§24.Моғолстан.
1.Анықтамасы:XIVғасырдың ортасына қарай Шағатай ұлысы ыдырап, Шағатай ұлысының шығыс бөлігіне құрылған мемлекет.
2 .Хронологиясы: XIVғасырдың ортасы – XVIғасырдың басы.
3.Территориясы: Оңтүстік-шығыс Қазақстан мен Қырғыстан аумағы.
4.Билеушісі: Хан
5.Сипаты: Хандық билік орнады
6.Тарихи тұлғалары: Дулат тайпасының әмірі Поладшы басқарған.1348ж.Шағатай ұрпағы Дува ханның немересі он алты жасар Тоғылық-Темір сайланады.Қамар ад-дин мен інісі Шамс ад-диндер билікті жүргізді. Қамар ад-дин Тоғылық-Темірдің соңғы ұрпағы Қызыр-Қожа оғланды хан тағына отырғызады.1433-1462ж.хан тағына Есен-бұға келеді.
7.Тайпалары: Дулат, қаңлы, үйсін, арғын, баарын,
барлас, бұлғашы.
8.Тілі: түрік тілдес
9 .Діні: ислам
1 0.Астанасы:Алмалық
1 1.Саясаты:
11.1. Ішкі- халық бір орталыққа бағынған мемлекет
11.2.Сыртқы- көрші мемлекеттермен кішігірім
соғыстар болып тұрды
1 2.Соғыстары:
12.1.1360-1361жж.Мауараннахрға екі рет жорық жасап, баласы Ілияс-Қажаны хан тағына отырғызады.
12.2.1365жылы 22маусымда Әмір Темір мен Ілияс-Қажа арасында шешуші «Батпақ шайқасы» болады.
Шайқаста Ілияс-Қажа жеңіп Әмір Темір қашып құтылады.
13.Шарауашылығы: Мал шаруашылығы
14.Мәдениеті: Көрші мемлекеттермен сауда қатынасы орнады.
1 5.Деректер:
15.1. Шығыс деректерінде «монғол» сөзіндегі «н» әріпі түсіп қалып, «моғол» немесе «моғолстан» сөзі қалыптасқан.
15.2.Мырза Мұхамед Хайдардың жазуы бойынша: «Тоғылық-Темір хан кезінде бір күнде 160мың адам ислам дінін қабылдаған.Ислам дінін қабылдамаған әмірлер мен бектерді өлім жазасына кескен.»
1 6.Ыдырауы: Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-Рашид кезінде ыдырайды.Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді.
Достарыңызбен бөлісу: |