486
Содан соң ұштым көкке ерінбестен,
Ауаға кеттім сіңіп көрінбестен!»
Тарау. Өгдүлміш Одғұрмыштың түсін қалай жору
керектігін айтады
Өгдүлміш айтты: «Қызық іс екен, – деп,
Пайдасы өте жақсы түс екен, – деп.
Жүрмесін жөнсіз ойға көңлің ауып,
Жоруға болады ғой инін тауып.
Түсіңде көтерілсең, бұ қылығың –
Көретін құрметің мен ұлылығың.
5915.
Қаншама көтерілсең көкке жедел,
Бақ–дәулет, көтерілер сонша бедел.
Сатымен өрмелесең – сол үшін де,
Ұлы атың жайылады ел ішінде.
Жорушы түсті жақсы байыптаған,
Айтыпты дәлел сөзді сайып соған:
Сатымен көтеріле жөнелгенің,
Бір-бірлеп
көп құрметке бөленгенің,
Кім қанша көтерілсе – сонша құрмет,
Құт-дәулет, бар байлыққа кенелгенің!»
5920. Ыдыстан су ішкенің тоғарылып, –
Жұлдызың кетеді екен жоғарылап.
Көкке өрлеп,
аспанға ұшып жағаласаң, –
Тәңірім береді екен не қаласаң!»
Тарау. Дәл осы түсті Одғұрмыштың басқаша етіп
жорығанын айтады
487
«Ой болса, – деді Одғұрмыш, – торығаның,
Түсімді бұлай емес жорығаның.
Бұ түсті
жатып алып көрсең өзің,
Жоруың солай шығар, жақсы сөзің.
Сен үшін қымбат нәрсе – дүние-мал,
Со болса тілегенің, қалауыңды ал.
5925. Тәрк қып дүниені қашып, шөгіп,
Жатырмын осы жерде азап шегіп.
Жорыдың түсті
шала алдың дағын,
Бұ түсті мен жориын, ал, тыңдағын!»
Достарыңызбен бөлісу: