Топырақтану оқулық



бет125/140
Дата22.11.2023
өлшемі6.35 Mb.
#484110
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   140
Топырақтану

Шөлдену проблемалары. Шөлденуге қарсы күресу БҰҰ конвен- циясы мəліметтері бойынша əр жылы Қазақстан топырақтарында қарашірінді мөлшері азайғаннан келетін зияны 2,5 млрд. америкалық долларын құрайды, ал эрозиядан келетін зияны 779 млн. доллармен бағаланады.
Б. Г. Розанов айтуы бойынша, шөлдену бұл топырақтардың өсімдіктермен қалпына келмейтін өзгеріс үрдістері жəне биоло- гиялық өнімдіктің төмендеуі, келешекте бұндай жағдай биосфера- ның толық бұзылуына алып келуі мүмкін. Əлемде барлық құрлықта 1 млрд, гектар жер шөлейттенуге ұшыраған.
Шөлденуге алып келетін факторлар: табиғи (қолайсыз метеожағдайлар, топырақтың сорлануы, жеңіл топырақтар, жерасты сулардың төмендеуі, жел жəне су эрозиясы) антропогенді (орманды кесу, жайылымды дұрыс пайдаланбау, қарқынды жерді өңдеу, жерді дұрыс пайдаланбау). Көбінесе, шөл осы факторлардың бір қалыпты əсер етуінен пайда болады. Шөлейттену əлеуметтік-экономикалық жəне табиғи үрдіс болып табылады. Ол дүниежүзі бойынша 3,2 млрд. гектар жерге, сонда тіршілік ететін 700 млн. адамға қауіп келтіреді.
Шөлейтке ұшыраған жерлерде топырақтың физикалық қасиеттері нашарлайды, өсімдіктер жойылады, жерасты сулар сорланады, биологиялық өнімдер күрт азаяды, соның барлығы (экожүйелердің қайта қалыптасу қабілетін төмендетеді). Осындай экологиялық апатқа ұшыраған аймақтарға Қазақстан аумағында Арал жəне Бал- хаш өңірлері жатады.
Қазақстанда шөлейттену қауіпі бар жерлер, жалпы жер ауданының 75%-ын құрайды. Шөлейттену жəне жағымсыз экологиялық өзгерістерге əкеліп соғатын басты себептердің қатарына тың иге-
ру кезінде топырақтың жаппай жыртылуы, шабындықтар мен мал жайылымдардың жүйесіз пайдаланып, оталып тақырлануы, топырақ құрылымының бұзылуы, суармалы жерлердің қайтадан сорлануы, ормандардың жөнсіз кесіліп, өртенуі жатады.
Еліміздің Жер ресурстарын басқару агентігінің 2006 жылғы мəліметі бойынша орташа жəне үлкен дəрежеде тапталып бүлінген жайылымдар 26,6 млн. гектарды құрайды.
Орман қорының жері елімізде онша мол емес (23,4 млн. га), ал ор- манды алқапты барлық республика территориясында тек қана 3,8% қамтиды. Соған қарамай бұл жерлердің экологиялық мəселесі өте өзекті болып отыр. Тек қана 2000 жылы 934 орман өрттері болып, ол 27 мың 487 гектар жер ауданын қамтыды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы, Қарағанды, Алматы облыстарында байқалған. Тек қана Павлодар облысында кейінгі 10 жыл ішінде орман өрттері мен жөнсіз ағаштарды кесу салдарынан 45 мың гектар жерде орман жойылып, осы жерлерде шөлейттену қаупі туып отыр.
Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өндіру кезінде ауыр техни- ка мен транспорт салмағымен, мұнай-битум қалдықтарымен шама- мен 4-5 млн. гектардай жер бұзылып, ластанған.
Елімізде егіншілікте көп жылдар бойы пайдаланып келе жатқан топырақтардың құнарсыздануы құбылыстары байқалуда. Павлодардың ауыл шаруашылығы ғылыми зерттеу институты ғалымдарының (Қ. Е. Қанапиянов. С. У. Асқаров, 2004) мəліметі бойынша оңтүстік карбонатты қара топырақты егіншілікте 1965 жылдан 2003 жылға дейін пайдаланғанда (38 жыл ішінде) оның 0-22 см қабатында қарашірінді мөлшері 5,2-5,9%-дан 3,2-3,6%- ға дейін, ал 22-40 см қабатында 2,8-3,4%-дан 1,9-2,2%-ға дейін кеміген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет