Сыртқы жарық құралдары мен дыбыс сигналдарын пайдалану. Сыртқы жарық беру құралдары мен дыбыс сигналдарын дұрыс қолданудың маңызы өте зор. Бұған жүргізушінің өмірі, денсаулығы, автокөліктің бүтіндігі мен жүруге қатысушылардың қауіпсіздігі тікелей байланысты. Сырткы жарық беру құралдары автокөліктің сыртында орналасқан. - Оларға мыналар жатады:
- 1 - жақын жарық шамдары (ақ);
- 2 - алыс жарык шамдары (ақ);
- 3 - бұрылыс көрсеткіштері (қызгылт сары);
- 4 - габаритті шамдар (ақ);
- 5 - күндізгі жүру шамдары;
- 6 - турманға қарсы шамдар (ақ немесе сары);
- 7 - қосымша тежеу сигналдары (қызыл);
- 8 - габаритті шамдар (қызыл);
- 9 - тұманға қарсы шамдар (қызыл);
- 10 - жарық шағылыстырғаштар;
- 11- артқы жүру шамдары (ақ);
- 12 - тежеу сигналдары (қызыл);
- 13 - нөмірлік белгіні жарық ететін шамдар (ақ).
- Көріну жеткіліксіз жағдайларда ғана пайдаланылатын тұманға қарсы артқы үлкен шамдарды пайдалану кезінде оларды стоп - сигналдарға қосуға тыйым салынады.
- Қауіп төндіретін немесе қозғалыстың басқа қатысушыларына кедергі жасауы мүмкін көлік құралдары қызыл сары немесе сары түсті, жалтылдайтын шамшырақтамен жарақталады.
- Дыбыс сигналын беру жол-көлік оқиғасын болдырмау үшін қажет болған жағдайда ғана, ал елді мекендерден тыс жерде басқа жүргізушілерді басып озуға ниетті екендігі туралы сақтандыру үшін рұқсат етілген.
- Заманауи автокөліктердің құрылымы күндіз жақын жарық шамдарының жылдам қысқа мерзімді қосылуын және түнде жақын жарықтан алыс жарыққа ауыстырылу мүмкіндігін қарастырған. Мұндай сигналды пайдалану басып озу немесе рұқсат етілгеннен аз жылдамдықпен жүріп келе жатқан көлік құралдарының сол жақ жолақты босату қажеттігі туралы ескерту кызметін атқарды.
- в) Қорытынды бөлім:
- Сұрақтар:
- 1. Теміржолдарды қандай жерлерде кесіп өтуге рұқсат етілген?
- 2. Жүргізушінің автомагистральда мәжбүрлі тоқтау кезіндегі іс әрекеттері қандай?
- 3. Тұрғын аймақтағы жүріс кезінде жүргізушіге неге тыйым салынады?
- 4. Көлік құралдарының жүрісіне арналған жолақ қалай белгіленеді?
- 5. Тұманға қарсы артқы шамдар қандай жағдайларда пайдаланылады?
- Тапсырмалар:
- 1. Автокөліктің сыртқы жарық беру аспаптарын санамалап айтыңдар.
- 2. Автомагистральдің кәдімгі қала сыртындағы жолдан айырмашылығы неде екендігін түсіндіріңдер.
- 3. Маршруттық көлік құралдарының басымдығына қатысты жол жүрісіне басқа қатысушылармен жол берілетін әдеттегі бұзушылықтарды сипаттаңдар.
- 4. ҚР ЖЖҚ-на «Тұрғын аймақтардағы жүріс» тарауын енгізудің себептерін керсетiңдер.
- 5. Топтық жұмыс. Теміржол өткелінің неғұрлым қауіпсіз макетін жасаңдар (ұл балалар макеттің негiзін жасайды, қыз балалар бөлшектерді өңдеп бояйды).
Достарыңызбен бөлісу: |