Тренинг: Педагогтың эмоционалды тұрақтылығы Қызылорда қаласы



Дата15.03.2024
өлшемі20.52 Kb.
#495752
түріСабақ
Педагогтын эмоционалды турактылыгы тренинг


«Бекітемін»
Серғали Толыбеков атындағы
№3 мектеп-лицей директоры:
________М.Н.Абдыкаликова
Тренинг:
Педагогтың эмоционалды тұрақтылығы
Қызылорда қаласы
Педагогикалық қызмет айқын әртүрлі жағдайлар мен әрқилы факторларға толы, өзінің потенциалды мүмкіндіктеріне салмақ түсіретін, эмоциналды күйді елемеу жағын жоғарылатады. Мұндай жағдайлар тұлғаның жүйкесіне, психкалық қобалжуына, жүйке күйзелісіне, психосоматикалық ауруларға әкеліп соғады. Соған байланысты педагогтың психикалық денсаулығын сақтау, психологиялық қызметтің бір мақсаты болып табылады.
Мақсаты:

  • Психоэмоционалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру

  • Педагогтардың эмоционалды күйінің алдын-алу

  • Қарым-қатынастағы біліктілігін арттыру

Міндеттері:

  • Жағымсыз психоэмоцианалды күйін реттеу дағдысын қалыптастыру;

  • Педагогтың тұлғалық және жағдайға сай қобалжуын төмендету;

  • Педагогтарды жағымсыз психоэмоциалды күйін реттеу тәсілдерімен таныстыру;

Қатысушылар: педагогтар толы – 15-20 адам
Құралдар: реалаксация музыка, ұлттық музыка жазылған басылымдар
Уақыты: 40-50мин


Сабақ барысы:

  1. Сәлемдесу.

  • Сәлемдесу. Әр қатысушы барлық сөзбен сәлемдеседі: «Мен сіздермен қауышқаныма ризамын!.»

  • «Мақтаулы қошемет». Қатысушылар дөңгеленіп отырады. Әр қатысушы оң жағындағы көршісіне айтады «Маған өте ұнайды, сен қалайсың...». Қабылдаушы айтады: «Рахмет, бұл менің өзіме де ұнайды, сонымен бірге, мен әліде болса...».

  1. Негізгі бөлім.

«Педагог қарбаласы».Ойлауға ақпарат. 80 пайыз педагогтар жоғары жағдайға сай қобалжу деңгейі болса, 60 пайыз әрдайым қобалжуға ие.
Талқылауға арналған сұрақтар:

  • 60 пайыз балалармен қарым-қатынас орнатуда педагогтардың қарбаласы мен қысымының арасындағы әртүрлілік немен көрсетіледі?

  • Педагогикалық қарым-қатынаста қақтығыс пен қарбаластың арақатынасы қандай?

Қойылған сұрақтарды талдау, эмоционалды күйін реттеу тәсілдерімен таныстырудың маңыздылығын қорытындылау.


Әртүрлі психологиялық денсаулық пен эмоционалды тұрақтылықты сақтау тәсілдерімен таныстыру.
1.1.Тыныс алу жаттығулары.
«Демалыс» С.М. Тұр, түзу, аяғыңды иықпен теңестіріп қою. Дем ал. Дем алып еңкей, мойынмен, иықты бос ұста, бас пен қол еденге еркін жететіндей салбырап тұр. Терең дем ал, өзіңнің тынысыңды бақыла. Мұндай күйде 1 минут тұру керек. Сосын жайлап түзелеміз.
1.2.Сергіту жаттығулары.
«Ха-тыныс алу». Тұру, аяғыңды иықпен теңестір, қолды белден төмен қой. Деміңді терең шығар, қолыңды бас жағынан жоғары көтер. Деміңді ұстап тұр. Шығар – тез арада алға қарай еңкей, қолыңды өзінен алға «Ха!» дыбысымен, ауаға қарай лақтыр.
1.3.«Көзбе көз жаттығуы».
«Теңіз жүзу». Орнықты отырыңыз. Демін бірдей болуы тиіс. Көзіңді жұм және еркін тұр. Сіз өзіңізді теңізде жүзіп келе жатқандай ойла. Сізде мақсат, құбылнама, карта, ескек, тұтқыш жоқ. Сізді жел мен мұхит толқыны қайда апарса соған қозғаласын. Үлкен толқын бірнеше уақыт бойы сізді жабуы мүмкін, бірақта қайтадан, жоғары көтереді... Осы толқынды сезінуге тырыс. Толқын қозғалысын сезін, жылы күн, бір тамшы жаңбыр... теңіз жастығы сіздің алдыңызда, сізді қолдайды. Өз денеңізді тыңдаңыз: үлкен мұхитта өзіңізді кішкентай жүзумен елестеткенде, сізде қандай түйсік тууы мүмкін?.
1.4.«Би қимыл жаттығуы».
Қатысушылар дөңгеленіп тұрады және қолдарынан ұстайды. Музыка ойнайды. Кенеттен қатысушылар қозғалады, музыкаға сай ритмдер және өздік ритмдерін жасайды, өзінің жеке қимылдарын жалпы биге ендіреді. (5 минут)
«Дененің жеке бөліктерімен билеу».
Қатысушылар дөңгеленіп тұрады. Музыка ойнайды. Жүргізуші дене бөліктерін кезекпен айтады, яғни би сол арқылы орындалады. (мысалы, баспен билеу, иықпен билеу с.с.с). Қатысушылар аталған денемен аздап билеуге тырысады.

  1. «Өз-өзін реттеу тәсілдері.

Қалыпты күйді сақтауға өз-өзіңе бұйрық беру, қалыпты және шыдауға өзі сендіру: «Мен салмақтымын» т.б.
Айқын сыртқы эмоция бойынша эмоцианалды күйін өздік бақылау: бет әлпетінің қозғалысы (мимика), бұлшықеттер қысымының болуы, дем алудың жилігінің жоғары болуы.

  1. Рефлексия «Бүгін мен...»

Әрбір қатысушы сөзді аяқтайды: «Мен (маған) бүгін....»

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет