Топырақтану оқулық


Шалғынды-дала, орташа-таулы орманды



бет128/140
Дата22.11.2023
өлшемі6.35 Mb.
#484110
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   140
Топырақтану

Шалғынды-дала, орташа-таулы орманды,


аласа-таулы дала, тау етегі белдеулерінің топырақтарының экологиялық сипаттамасы

Топырақ түзуші жыныстар – негізінен лесс тектес майда ұнтақталған жыныстар.


Қара топырақты аймақтың көлемі орманды далалы зонаның ішіндегі қара топырақтарды қосқанда 191 млн гектар немесе ТМД территориясының 9%-ға жуығы. Бұл зонада негізінен даланың дəнді шөбі, бұршақ тұқымдастар, жусан тағы да басқа шөпті өсімдіктер тұтасып қалың болып өседі. Бұл шөптердің тамырлары жер бетіндегі вегетативтік органдарынан көп артық. Аймақты жел жақсы қағады, күннің көзі де жақсы жылытады. Жазда жаңбыр азырақ жа- уып, өсімдік қалдықтары мен жапырақтар баяу ыдырап, шіриді. Сондықтан топырақтың бағалы бөлігі – қара шіріндісі мол жинала- ды. Топырақ түсінің қара болатыны да осыдан. Қара шірінді топырақ бөлшектерін біріктіріп, жақсы құрылым қарайды. Топырақ реакция- сы бейтарап, топырақтың сіңіру-алмастыру кешені сіңірілген каль- ций катионына бай, жақсы қаныққан.
Қазақстанда топырағы мен климаты жағынан ерекшеленетін
4 биіктік белдеу бар:
Тау етегіндегі шөлді-далалы белдеу теңіз деңгейінен 450 – 750 м (кейбір аймақтарда 300 – 1000 м) биіктікте орналасқан. Тянь-Шань тау етектерінде негізінен сұр, Батыс Тянь-Шань тау етегінде сұр- қоңыр, Солтүстік Тянь-Шань мен Алтай таулары етектерінде ашық қара-қоңыр топырақ таралған. Бұл жерлерде суармалы жəне тəлімі егіншілік жəне мал шаруашылығы дамыған.
Аласа таулы дала белдеуі – əртүрлі таулы аймақта 600 – 2200 м биіктікте орналасқан алқап. Алтай мен Солтүстік Тянь-Шаньда таудың күңгірт қара-қоңыр жəне қара топырағы таралған. Ал Ба- тыс Тянь-Шаньда (Оңтүстік Қазақстанда) сұр қоңыр жəне таудың қоңыр топырағы басым. Қарашірік мөлшері 10 – 15%-дай. Жай- ылымы – шүйгін, ағашы қалың алқап, мал шаруашылығы жақсы дамыған.
Орташа таулы орманды-далалы жəне шалғынды-орманды белдеулері əр түрлі таулы аймақтарды 1000 – 2500 м-ге дейінгі деңгейді қамтиды. Негізінен таудың шайылған, сілтісіз қара топырақтары мен орманның сұр топырақтары жəне таулы-шалғынды топырақ тараған. Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр, Алтайда күлгін топырақтар түзілген. Жайылымы – шүйгін, орман шарушылығы жақсы дамыған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет