Сөз басы. Күнтоғды патша туралы
Ақыл оңдап, білім ашар зердені,
Ұқтырады Жалған ісін, әр нені.
Фәни жалған – мыстан кемпір, байқасаң,
Қылығы – қыз, жасы – кәрі, жай қасаң.
Кейде – әдемі, қыздың ісін істейді,
Мәз қылады, бірақ қолға түспейді.
Сүйсең – қашып, киіктей боп ұшады,
Қаша қойсаң – аяғыңды құшады.
395. Безеніп ап, кейде ізіңнен қалмайды,
Кейде, көрмей, жерден көзін алмайды.
Жүз үйретіп, кейде келмес жуысып,
Жалт береді, сақ тұрады суысып.
Қанша бекті қалжыратты қартаймай,
Жұтты оларды, өз табаны бір таймай.
Дана, білгір бек болды бір заманда,
Сол кез әлем жайнап тұрды һәманда.
Бұ – Күнтоғды белгілі еді, ал енді
Бағы жанып, шарлады аты әлемді.
400. Әділ ісі кең пейілге сай еді,
Сөзі таза, көз-көңілі бай еді.
Білімді бек, сергек барлық кездерде,
Жауға – зауал, от боп тиді ездерге.
Өр көңілді, ер жүрек боп ерледі,
Әділ іспен әр күн сайын өрледі.
48
Ел басқарды ылғи ойлап табысты,
Ынтасы мен саясаты қабысты.
Бір шайырдың бар осындай дос сөзі,
Оқығанның ашылады қос көзі:
405. «Ынта, жігер ер жігіттен табылсын,
Іске жаман оның жолы жабылсын.
Ынта, жігер кісілікке керек қой,
Ер қадірі соған қарап танылсын».
Бұ Күнтоғды бар қылығы сай болып,
Жарқырайды әлемге күн, ай болып.
Зерделіні жақын тартты, жайлады,
Білімдарды бас жұмысқа сайлады.
Не бектерді жинады сан тараптан,
Ақылды мен білімдіні сараптап.
410. Елдің ісін жөндеп ізге салады,
Айрықша бір кісілерді қалады, –
Жәрдем беріп, әр істі өзі бастайтын,
Жан тындырып, бәрін істеп тастайтын.
Мұң айтыпты бір күн тұрып бұл арыс:
«Көп қой бекте айтар сөз бен қылар іс.
Бас қатырар бар ғой істер сан әлі,
Соны атқарар адам керек саналы.
Барлық істі қалай істеп тынайын,
Бір ер керек білетін іс сыңайын.
415. Керек біреу шығатұғын қасқарып,
Ақыл, білім қосатын ел басқарып.
49
Әділ, адал, бауырмал да сенімді,
Тіл, көңілі –түзу, ісі – өнімді.
Қыла берсе менің барлық ісімді,
Біле білсе сыртым менен ішімді».
Тыңда, айтыпты сынайтын ер көп көрген,
Жасы жетіп, көп нәрсені өткерген:
«Керек ерге жәрдемші, дос саналар,
Ақылменен ел билейтін даналар.
420. Дос – көмекші істі тәмам етеді,
Істі білген тілегіне жетеді.
Дос көп болса, бектің түгел тобасы,
Бар іс бітер бүлінбей жөн-жобасы.
Барлық істе жәрдемшілер керек деп,
Бек ісімен жүрсін және дедектеп.
Іздеп, қолға көмекшілер түспеді,
Бар жұмысты патша қолмен істеді.
Жанды жейтін көп қой бейнет құйыны,
Рахатпен бірге жүрер қиыны».
425. Бір әулие сөз айтыпты сынайтын,
Қарап тұрсаң, сөзі жақсы ұнайтын:
«Тыныш болсаң – бәле келіп жағысар,
Сен қуансаң – қайғы келіп жабысар.
Адам өссе, бас ауру да өседі,
«Басқа қарай бөрік киер» деседі.
Бар патшаның көз-құлағы, жақтасы,
Оған ашық барша жұрттың қақпасы».
50
Ез адамды буындырып дүрелеп,
Жаман жанды үйден қуды түре кеп.
430. Сақ отырып, елін сергек басқарды-ай,
Құт көбейіп, аты болды асқардай.
Бұған ұқсас шайыр сөзі, батасы,
Бұ сөз болған барша сөздің атасы:
«Сақ, сергекті мақтап халық «ұтты» дер,
Бейқам жүрген мың түменді жұтты жер».
Қалма ғапыл, сақ жүргенің оздырар,
Бейқамдығың екі өмірде аздырар.
Қамсыз адам со мінезден табады:
Жау келгенде, сол өмірем қабады.
435. Тыңда: депті әлем билеп тұрған ер,
Сақ жүрумен кейін жауын ұрған ер:
«Елін патша сақ жүргенде сақтайды,
Сақ жүруді шариғат та жақтайды.
Бейқам адам ұйықтап өтер бекерге,
Болма қамсыз, сақтану шарт тек ерге».
Патша сақ боп, пайда көрді қол асты,
О пайдасы татулыққа жол ашты.
Халық байып, ел де мінді қуатқа,
Қой мен қасқыр бірге барды суатқа.
440. Ашты мақтап жақтаушылар қойынын, –
Жаулары естіп, салбыратты мойынын.
Пана іздеген сиынып, бас иді кеп,
Біреу патша босағасын сүйді кеп.
51
Тыңда: айтыпты ойы сергек оянған,
Сөзі гүлдей түмен түске боянған:
«Сергек өмір бекке керек жүз есе,
Жөн-жорықты әділ ұстап, түзесе.
Өте жақсы бек болып ап, жол тану,
Одан жақсы әділ заңды қолдану.
445. Бек жақсы боп тура құрса санатын,
Елде бақыт жаяр еді қанатын.
Ерге жақсы ат қандай бақыт, бел еді,
Сол атпенен мәңгілік құт келеді.
Ел-жұрт ісін кісілікпен істесе,
Ол – бақытты жақсы атақтан түспесе».
Бұ патшаның жақсылығын ел көрді,
Даңқы әлемді шыр айналып үлгерді.
Аты күнде дұға болып оқылды,
Өсті күнде бағы, өзі де ақылды.
450. Әлем елі қалап, келіп жосылды,
Жиылып кеп өздігінен қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: |