566
түсетін
көрінеді, ол былай дейді: «Бұ қылған істеріңді дәйім
(тәңірі) жазып отырады» – деп, мәселенің болмысын (бұ бәйіттің
мазмұнын) айқынырақ ашып береді. Дәлірек айтсақ, «Алла
тағаланың тікелей көмекшілері» болып қызмет атқаратын, қазақ
арасында әрдайым айтыла беретін «екі иықтағы екі періште»
кісінің қылған ісін ылғи да хатқа түсіріп, жазып отыратын болса
керек (Б.Сағындықұлы. Ғаламның ғажайып сырлары. 1997, 46-6.).
Әңгіме осында болып отыр. Періштелер істейтін істі ешқандай
адам баласы істей алмайтыны белгілі ғой!
5199.
Дін жолы мен Жалған жолы – екі айыр, Бұл екеуі
жанаспайды, не қайыр! А.Егеубаев «Бұл дін «далы», дүние «далы»
қабыспас, Қарама-қарсы жолдары да жанаспас»
деп аударған,
бірақ түсінік берілмеген (5311-бәйіт). «Осы қалай болады?» деп
ойлаған аудармашы бұл бәйітті екінші рет тәржімалап беріпті:
«Бұл дін ділі, дүние ділі кірікпес, Қалайша екеуі, жолдары да
бірікпес» – деп. Көне Түркі тілінде далы (дал) сөзі орысша «ветвь,
ветка» деген мағына береді. С.Н.Иванов «две ветви» деп дұрыс
аударыпты (5311).
Діл деген сөз (орысша: «сердце, душа, мысль»)
парсы тілінен ауысқан. «Дін» және «дүние» деген абстракциялық
ұғымдарда жүрек (жан, ой) бола ма? – бұл өзі түсініксіздеу мәселе.
5299.
Өлімді ойлан, ол көзің мен мұрындай... Дастанды өзбек
тіліне аударған Қ.Каримов «Өлім деген адамның көзі мен мұрны
сияқты жап-жақын жерде тұрады» деген ескерту жасайды.
5372.
Жой бұттарын, үйі-жайын өртеген... бұл жерде автор
кәпірлердің бұтқа табынатындығын айтып отыр.
5554. «
Есекқырған» туды – көзге шалынды... Мұндағы
«Есекқырған» жұлдызы (Юпитер планетасы) түпнұсқада
Қарақұш деп берілген.
5555.
Сириус пен Айыр келіп сап құрды, Ззауза туып көздің
нұрын ап тұрды. Түпнұсқада бұл жұлдыздар Йылдрық, Адғыр
және Арантиз деп жазылған. Зауза жұлдызы түркі тілдерінде
«Мизан», «Таразы» деп те аталады.
5556.
Түрлі түсті нұр төгілді қалықтап, Әзірейіл тартты
керней шалықтап. Бұл бәйіттің бірінші жолы түпнұсқада
«Қырғауыл көтерілді аспанға өрлеп» деп берілген. С.Н.Ивановтың
түсіндіруі бойынша бұл жердегі қырғауыл сөзі «таңғы табиғат
түрінің түрлі-түсті болып құлпырып
тұрғандығын білдіретін
567
образды сөз» (ол ұшатын тірі қырғауылдың өзі емес, табиғаттың
түсін, түрін, көркін, суретін көрсететін теңеу сөз) [5677-бәйіт].
Бұл бәйіттің екінші
жолын А. Егеубаев «Ыбры айтып үні шықты
шалықтап» деп аударған [5677], бірақ Ыбыры сөзіне түсінік
бермеген. Ыбры (дәлірек айтқанда, «ибри») сөзін Қ.Каримов
Исрофил деп береді, С.Н.Иванов Азраил періште деп аударған.
Біз де осылай аудардық.
5637. Осы бәйіттен басталатын тақырыптың атына байланысты
жазылған
валлам сөзі –
валлаху аьлам сөзінің
қысқартылып
айтылатын түрі «шынында да солай» деген ұғым береді.
5741.
Адам өзі төрт нәрседен тұрады... Осы төрт нәр
туралы
С.Н.Иванов мынадай түсінік береді:
адам денесіндегі бұл төрт
нәрсе өзара араз (келіспейтін) көрінеді. Көне Шығыс
елдерінің
медициналық ілімі бойынша адам денесінде оның адам ретінде
өмір сүруінің материалдық негізі, реті
қалыптасқан түрі-түсі
жағынан өзара ажыратылып тұратын төрт сұйық элемент бар:
қызыл элемент – қан, сары элемент – от, қара элемент – ірің, ақ
элемент – қақырық, сілекей. Ертедегі медициналық календарь
былай деп таниды: осы аталып отырған элементтердің ара
салмағы бұзыла қалса, ол кісінің денесі мен рухы жағынан ауру
болуына себепкер болады. Гиппократтың бұл ілімі бойынша, адам
денесіндегі төрт түрлі «сол»-дің қай түрі басым болуына қарай
айқындалатын темпераменттің төрт типі қалыптасқан: сангвиник
– қан, флегматик – сілекей, холерик – сары от, меланхолик – қара
от [5866, 1053-бәйіттер].
5802.
Қу дүние қоймас ойын-оспағын, «Аяқ» десең, көрсетеді
Достарыңызбен бөлісу: