Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Айтолдының Өгдүлмішке ақыл-кеңес бергенін айтады



Pdf көрінісі
бет33/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Айтолдының Өгдүлмішке ақыл-кеңес бергенін айтады
Тіл, көңілмен ойлан Алла жайында,
Бұ күн сенбе, ертеңгі істі дайында.
Жақсы, жаман – Құдай ісі иінді,
Соған сеніп, шеш істегі түйінді.
1265.Бар керекті сұра Алладан сол үшін,
Одан басқа ешкім бермес қол ұшын.
Алла әмірін қадір тұтып, ер сен де, 
Қадірлі бол күні бүгін, ертең де.
Бол ұстамды түзеп мінез, бас сақтап, 
Кішік көрін, бөсіп кетпей асқақтап.
Байлық іздеп, отқа түспе түбінде, 
Аттамағын жаттың ала жібін де.
Жасап біраз, бастым өмір байтағын
Ол не қылды енді, міне, байқағын.
1270. Жей алмадым жиған малды ерте-кеш, 
Өтті күнім – тимеді оның пайдасы еш.
Маған жүк боп, қалды саған бар малым, 
Жан рахат соны жеші – арманым.
Ұстай білсең мұны қолға алғанда, – 
Жүзің жарқын екі бірдей Жалғанда.
Бұ байлықты егер ұстай білмесең, 
Жеткізе алмай тарығасың мүлде сен.
Тура жүріп, бол ұстамды пішінде
Бар қуаныш – әділдіктің ішінде.


118
1275. Тыңда тура жүрген адам не депті,
Екі Жалған сүйер әділ әдепті:
«Тек тыныштық күткен кісі ісінен, 
Оны іздесін әділеттің ішінен.
Сен белгілі бек болуды тілесең, 
Әділеттің ішінде ғой үлесің.
Бек боп халық үстіне қол салдың ба, – 
Әділет жол ашық тұрсын алдыңда.
Адам шындық, әділ жолды қуады, 
Қос Жалғанда сонда күні туады».
1280. Айтты Айтолды: «Тыңда балам қамыққан
Тек ізгілік сақтап қалар тамұқтан.
Жаманды – қой, жақсыны тарт жылы ұстап, 
Сонда келер бар жақсылық жылыстап.
Қор қылады – жаман іске жуыма,
Ол – бір жылан күйдіретін уына.
Ішпе шарап, қаш бәлеқор бақылдан, – 
Тыныш жүріп, кем болмайсың ақылдан.
Бұл екеуден аяулы құт қашады,
Олар жолын жоқшылықтың ашады.
1285. Сен сөйлеспе, екі жүзді ер – жырынды, 
Сөзіңді айтып, ашып жүрер сырыңды.
Жақындатпа өсекшіні – аярды,
Көріп-біліп, елге өсек қып жаяр-ды.
Ұста досты сыннан өтіп қыңбаған,
Содан пайда тиер түмен мыңдаган.


119
Тыңда түгел – сенбе бірақ бәріне,
Сырыңды айтпай, тығып таста әріге.
Еш адамды күндей көрме, жүр таза, – 
Екеуінен тартар адам бір жаза*.
1290. Әйел барда жауып ұста қақпаны,
Содан келер бәле – тамұқ ақпаны.
Тап бастырма әйеліңді ықтыр да,
Жат кісінің басын үйге сұқтырма.
Жүнжіме көп жүрсе дағы түк өнбей,
Оңса құлқың – бәрі келер түгелдей.
Айтылыпты бір сөз осы орайда,
Соны асырып алсаң іске – жарайды:
«Игі істерді керек етер жақсы ұлық, 
Содан келер оған талай жақсылық.
1295. Жаман адам байыса да жарымай,
Жиған малын қатып ұстар жас қылып»
Қаш, жуыма ар-ұяттан безгенге, 
Мыңдап алғыс – инабатты сезгенге.
Шашылып сен іс істеме дабырмен, 
Тілегіне жетер кісі сабырмен.
Әдіс-айла қолданып жүр қайда да,
Өзі келер сонда құт пен пайда да.
Тілді түзет, көзіңді аман сақтағын, 
Адал, аз же құлқынынды бақ тағын.
1300. Қиянатқа қатыспай жүр, алыста, 
Бүлік іске сыбанып ат салыспа.


120
Бектер сөзін қайталама: басқа – сын!
Айта берме жақсы сөзден басқасын.
Ойлама да, болма зиян қыларлық,
Жақсы іспенен тізгінделсін құмарлық.
Кірген жерде біл әуелі шығар жол
Білмеген жан қорлық көрер, – ұғар ол.
Бол ұстамды қатты келсе қаһарың,
Сабыр іздеп келер шаттық – «баһарың»*.
1305. Айтқан екен жайған адам атағын: 
«Сабыр еткен түзер істің шатағын.
Сабыр еткен табар тілек, санатын, 
Сабыр еткен ұстар аққу қанатын».
Қайғы-уайым қалмай қойса соңынан, 
Шыдамдының айы туар оңынан.
Бақыт үркіп, құт құбылса, – жетілер, 
Құрып кетпей аман тұрса есіл ер.
Сабыр ойла: со бір әдет артық-ты, 
Сабыр еткен көкке де жол тартыпты.
1310. Сен өлімге дайын отыр, қарағым,
Өзіңе бақ, түп-тегіне қарағын.
Жалған айтпа, ішіңе бүк мұңыңды,
Ол сөз дереу түсіреді құныңды.
Ағайынның керегіне жарағын, 
Жас-кәріге жылы жүзбен қарағын.
Нан-тұзыңды кісіге бер асырып,
Кісі айыбын көрсең ашпа, жасырып.


121
Бір Аллаға табын болып төзімді, 
Күнәдан без, сақтай білгін сөзіңді.
1315. Шалқып дәулет, бақыт қонса – тасыма, 
Жақсылық ет, жамандық қып жасыма.
Сенбе – дәулет көбейеді, тозады, 
Іп-ілезде бақ та бастан озады.
Сенбе – тірлік өтер түстей бір көрген,
Баққа сенбе құстай ұшып үлгерген.
Бос жібермей өміріңді шалып қал, 
Кетер күннен керегіңді алып қал.
Шарап ішпей, бүліктен жүр қашықта, 
Байқа – атанба зинақор да, пасық та.
1320. Бұл екеуден аяулы құт қашады,
Ерге жолын кедейліктің ашады.
Тыңда: не дер сынағандар істе өзін, 
Ондай адам біледі ғой іс көзін:
«Сақ бол – шарап, зинақорлық күйгізер, 
Олар тонын кедейліктің кигізер.
Шараптан мың бәле түсер ізіңе, 
Зинақорлық түкіртеді жүзіңе».
Айтолды да бітті сөзін баян қып
Айтты ұлына керек сөзін аян қып:
1325. «Сенсең балам, бұ сөзіме күрелі, 
Қуанышың ортаймайды бір елі.
Бұл айтқаным – өсиет сөз, жаттап ал, 
Ойға тоқып, көңіліне хаттап ал!»


122


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет