Алюминий
Алюминий -табиғатта кең таралған элемент. Периодтық жүйеде 3 периодта, ІІІ топтың негізгі топшасында орналасқан. Алюминий белсенді элемент болғандықтан табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі. Өнеркәсіпте алюминийді, әдетте, алюминий оксидін электролиздеп алады. Алюминий химиялық реакцияларда басқа металдар сияқты тотықсыздандырғыш қасиет көрсететін екідайлы металл. Алюминий қышқыл, сілті ерітінділерімен де әрекеттеседі.Алюминий электр тогын өте жақсы өткізеді. Электрөткізгіштігі жағынан күміс пен мыстан кейінгі үшінші орын алады.Сондықтан таза алюминийден өткізгіш сымдар жасайды. Сонымен қатар, су тазалауда, қағаз өндірісінде және органикалық синтезде катализатор ретінде қолданылады.
9).Алюминийдің валенттілік электрондарының конфигурациясы
А).3s2 3p2
В). 3s2 3p4
С). 3s2 3p6
Д). 3s2 3p1
Е).3s2 3p3
10).Қышқылдық қасиет көрсететін реакция
А).Al(OH)3 + 2HCl = Al(OH)Cl2 + H2O
В). Al(OH)3 + NaOH = Na[Al(OH)4]
С). Al(OH)3 + HCl = Al(OH)2Cl + H2O
Д). Al(OH)3 + 3HCl = AlCl3 + 3H2O
Е). Al(OH)3 + 3HBr = AlBr3 + 6H2O
11).Алюминийдің массалық үлесі ең көп қосылыс
А).NaAlO2
В).AlCl3
С).Al2O3
Д).Al2(SO4)3
Е).Al(OH)3
12).Өнеркәсіпте алюминийді электролиз әдісі арқылы алады. Массасы 54г алюминий оксидінен алынған таза алюминийдің массасы
А).25,9г
В).27,5г
С).24,6г
Д).28,6г
Е).23,6г
Кремний
Элементтің атауы латынның silicium сөзінен шыққан -
«шақпақтас». 1824 жылы Дж.Берцелиус ашқан
Кремний — атомдық нөмірі 14. Периодтық жүйенің үшінші периодының төртінші тобының элементі. Қазіргі электроника үшін өте маңызды.
Кремний жер қыртысында оттегінен кейінгі екінші элемент (масса бойынша 27,6%). Ол бос күйінде кездеспейді, кремнезем түрінде (шақпақтас, құм, кварц) және әртүрлі силикаттар: каолинит, ортоклаз, слюда және т.б. құрамында кеңінен таралған.Өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде де кездеседі.
13. Кремний қышқылының тұздары қалай аталады
A) цианидтер
B) силицидтер
C) нитраттар
D) карбонаттар
E) Силикаттар
14. Кремний атомындағы электрондардың таралу реті
A) 2,5,3
B) 2,6,4
C) 2,8,4
D) 2,4,6
E) 2,8,2
Достарыңызбен бөлісу: |