Жоғарыда келтірілген топырақтардың əлемдегі таралу заңдылықтары Жер бетінің алтыдан бір бөлігін алып жатқан кең байтақ тəуелсіз мемлекеттер достығы елдеріне тəн. Бұл өзгерістердің терістіктен оңтүстікке қарай жылжығанда межелері анық байқалады. Əртүрлі зоналарға бөлінуі де осыдан. ТМД елдерінің негізгі бөлігі мұхиттардан алыс, ішкі құрлықта орналасқан. Ресейден басқасының жер көлемдері аса көп емес. Терістік жарты шардың бұл бөлігінде құрлық секторында терістіктен оңтүстікке қарай кездесетін, яғни Арктикалық тундрадан бастап, оңтүстіктегі құрғақ шөлдермен қатар ылғалды субтропикалық зоналық топырақтарға шейін түгел кездеседі. Топырақ түзуші факторлар зоналық тəртіпке бағынып,
ретімен тарағандықтан, осы факторлардың əсерінен топырақ та осы тəртіпке бағынады.
Сонымен жазық территорияларда терістіктен оңтүстікке қарай байланысты топырақтың да өзгеріп, əртүрлі зоналарға бөлінуін топырақтың көлденең (ендік) зоналығы дейді.
Ал биік таулы аймақтарда табиғат жағдайы жазық алқаптарға қарағанда өзгеше. Таулы аймақтардың ауа райы да, өсетін ағаш, өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі де басқаша. Бұл өзгерістер тау етегінен жоғары көтерілген сайын анық білініп, көзге түседі. Географиялық жағынан алып қарағанда таулы аймақтар бір алқапта орналасқанымен жоғары қарай өрлеген сайын табиғатының, климатының өзгешелігі байқала береді. Осындай өзгерістерді топырақтан да көруге болады. Топырақтың былай өзгеріп, əртүрлі зоналарға бөлінуін топырақтың тік (белдеулік) зоналылығы деп атайды. Кең байтақ ТМД елдерінің əр аймақтарында топырақтардың көлденең зоналықтары да жəне олардың тік (белдеулік) зоналықтары тараған алқаптары кездеседі.
Дегенмен, жер бетінде таулы алқаптардың аздығына байланыс- ты негізінен топырақтың көлденең зоналық таралуы басым. Соған байланысты біздер ТМД елдерінің жазық территориясындағы негізгі зоналық (ендік) топырақтардың қысқаша сипаттамасы- на тоқталамыз. Бұны солтүстіктен оңтүстікке қарай келтірген ыңғайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |