нəтижелерiнен көруге болады. Азот мөлшерінiң артуынан болатын өсімдіктер өнімділігінің жоғарылауы тек органикалық заттардың теңгерiмiндегi толымсыздықты жойғанда ғана мүмкiн. Көміртегi теңгерiлiмiндегi оң көрсеткіштiң маңызын басқа авторлар да атап көрсеткен. Со- нымен қатар бiр жылдық дақылдарды ауыстырмай немесе типi жəне механикалық құрамы əртүрлi топырақтардағы ауыспалы егiстерде тыңайтқышсыз өсіру жыртылатын қабаттағы органикалық заттардың үнемi кемуiне əкелiп соғатыны анықталған. Канада мен АҚШ ғалымдары дəндi дақылдарды сүрi танаптарды өңдеудi пайда- ланып өсіргенде органикалық заттар мен нитратты азоттың едəуiр жоғалатынын атап көрсетеді. Осыдан органикалық заттардың өнімсiз шығын болуын азайтудың жолдарын iздестiрудiң маңыздылығы айқын байқалады.
Құнарлылықтың маңызды факторы саналатын қарашiрiктiң мөлшерін тұрақтандыру жəне үдемелi өндіру егiншiлiктiң жəне экологиялық тепе-теңдiктiң ең ауқымды проблемасы болып табыла- ды. Канада ғалымдарының дайындаған болжамы бойынша, дəндi- сүрi танапты жүйенi əрi қарай пайдалану 2000 жылға қарай көптеген топырақтарды қиын жағдайға ұшыратуы мүмкiн.
Б. Г. Розанов бұдан да үрейлi пiкiр айтады. Оның ойы бо- йынша, топырақ құнарлылығының кеңейтiлген үдемелi өнімiн қамтамасыз етпей, оған жасалатын əсердi əрi қарай қарқындату сөзсіз экологиялық, сонан кейiн əлеуметтiк-экономикалық апатқа əкелiп соғады.
Топырақтың құнарлылығы тереңдеген сайын азайып отырады. А. Н. Лебедянцев тiптi, қара топырақтарда да жоғарыдан төмен қа- рай оның құнарлылығының азаятынын атап көрсетті. Ол топырақтың барлық қалыңдығын жекелеген үш қабатқа бөлді; 0-5 см, 5-20 см жəне 20-50 см. Егер 40-50 см қабаттың құнарлылығын бiрге тең деп алсақ, онда 0-5 см қабаттың құнарлылығы 4,5 см тең болады. Бұл жоғарғы
қабатта қарашiрiктiң көп болуымен, жарық пен кебудiң əсерiмен (20), физиологиялық белсендi заттар мен микроорганизмдердiң болуымен (33), төменгi қабаттардың физикалық жəне химиялық қасиеттерiнiң нашарлығымен түсiндiрiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет