2.6 Тұқымдық ұрғашы бұзауды азықтандыру принциптері
Сүт кезеңінен кейін жыныстық топқа бөлінген тана-торпақтар өсіру мақсатына, яғни болашақ өніміне сөйкес бағыттандырылып азықтандырылады. Тұқымға қалдырылмаған еркек тана-торпақ жеделдетіп өсіріліп бордақылауға қойылса, үрғашы таналар сүтті сиыр өсіру бағытывда азықтандырылады. Олардың қоректік мұқтаждығы жасы мен тәуліктік салмақ қосымына байланысты өзгереді.
Әр өсу кезеңіндегі тана-торпақтың азықтандыру деңгейі (көлемі) мен қүрылымын (бағытын) межеленген тірілей салмағына жеткізіп, ас қорыту жүйесінің аумағының сыйымдылығын мейлінше кеңейтіп, көп көлемде аумақты жемшөп жеп, сүтті сиыр өсіруге бағыттайды.
Дұрыс азықтандырылған жағдайда нәтижелі ұрықтанған құнажынның тірілей салмағы сақа сиыр тірілей салмағының 70%-на жеткізілуі керек.
Сақаланғандағы тірілей салмағы 500-550кг тартатын сиырларды өсіру үшін төлдің орташа тәуліктік салмақ қосымы алғашқы 6 айда - 650— 700г, 7-12 айлығында 550-600г болып, 18 айлығындағы тірілей салмағы 345 кг-ға жетуін қадағалайды. Тұқымдық еркек бұзаулардың бүдан да жоғары орташа тәуліктік салмақ қосуын (850—950 г) жоспарлап, 16 айлығындағы тірілей салмағын 400—500 кг-ға жеткізеді. Жоспарланған көрсеткіштерге жету үшін тана-құнажын азықтандыруды жан-жақты толықтырып, өсіп, дамып келе жатқан организм мұқтаждығын толық қамтамасыз ететін азықтандыру нормасы бойынша ұйымдастырады.
Тана-құнажын азықтандыру нөтижесін олардың өсіп-жетілуі, салмақ қосуы, тәбеті, сыртқы түрі, көңіл күйіне қарап бақылап, өсу жылдамдығы мен салмақ қосымына сәйкес ай сайын азықтандыру нормасын анықтап, рационын толықтырып отырады. Қыста тана мен қүнажын рационының негізін аумақты ірі және шырынды жемшөп, ал жазда жайылым оты құрастырады. Олардың өр 100кг тірілей салмағына шаққанда рационына қыста — 2—3 кг пішен, 5—6 кг сүрлем енуін есептеп, тәулігіне өр басқа берілетін пішен мен сүрлем көлемін 6—12 айлық танаға — 9—14 кг, одан ересектеріне 15—20 кг пшіендемемен ауыстыруға болады.
Жалпы қоректілігі бойынша рацион ірі азығының '/з жаздық дақыл сабанымен, ал буаздығының соңғы 1,5—2 айында құнажынға берілетін сүрлемнің жартысын пішендемемен ауыстыруға болады. Көкшөпті төулігіне 7-9 айлық танаға — 18—22 кг, 10-12 айлығына - 22-26кг, 13—15 айлығына 35-40кг жегізіп, қүнарлы жемді мүмкіндігінще үнемдеп жұмсайды. Сапалы пішен, пішендеме, сүрлем жеткілікті болса, тана басына тәулігіне бір жасқа толғанша - 0,2—0,5 кг, ал аумақты жемшеп сапасы төмен болса, 1—1,5 кг жем жегізеді. Тұқымға қалдырылған еркек тананың тірілей салмағының 600—650 г төуліктік салмақ қосымын қамтамасыз ететіндей күніне басына 2—2,5 кг жем береді. Дүрыс азықтандырылған тана 12 айлығында туғандағы тірілей салмағын 7,5—8 есе, 18 айлығында 11—12 есе ұлғайтады.
Достарыңызбен бөлісу: |