Тппж20-25 топ студенті Орындаған: Әсемханқызы Д. Жетекшісі: Джетписбаева Б. Ш. Алматы 2022ж мазмұНЫ



бет2/12
Дата19.05.2022
өлшемі107.54 Kb.
#457926
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
аналық төл шаруашылығы

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
2. Аналық төлдерге арналған шаруашылық жобасы


Мал азықтандыруды қоректік құндылығы малдың физиологиялық қоректік мұқтаждығын белгілейтін азықтандыру нормасының (мөлшерінің) көрсеткіштеріне сәйкестендіріп құрастырылған азықтандыру рациондары, яғни жегізілетін азықтары мен азықтық қосындылары арқылы іске асырады. Мал азықтандыру ғылымының мақсаты малдың қоректік қажеттігін мұқтаждық көрсеткіштеріне сәйкес энергетикалық және құрылымдық қоректік заттар және барлық минералды, биологиялық әсерлі қосындылармен жан-жақты және толығымен қамтамасыз у болып табылады. Малдың қоректік қажеттігі арнайы нормалық көрсеткіштермен белгіленіп, өтелетіндіктен мұндай азықтандыру жүйесін нормалап азықтандыру (нормированное кормление) дейді. Малды белгіленген мөлшер, яғни нормасыз, еркіңше азықтандыру олардан өндірілген өнім бірлігіне жұмсалған азық шығынын күрт өсіріп, жемшеп қорының пайдасыз ысырабына соқтырады. Мал шаруашылығы өнімін өндірудегі жұмсалатын тікелей шығындарда азық шығындарының үлесі басым болғандықтан, бұл өнімнің өзіндік құнын қымбаттатып, сала рентабелдігін төмендететін экономикалық фактор болып табылады.
Осы тұрғыдан алғанда мал азықтандыруда организм қажеттігінен аз да немесе одан көп те мөлшерде азық жұмсау зиянды. Организм қажеттілігінен аз мөлшерде жеткізілген қоректік заттар зат пен энергия алмасуын толық қамтамасыз ете алмай, төл өсімі мен жетілімін тежесе, сақа малдың өнімділігін кемітіп, өзін арықтатады. Қажетті шамадан көп енген қоректік заттар да ас қорыту барысында толық қорытылып, игерілмей, көбі босқа, пайдасыз ысырапталады. Бұл бір жағынан, өнімнің өзіндік құнын қымбаттатса, екінші жағынан, зат алмасуын да бұзып, оған, кедергі келтіреді.
Организм тіршілігінің қоректік қажеттілігі мал түлігі мен құс түріне, жасына, жынысына, физиологиялық жағдайына және өнімділігіне байланысты өзгереді. Нормалап азықтандыруды малдың мұқтаждық көрсеткіштері, яғни азықтандыру нормасы мен оны қамтамасыз ету үшін малға жегізілетін жемшөп пен азықтық қосындылар мөлшерін, яғни азық-тандыру рационының (рационы кормления) қоректілік көрсеткіштерін сәйкестендіру арқылы жүзеге асырады.
Организм тіршілігін қамтамасыз етіп, өнім өндіру қажеттілігінен туындайтын ол мұқтаждық көлемі дене тірілей салмағы (массасы) мен тәуліктік салмақ қосуы, сиыр сүттілігі, саулық жүнділігі, мекен жұмыртқалағыштыры секілді өнімділік көрсеткіштеріне байланысты өзгереді. Организм тіршілігін қамтамасыз етуге қажет энергия мен қоректік мұқтаждығы абсолюттік тынығудағы (абсолютный покой) малды ашықтырып барып анықтайды. Өнімділігі орта деңгейлі еш жұмыс істемей (өнім өндірмей) тынығудағы мал денесіндегі ас қорытуын, қан айналы-мын, тыныстануын, т. б. тіршілік қызметін қалыпты деңгейде сақтауға организмдегі жалпы энергия шығынының 40-60% жұмсалады. Демек, осы шығын көлемі көмегімен өнім өндіруге жұмсалатын энергия көлемі өседі. Былайша айтқанда денесі ірі болып, тірілей салмағы ауырлаған сайын тіршілігін қамтамасыз етуге жұмсалатын қоректік заттар үлесі өседі де, өнімділігі жоғарылаған сайын оған жұмсалатын қоректік заттар үлесі артады. Организмдегі таза өнім өндіруге (түзуге) жұмсалған энергия көлемін (чистая энергия продукции) тікелей калориметриялық бомбада жағып немесе есептеп шығарады. Бірақ өнім өндіру үшін бүкіл тіршілік үрдісін қамтамасыз ету қажет болғандықтан, организм мұқтаждығы өнім энергиясы (қоректік заттары) мен оны өндіруге жұмсалатын энергия (қоректік заттар) қосындысымен белгіленеді (суммарная норма кормления). Организмнің өнімдік мұқтаждығы оның ішкі физиологиясына, ал оны қамтамасыз ету мұқтаждығы сыртқы орта жағдайларына тәуелді өзгеретіндіктен, олар осы біріктірілген азықтандыру нормасымен белгіленеді.
Қорыту барысында сіңірілген азықтың көмірсулар, протеиндер, майлар түріндегі ірі де күрделі қоректік заттары зат алмасуының катоболизм, яғни тотығу реакцияларында ферменттер ықпалы мен қарапайым, жай қосындыларға ыдырап, олардағы энергия босайды да, фосфат байланыстары арқылы аденозинүшфосфат (АҮФ) түрінде байла-нып, сақталады. Анаболизм реакцияларында, керісінше, қарапайым қосындылардан ферменттік түзу арқылы белоктар, нуклеин қышқылдары.
Сүтті тұқымды ірі қара малын азықтандыру. Сауын сиырды азықтандыру нормасы мен рационы. Сауын сиырларды азықтандыру тех-никасымен нормасын анықтау және рацион жасау негіздерімен танысу.
Методикалық нұсқаулар. Сауын сиырдың қоректік заттарға деген мұқтаждығы олардың салмағына, тәулігіне сауылған сүтінің мөлшеріне, майлылығына, неше рет бұзаулағанына, жасына және құңдылығына тікелей байлаңысты.
Азықтандырудың талдап жасалғаң нормасында азықтық қоректілік көрсеткіші ретіңде алмасу энергиясы МДж немесе азық өлшемін қолданады. Малдарды азықтандырылуын бақылау үшін рациондағы азықтық құрғақ заттардың мөлшерін де есептеу қажет.
Тәулігіне жейтін құрғақ заттың, соның ішінде көлемді азықтар қосқандағы құрғақ зат мөлшері.
Норма бойынша сауын сиырлар сүтену кезінде әр 100 кг тірілей салмағына 2,8 кг құрғақ зат жейді. Негізінде ғылыми түрде жасалған рацион бойынша сауын сиырлардың сүттену кезеңінде 3 килограмға дейін құрғақ зат жеуге мүмкіндігі бар, одан кейінгі кезендері бұл мөлшер кеми бастайды. Сонымен бірге, сиырлардың құрғақ қоректі заттарды пайдалануы, рационьшын құрамы мен азықтың сапасына ғана емес, малдың жасына, тірілей салмағына да байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет