Топырақтың ең төменгi ылғал сыйымдылығы жағдайындағы пайдалы ылғал қоры, мм (А. Д. Карбышева, 21)
Топырақтың түрi жəне
механикалық құрамы
|
Қабаттардағы пайдалы ылғал мөлшері
|
0-20 см
|
0-50 см
|
50-100 см
|
0-100 см
|
Қара топырақтар
|
|
|
|
|
Сазды
|
40
|
98
|
79
|
177
|
Ауыр саздақ
|
47
|
100
|
92
|
192
|
Орта саздақ
|
46
|
107
|
91
|
198
|
Жеңiл саздақ
|
43
|
91
|
80
|
171
|
Күңгiрт қара-қоңыр
|
|
|
|
|
топырақтар
|
|
|
|
|
Ауыр саздақ
|
38
|
95
|
90
|
185
|
Орта саздақ
|
35
|
102
|
86
|
188
|
Жеңiл саздақ
|
37
|
89
|
83
|
172
|
Құмдақ
|
26
|
60
|
57
|
117
|
Топырақтың ЕТС жағдайындағы су ұстағыш күшi 0,5 атмосфераға тең. Онда ылғал бiртұтастылығымен сипатталынады, жеңiл жылжи- ды жəне өсімдіктер оларды оңай пайдалана алады.
Бiртұтастық топырақтың ылғалы ЕТС тең болғанда ғана емес, одан төмен жағдайларда да кездеседi. Бiрақ ол ылғалдылықтың тек белгiлi бiр мөлшеріне, қалқыған судың жылжуы оның булануынан (немесе өсімдіктердің тамырларының соруынан), шұғыл баяулай- тын деңгейiне дейiн байқалады. Бұл құбылысты анықтаған М. М. Абра- мова осындай ылғалдылықты капиллярлық байланыстың үзiлу ылғалдылығы (КБҮ) деп атауды ұсынды. Оның аты көрсеткендей, ылғалдылықтың осы мөлшерінен бастап, топырақтың ылғалданған қабаттарын жоғарыдан төменге дейiн шырмаған су толған қуыстар жүйесi болмайды.
Сөйтіп, ең төменгi ылғал сыйымдылығы, капиллярлық байла- ныстар түзiлу ылғалдылығы жəне тұрақты солу ылғалдылығымен топырақтағы ылғалдың жылжуы жəне олардың өсімдіктерге пайда- лану мүмкiндiгi өзгерiске ұшырайтын деңгейiн көрсетеді.
ТМД елдерiнiң негiзгi ауылшаруашылық аймақтарында топырақтың су режимiнiң үш: тұрақты шайылатын түрi (ылғалдылығы мол аймақтарда), оқтын-оқтын шайылатын түрi (ылғалдығы тұрақсыз аймақтарда) жəне шайылмай- тын түрi (ылғалдылығы жеткiлiксiз аймақтарда) кездеседi. Ылғалдылығы бойынша аймақтарға бөлудiң белгiсi ретiнде жыл бойында түсетiн жауын-шашын мөлшерінiң ашық су бетiнен булануға қатынасы алынған. Тұрақты шайылатын су режимi жылдық жауын-шашын мөлшері буланудан артық аймақтарға тəн. Су топырақтың барлық қабаттарын шайып өтiп, жер асты суларына дейiн жетедi.
Оқтын-оқтын шайылатын су режимi атмосферадан түсетiн ылғалдың көп жылдық орташа мөлшері шамамен буланудың көп жылдық мөлшеріне тең аймақтарға тəн болады. Дегенмен, кей жылдары атмосфералық ылғалдың жиынтығы буланудың мөлшерінен көп не аз болуы мүмкiн. Жерасты сулары негiзiнен тамырлар тарайтын қабаттан төмен орналасады. Шайылмай- тын су режимi жылдық жауын-шашын мөлшері буланудың мөлшерінен аз аймақтарға тəн болады. Топырақта əрқашан күзге қарай ылғал тапшылығы пайда болады (яғни ЕТС жағдайындағы пайдалы ылғал қоры мен оның нақты мөлшерінiң арасындағы айырмашылық). Көктемде қар суы 1,0-1,5 м тереңдiкке дейiн ғана ылғалдандырады, одан төменгi қабаттың ылғалдылығы ТС тақау деңгейде қалады. Жерасты сулары бiрнеше метр тереңдiкте орналасады. Мұнан басқа, су режимiнiң бусану, тоң қабаттық жəне ирригациялық түрлерi кездеседi. Олар арнайы əдебиеттерде талқыланады.
Ылғалдылығы мол аймақтарда су режимiн реттеудiң басты мiндетi артық суды кетiру жəне топырақты артық ылғалданудан қорғау (баурай бойымен немесе баурайға бұрыштап тар қашарды (загонды) жырту, ашық жəне жабық кəрiздер (дренаждар) жасау ке- рек. Ылғалдылығы тұрақсыз жəне жеткiлiксiз аймақтардағы жердiң бiр бөліктерiнде су режимiн реттеудiң негiзгi тəсiлi оны суару болып табылады.
Суарылмайтын егiншiлiкте су режимiн реттеу: қыста қарды жи- нау жəне көктемде қар суын ұстау, топырақтағы су қорын сақтау жəне тиiмдi пайдалану сияқты үш кезеңнен тұрады.
Астықты аймақтарда жаздық жəне күздiк бидайларды себу-
16–1427
241
ге жиi пайдаланылатын сүрi танаптар ылғал жинаудың тиiмдi тəсiлi болып табылады. Сұр танап сенiмдi өнімнің, əсiресе, құрғақшылық жылдары, көзі болады. Бұрынғы жылдары Солтүстiк Қазақстанда, Батыс Сiбiрде жəне Алтай өлкесiнде сүр танаптардың көлемін азайту өнімнің азаюына əкелiп соққан. Осы аймақтарда 1966-1977 жылдары сүр танаптардың үлесiн арттыру 100 га жыртылған жерге шаққандағы өндiрiлген астықты 178-216
%-ын көбейтуге мүмкiндiк берген. Бiрақ, сүрi танаптың ылғал жинау мүмкiншiлiгi əлi жеткiлiксiз. Солтүстiк Қазақстандағы сүр танапқа 21 айда 518 мм ылғал түседi, оның тек 123 мм немесе 24%-ы ғана топыраққа сiңедi. Екiншi қыстың ылғалының бар болғаны 5% ғана топырақтың пайдалы ылғал қорын толықтырады. Кана- да мен АҚШ астықты аудандары бойынша деректер осыған ұқсас келедi, онда ылғалдың сүрi танапта сiңiрiлу 19-24%, ал екiншi қыста-9% құрайды.
В. Пелтонның деректерi бойынша, Солтүстiк Қазақстан жағдайымен ұқсас Саскачеван провинциясындағы (Канада) ор- ман жолақтары елеулi тиiмдiлiк көрсете алмайды жəне кеңiнен пайдалануға ұсынылмайды. Орман жолақтарының астындағы жерлердi есептегенде қосымша өнім 0,47 ц/га болған. Негiзгi себебi – аңыз сабақтарына қарағанда, қардың бiркелкi түспеуi болып табы- лады. Қардың бiркелкi түспеуiн, кей жағдайларда пайдалы əсерiнiң болмауын өзімiздiң зерттеушiлер де атап көрсетеді (8,13,38,44). Мəселен, П. С. Денисов Құлынды даласында ықтырмалы сүрi танаптың жел өткізетін орман жолағынан кез келген қашықтықта бидай 12,8-14,6 ц/га өнім берсе, ықтырмасыз сүрi танапта орман жолағынан əртүрлi қашықтықта өнімділік 9,1-5,4 ц/га ғана болғанын хабарлаған. Жазда желден қорғауды, қыста қар ұстауды қамтамасыз ететiн күнбағыс ықтырмалары тек сүр танапта ғана емес, ауыспалы егiстiң басқа танаптарында да қолданылуы мүмкiн.
Қары аз, желi қатты аудандарда əр шаршы метр жерде биiктiгi 18-20 см 200-250 дана аңыз сабағын қалдыру өте тиiмдi бола- ды. Бұл бүкiл танапта бiрiншi тұрақты қардан кейiн аңыз сабағы биiктiгiндей бiркелкi қар жинауға мүмкiндiк бередi, ал аңыз сабағы жоқ (соқамен жыртылған) танаптарда ол желмен ұшып кетедi. Қардың еру кезеңiнде бұл артықшылық сақталады. Аңызды та- наптарда СВУ-2,6; СВШ-10 қар жыртқыштарымен аралығын 4-5 м етiп, қар атжалдарын тұрғызу қардың жиналуын арттыра түседi
жəне көктемгі қар суы топырақтағы ылғалдың тапшылығын жою- ды қамтамасыз етедi.
А. И. Шульгин қар мелиорациясының мына қағидаларын ұстануды ұсынады:
Қардың қалыңдығы мелиорация обьектiсiне байланысты анықталынуы керек.
Қарды тоқтатуды мүмкiндiгiнше ерте, бiрiншi түскен қардан бастаған дұрыс.
Қар қабаты бүкiл танапта бiркелкi болуы керек. Қар суын ұстауды аңыз сабақтары қалдырылған танаптарда саңылаулау, ал сүр танап- тарда ЛОД-10 шұңқырлағышымен шұңқыр жасау арқылы жүргiзуге болады. Шұңқырлағыш өткеннен кейiн əр гектарда тереңдiгi 12- 15 см жəне жалпы сыйымдылығы 250-300 м3 болатын 13-14 мың шұңқыр жасалады.
Орталық қара топырақты аймақтарда қар суын ұстау үшiн күзгi топырақ өңдеудi баурайға көлденең жүргiзу, үзiк-үзiк атыздар жа- сап жырту, айқасқан бөгеттер тұрғызып жырту, т.б. арнайы тəсiлдер қолданылады.
Ылғал жинау шараларын жүргiзгеннен кейiн, оны топырақта сақтау жəне тиiмдi пайдалана бiлудiң маңызы зор. Қайырмалы құралдармен жүргiзiлген сүдiгерде жəне көптеген жағдайларда аңыз қалдықтары сақталған танаптарда ылғал сақтау үшiн тiстi жəне инелi тырмалармен уақытында жəне сапалы жүргiзiлген ерте-көктемдік тырмалау арқылы топырақтың беткi қопсытылған жабынды қабатын жасаудың маңызы зор.
А. А. Измаильскийдiң бүгiнде маңызын жоймаған тұжырымдауы бойынша, топырақтағы ылғалдың мөлшерін арттыру негiзiнен:
а) атмосфералық ылғалдың топырақтың бетiнен ағып кетуiн азай- ту жағдайларына;
ə) ылғалдың топыраққа сiңуiне əсер ететiн жағдайларға;
б) беткi қабатты кебуден қорғау жағдайларына байланысты.
К. А. Блэктiң мəлiмдеуi бойынша қопсытылған борпылдақ қабаттың тиiмдiлiгi ылғалы мол топырақтарда жоғары болады. Құрғақшылық жағдайында борпылдақ жабынды қабаттың тиiмдiлiгi төмен. Себебi жеңiл буланатын судың көп мөлшері, жабынды қабатты жасау үшiн топырақ өндейтін құралдарды пайдалану мүмкiншiлiгi туындағанша ұшып кетедi.
Достарыңызбен бөлісу: |