Топонимика — ономастиканың жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін


Атырау – Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти



бет2/3
Дата03.04.2023
өлшемі151.5 Kb.
#471625
1   2   3
stud.kz-75722 (1)

Атырау – Қала жеріндегі белгілі тұңғыш тұрақты қоныс қазіргі «Орбита» стансасы қасындағы Алтын Орда кезеңіндегі болған Лаэти асары. Ноғай Ордасы кезеңінде балықшылардың тұрақты Үйшік қонысы Жайық өзені сағасында орналасқан. Казак-орыстар жаулап ала бастағанда 1640 ж. Яицкий городок аталған қалашық салынған. Жайықтың жоғарысында Верхний Яицкий городок (қазіргі Орал қаласы) деген қалашық салынғасынНижний Яицкий городок деп аталып кеткен, соңынан ол Усть-Яицкий городокболып өзгертілді. Ресей ханшайымы Екатерина II Яик өзенін (Жайықтың орысша атауы) Урал деп атауын жарлығымен бекіткенде, қаланың атауы Гурьев городок, Гурьев деп өзгертілген. 1920 жж. қысқа уақытқа большевиктер Гурьевті Чапаев деп қайта атаған. 1992 ж. бері қала атауы — Атырау. Бұрын Атырау деп Махамбет ауданындағы топырақтар аталған. «Атырау» деген сөздің негізгі мағынасы: өзен сағасы тармаққа бөлінгені; сумен, топырақпен қоршалған жер алқабы; арал.
Ақтау – қаланың аты өзі орналасқан теңіз мүйісінің ақ бордан тұрып (картада Меловой мүйісі делінген) теңіз жақтан қарағанда, биік ақ тау сияқты болып көрінуіне байланысты делінеді. 1959 жылы осы жерде ескі балықшылар жұртының орнында елді мекен салынып, кейін Ақтау деген қалаға айналды. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдарыШевченко қаласы деп аталды.

Ақтау қаласы орналасқан жер
Теміртау қаласының тарихы 1905 жылдары Нұра өзенінің сол жағалауына Самарадан жіберілген крестьяндардың қоныс тебуінен басталады. 40 шақты үйден құрылған ауыл басында Жауыр деп аталып, кейін Самарқанд деген атау алады. Ал Теміртау аталуының себебі, 1943 жылы бұл аймаққа Қазақ металлургиялық зауыты салына бастайды. Осыған орай, 1945 жылы 1 қазанда Теміртау деген атау беріледі.
Түркістан қаласы ежелгі Самарқанд, Бұқара және Хива қалаларынан шыққан керуендердің солтүстікте тоғысатын жерінде б.з.д. 500 жылдары пайда болған. Х ғасырда қала Шавғар деп аталып, ал ХІІ ғасырданЯсы деген атау алады. «Түркістан» атауы жазба дерек мәліметтерде VІІІ-ІХ ғасырлардан бастап кездесе бастайды, парсы тілінде «Түркілер елі» деген мағынаны береді. Алғаш рет бұл атауды VІІ-ІХ ғасырларда араб-парсы тарихшылары қолданды да, оған барлық түркі тілдес тайпалардың мекендеген жерін жатқызады. Тарихшы, әрі географ ал-Якуби «Китаб ал-булдан» атты шығармасының бір тарауын «Түркістан» деп атап: «Барлық түркі елдері Хорасан мен және Седжестанмен шектеседі. Ал Түркістанда түркілер бірнеше елге, тайпаға бөлінеді», дей келе, түркі тайпаларының атауларын жазады. Осылайша, Түркістан атауы ІХ-Х ғасырлардан бастап этно-географиялық мәнге ие болып, кең түрде қолданыла бастайды. XVI-XVII ғ.ғ. Ясы-Түркістан Қазақ хандығының саяси, экономикалық және мәдени орталығы болған.

Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи мазары
Көкшетау – қазіргі қала орналасқан аумаққа жергілікті халық ежелгі замандарда-ақ қоныс салып, қорғандар тұрғызған. Көкшетау өңіріне халық ежелгі заманда-ақ қоныстана бастаған. Орталық бөлігінде Көкшетау қыраты орналасқан. «Көкше» - түрік тілінде өсімдік аты. Көкшенің қалың жері. Немесе бұл сөздің мәнін, екі түрлі концепциядан қарауға болады: 1) «көкшелі тау»; 2) қазақтың осы тауды жайлаған (не қыстаған) ескі ру тобының (Көкшенің) атымен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет