Оқылым
Тапсырма
Мәтіндерді түсініп оқыңыз. Екі мәтіннің ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, салыстырмалы талдау жасаңыз.
[10]
А мәтіні
Тоғызыншы сыныпта оқитын Əлихан бұл құрылғыны жасау үшін бір ай уақыт
жұмсаған. Ол өз жаңалығын мектеп қабырғасындағы STEM лабораторияда жасап шыққан.
Ол ойлап тапқан таяқ көзі көрмейтін жандар үшін таптырмайтын құрал болмақ.
STEM-лабораториясы Қазақстандағы мектептер мен арнайы білім беретін мекемелердің жанында жаңа робототехнология негізінде балаларға білім беруде. Əлихан жасап шығарған таяқ – STEM-лабораториясының мақтауға тұрарлық көрсеткіші.
Өнертапқыш Əлихан жасаған робот таяқ датчиктер мен динамика арқылы жұмыс істейді. Таяқты қолданушы, жолында кездескен 1 метрдегі бөгетті дыбыс арқылы біледі. Сонымен бірге, электронды құрылғы адамның айналасындағы бөгетті 90 градуста көрсетеді. «Таяқтағы датчик, жолдағы бөгетті көргенде дереу дыбыс береді. Таяқтың ұшына динамика арқылы сигнал беретін ультрадыбысты сенсор орнатылған. Біз арнайы 4000 герц жиілікке қойдық, ол кез келген жерде де, тіпті қала ортасындағы шулы аймақтарда да анық естілетін болады. Таяқ ұзақ мерзімді батарея арқылы қуатталады. Қолданушы оны үй жағдайында қуаттап алады. Толық қуатталған кезде, қуат көзі бір аптаға жетеді», — дейді оқушы.
Қазақстандық үлгіде алғаш рет жасалып отырған сиқырлы таяқ, келешекте барша қажеттілік танытып отырған жандардың қолында болуы тиіс, себебі шетелдің қымбат құрылғыларына қарағанда Əлихан жасаған таяқ қолжетімді. Əлихан өзі ойлап тапқан ақылды таяқты патенттеп, арнайы түрде сатылымға шығармақшы. Егер көпшіліктен қолдау тауып, жоба алға жылжитын болса, таяқты құрастыратын және қызмет көрсететін орындарды ашу да ойда бар.
Ә мәтіні
Робототехника бойынша жазғы мектепке шақырамыз!
Жаздың соңғы күндерін қызықты өткізіңіз, сабақтан тыс кезде Сіздер қызығушылық танытатын салалар бойынша өздеріңізге арналған жаңа мүмкіндіктерді ашып, робототехника әлемінен сабақ алыңыз.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе филиалы «КазРоботикс» Қазақстандық білім және спорттық робототехника федерациясымен бірлесе 2018 жылдың 22-24 тамыз аралығында робототехника бойынша жазғы мектеп ұйымдастырады.
33
Жазғы мектеп робототехника мұғалімдері үшін IT-технологиялар саласындағы перспективалық бағытты дамыту, мұғалім қызметін сапалы ұйымдастыру және робототехникалық іс-шараларда жобаларды сәтті жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылған.
Барлық келушілер 2018 жылғы 20 тамызға дейін онлайн режимінде тіркелуі тиіс:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSc_RuH2bs7gELBaD knXx2hdGr3y3nbpqx2FwyAWMMLfitW3g/viewform, өзіңізбен бірге Лего немесе Ардуино білім беру құралын алып келіңіз.
Барлық сұрақтар бойынша жазғы мектептің жетекшісі мен тренерге хабарласуыңыз сұралады:
Гончаров Александр Сергеевич, Казроботикс вице-президенті (ұялы тел.: 87078924589, 87052883301).
Абдиров Раушанбек Тулгабекович, робототехника тренері, Ақтөбе облысы БАИ кафедрасының аға оқытушысы (тел.: 8-701-782-57-82).
Өткізілу орны: «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалы (Тургенов көшесі,86), Робокабинет
Екі мәтіннің ұқсастығы және айырмашылығы
Жанры
Көзделген аудиториясы
(кімдерге арналғандығы)
Мақсаты
Мазмұны
Стилі
Тілі
(морфологиялық, синтаксистік ерекшелігі;
мәтіндегі сөздер, тіркестер және сөйлемдердің қолданылу мақсаты)
34
Жазылым
Үш бөлім бойынша берілген тақырыптардың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз.
[10]
5-бөлім. Білім. Ғылым. Инновация. Тілдік жүйе және норма
Сізге уақыт машинасына мініп, роботтар заманына сапар шегу мүмкіндігі туды делік. Роботтардың сізді қатты таңғалдырған іс-әркеттері туралы көркемдегіш құралдарды қолдана отырып әңгіме жазыңыз.
6-бөлім. Қазіргі қоғам: әлеуметтік теңсіздік. Тілдік жүйе және стиль
Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікке мемлекет кінәлі ме, әлде адамның өзі ме? Сіздің
пікіріңізді растайтын аргументтер мен дәлелдер келтіре отырып, эссе жазыңыз.
7-бөлім. Сәулет өнері. Стильдік ерекшеліктер
Сіз жас сәулетші ретінде кәсіби тәжірибе алмасу мен заманауи сәулет өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылатын Халықаралық сәулетшілер конгресіне қатысып, баяндама жасадыңыз. Көпшілік алдында тиімді сөйлеуге дайындық жолдарын көрсетіп, нұсқаулық жазыңыз.
35
Достарыңызбен бөлісу: |