166
Тыңдай білсе – қанар құлақ құрышы,
Көп сөйлесе – қашар адам ырысы.
Айтылмаған сөздерің –
саф алтындай,
Тістен шықса – қалар бақыр қалпында-ай!»
Айтты патша: «Тура жауап ойладың,
Сен өзіңе құт белбеуін байладың».
Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Патшам бақыт қылатын,
Мен өзіме жетер осы «құл» атым.
1885.
Құлдың егер ақыл-ойы жете алса,
Жаны пида бегін риза ете алса.
Тыңда: айтайын білген сөзді аталық
Кешір, патшам, кетіп қалса қаталық!»
Тарау. Бектікке лайық болғандай бектің қандай болу
керектігі [туралы] айтады
Патша айтты: «Сұрайтын
бір тілек бар-ды,
Сөз етем соның жайын жүрек жарды.
Бір Алла жаратыпты ерте таман,
Кісіні үлкен, кіші, жақсы, жаман.
Білімді, білімсізді, жарлы, байды,
Ақылды, ақылсызды,
қу мен жайды, –
1890. Бұларды атақты бек сұрағандай,
Болады іс-қимылы, сірә, қандай?
Жетіліп,
өсіп жатса, байып халық,
Әкімнің болса соған аты лайық.
167
Қазына толып, күміс түзілсе бір,
Дау құрып, жау мойыны үзілсе бір.
Әскері күш жинаса қалың қолды,
Бастаса
ғылым өсіп, тура жолды.
Әлемге аты шықса өктем болып,
Бақ жанып, көтерілсе күнде толып.
1895. Көңіл хош,
көп жыл билеп, салса сайран,
Бағынып бар дүние қалса қайран?»
Достарыңызбен бөлісу: