Топырақтану оқулық


Егіншілікте пайдалану нəтижесінде топырақ құнарлығының өзгеруі жəне



бет80/140
Дата22.11.2023
өлшемі6.35 Mb.
#484110
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   140
Топырақтану

Егіншілікте пайдалану нəтижесінде топырақ құнарлығының өзгеруі жəне

оны қалпына келтіру жолдары


Егіншілік жүйесі бір аймаққа тікелей байланысты қалыптастырылады. Ғылымға негізделген егіншіліктің интенсивті жүйесін жүргізуге топырақтың пайда болуы мен топырақ құнарлылығының құралу заңдылығын игеріп, оны одан əрі пай- далану шешуші шарттардың бірі. Əрине, егіншіліктің жал- пы заңдылықтарынан туындайтын агротехникалық əдістерді нақтылы аймаққа қарай қолданған жөн. Өйткені біздің кең байтақ республикамыздың егістік алқаптары əртүрлі аймақтарда – орман- ды, далалық, шөл, шөлейт, таулы, суармалы жерлерде орналасқан, соған орай егіншілікті жүргізудің əдістері əрқилы.


Топырақ құрайтын табиғи процестің дамуымен топырақтың құнарлылығының басқа да көрсеткіштері – физикалық, суға жəне ауаға байланысты қасиеттері жақсарады.
Климаты, температурасы мен су тəртіптері қолайлы аймақтарда өсімдіктердің, жер қыртысының үстіңгі қабатында микрофлоралар мен жан жануарлар дүниесінің өркендеуіне қолайлы жағдай жа- салынатыны белгілі. Бұл əрине, топырақ құралуын жеделдетеді, топырақтың құнарлылығын арттыруға мүмкіндік туғызады. Мұндай
аймақтарда топырақтың өнімділігі мен биологиялық қуаты арта түседі.
Топырақ құралу процесін биологиялық процестер айқындайды. Биологиялық процестер неғұрлым жедел жүрсе, топырақ құнарлығының да соғұрлым қарқынды артатыны зерттеулер- ден белгілі. Сондықтан да егіншілік саласында топырақ қабатын тиімді биологиялық процестердің белсенділігін көтеруге болады. Мелиорациялық шаралардың ғылыми жүйесіне сүйене отырып, топырақты кез келген климат жағдайында мəдени дақылдарды өсіруге қажетті су жəне ауа режимімен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар. Сондықтан табиғаттың өз күш қорын, оның даму жолдарының заңдарын меңгеріп, ақылмен пайдаланса, топырақтың құнарлылығы кемімей, қайта керісінше оның құнарлылығы да, құрылымы да жақсара түседі.


Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Топырақ құнарлылығы дегеніміз не?

  2. Топырақтардың физикалық қасиеттеріне нелер жатады?

  3. Топырақтардың химиялық қасиеттері.

  4. Топырақтың биологиялық қасиеттері.

  5. В. В. Докучаев «топырақ патшасы» деп нені айтады?

  6. Топырақ құнарлылығына əсер ететін жағдайларды атаңыз

  7. Қайта культивациялау деп нені айтады?

  8. Құнарлықтың элементтері жəне факторлары дегеніміз не?

  9. Топырақтың агрофизикалық жəне физикалық-химиялық қасиеттері қандай?
  1. ТАРАУ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет