Дағдылар тобы
|
Ойлау дағдылары ның деңгейі
|
Тапсырмалар сипаттамасы
|
Сұрақтар түрі
|
Тыңдалым
|
Білу және түсіну
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
мәтіннің негізгі мазмұнын, маңызды ақпаратты түсінеді;
мәтіннен арнайы ақпаратты алады;
терминдерді, әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік- мәдени мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді;
фактілер мен пікірлерді ажыратады;
мәтіннің мазмұнын бағалайды;
әртүрлі стильдегі және жанрдағы мәтіндердің негізгі проблемаларын айқындайды;
мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым- қатынастарды анықтайды;
иллюстрациялар/ негізгі сөздер/ тақырыбы/ басталуы бойынша айтылған ойдың мазмұнын
болжайды.
|
Таңдауды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Оқылым
|
тақырыптар бойынша мәтіндердің мазмұнын түсінеді;
әртүрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты алады;
мәтінге сыни тұрғыдан баға береді;
мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды;
шығарманың тақырыбын, идеясын, проблемасын, автордың көзқарасын салыстырады;
оқу стратегияларын пайдаланады.
|
Оқылым негізінде таңдауды, қысқа жауапты, толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Жазылым және тілдік бағдар
|
тілдік құралдарды пайдаланады;
әртүрлі типтегі, жанрдағы және стильдегі мәтіндерді жазады;
ақпараттар арқылы проблемалық сипаттағы мәтіндер жазады;
мәтін негізінде сызбалар, кестелер, диаграммалар жасайды;
белгілі бір тақырып бойынша жоспар жасайды;
әртүрлі типтегі, стильдегі мәтіндердің мазмұнын салыстырады талдайды және бағалайды;
орфографиялық және грамматикалық нормаларды сақтайды.
|
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|
Айтылым
|
талқылайды, өзінің пікірін білдіреді,
тақырыптар аясында диалогке қатысады;
мақсатты аудиторияға арнап монолог құрады;
тақырып бойынша ақпаратты талдайды және жинақтайды;
айтылған ойды бағалайды;
сөйлеу нормаларын сақтайды, тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын пайдаланады.
|
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар
|