Түрік қағанаты Анықтамасы: Қазақстан жеріндегі орта ғасырлардағы мемлекет. Хронологиясы



бет6/82
Дата02.01.2022
өлшемі0.65 Mb.
#453524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
ТИРЕК-СЫЗБАЛАР. 7 СЫНЫП (1)

§ 4.Қарлұқ қағанаты.
1.Анықтамасы: Қазақстан жеріндегі орта ғасырлардағы мемлекет.
2.Хронологиясы: 756-940ж

3.Территориясы: Жетісу.Орта Азияның оңт.шығ.Шаш қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды.

4 .Билеушісі: Қаған
5.Сипаты: ерте феодалдық, жерге меншік
6.Тарихи тұлғалары: Білге Күл Қадыр-хан. – Испиджаб қаласының билеушісі өзін қаған деп жариялайды.Арслан ханның баласы Сатұқ Боғра хан.
7.Тайпалары: үш жікіл, үш бескіл, бұлақ, көкеркін, тухси тайпалары және лазана мен фаракия рулары да аталған.
8.Тілі: түрік тілдес
9.Діні: ислам
10.Астанасы: Суяб
1 1.Саясаты:

11.1. Ішкі- халық бір орталыққа бағынған мемлекет болды.

11.2.Сыртқы-көрші мемлекеттермен соғыс жүргізіп отырды..

1 2.Соғыстары:

12.1.766-775ж.Қытайдан қауып болдырмау үшін Қашғарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтті.

12.2. IXғ. басында қарлұқтар Ұйғыр қағанатынан жеңіліс табады

12.3.840ж.қарлұқтар қырғыздармен бірігіп Ұйғыр қағанатын тас-талқан етіп жеңеді

1 2.4.Самани әулеті мұсылман дінінің шекарасын кеңейту сылтаумен «ғазауат соғыс»жариялап Испиджабты басып алады

12.5.Қарлұқтар арабтарға қарсы 712-713ж.

Соғды, Шаш, Ферғаналықтармен бірігіп күрес жүргізді.

1 3.Шаруашылығы:

13.1.Жартылай көшпелі, жартылай

отырықшы мал шар/ғы

13.2.Отырықшы егін шар/ғы


14.Мәдениеті:Рухани мәдениет жағынан аталар зиратының басына тастан жасалған балбал мүсіндер қою кең тараған.VII-VIIIғ.

Бастап құлпытас орнату, оған жазу жазып қою әдеті дами бастады.


1 5.Жазбаша деректер:

15.1.Қарлұқтардың «бұлақ» руы Алтай тауының баурайында мекендегендігі Қытай деректерінде кездеседі.

15.2.Қарлұқтардың түріктермен түбі бір екендігі араб-парсы деректерінде кездеседі

15.3.Әл-Марвазидің еңбегінде: «Қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз-оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түргештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне елдеріне қарай жылжыды» деп жазды.


1 5.4. «Ху:дуд әл-алам» анонимінің қолжазбасында: «қарлұқтар тұрған аймақ... халық неғұрлым жиі қоныстанған және ең бай жерлер... оларда қалалар мен отырықшы мекендер көп... Қарлұқатар елінде 25 қала мен қоныс бар.Олрдың ішінде:Құлан, Мирки, Атлах, Балық, Барсхан, Талғар сияқты атақтылары бар» деп хабарлайды.

15.5.Әл-Идриси «Қаған қаласының халқы көп, бекінісі мықты, әскері және қару-жарағы мол» деп жазды.
1 6.Археологиялық ескерткіш:

16.1.Тараз қаласының пайда болуын қарлұқ қоныстарының орнынан басталған деп көрсетеді.

16.2.Орхон-Енисей, Талас-Шу өзендерінің бойынан «Күлтегін», «Тоныкөк» жазбалары табылды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет