Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Өгдүлміш патшаға ұлы хажиб болу үшін қандай



Pdf көрінісі
бет45/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Өгдүлміш патшаға ұлы хажиб болу үшін қандай 
адам болу керек екендігін айтады
Жауап беріп Өгдүлміш тіл безеді:
«Патшам мың жыл жасайтынның өзі еді!
Ұлы хажиб адалдықты ақтайтын,
Болсын дінді жөніменен сақтайтын.
2400. Өзі, түбі таза болса – ұнайды,
Туғызып бір елге берсін күн, айды.
Түбі жақсы – білінеді ісінен,
Елге ізгілік келер ондай кісіден.
Жақсы кісі білдіреді ниетін:
Ішіп-жейтін, беріп, мініп, киетін.
Түзу адам сөзге құлақ түреді,
Сөз тыңдаған – адал істеп жүреді.
Пейілі - тоқ, ар-ұяты – молынан, 
Түмен білім – өнер келсе қолынан.
2405. Кісі алмайды көзі тоқта еш пара,
Алса хажиб – күлкі болар, масқара.


207
Оңған істің пара бетін жыртады,
Бітер істі пара бұзып, құртады.
Құлқы түзу, болса таза жақсы ұлық, 
Сөз, ісінен елге келер жақсылық.
Ұяты бар істемейді жамандық,
Еш қиянат қылмайтұғын адамды ұқ!
Таза жанға дәулет конып жатады,
Таза болса, бақытқа да батады».
2410. Ақыл болса – малға көңіл жықпайды
Білім болса – ісінен ши шықпайды.
Білімдінің жақсы айтылган сөзі бар, 
Білімді ерде ақыл-зерде көзі бар:
«Керек қылса білімдіні бек ісі, 
Жарамайды білімсіздер тегісі.
Көп білімнің қол бермесе бірі кеп, 
«Өлі» – дей бер, есептемес «тірі» деп.
Білімді жан, көр, биіктеп жәнеді, 
Даңқы шығып, барлық ісі өнеді.
2415. Білімі жоқ – босқа жүрген күйік-ті, 
Білімдінің орны көктен биік-ті!»
Ақыл, ұғым болғанда – ісің жай табар, 
Зерек кісі бәле басын қайтарар.
Ақыл болса – талай пайда табылар, 
Бар ізгілік – осы ақылдан, қабыл ал!
Ақылсыздар – жемісі жоқ бір ағаш, 
Аш адамға одан не бар – тұра қаш!


208
Ақылды адам – қос Дүние еркесі, 
Жақсы атағы шыққан, елдің серкесі.
2420. Ақылды адам, ол – кісінің нағызы, 
Елден ерек, елдің басы, бақ ізі.
Болсын хажиб өзі әдемі, сымбатты, 
Үн-әуезі, сөзі айқын жан қымбат-ты.
Сүйсіндірсе жүзі, түрі, сыры, ісі, 
Жарасса бір кіріп-шыққан жүрісі.
Салтанат қой – қырынған ер, нұр беті, 
Содан артар ер адамның құрметі.
Болсын таза сенім діндар кісіде,
Құлық, қылық, болсын таза ісі де.
2425. Діндар адам – ел қамын жер бақ құсы
Діндар адам – кісілердің жақсысы.
Жұрт алдында өтер хажиб күндізі, 
Болсын сұлу оның көркі, үн, жүзі.
Көргенде көз көріктіні – жанады,
Тоят алып, сусының да қанады.
Бір білімді айтқан екен құлап бір,
Ей, ақкөңіл, осы сөзге кұлақ түр:
«Кісі көркі – жақсы нәрсе, пайымда, 
Көз құмарын сол қандырар дайым да.
2430. Құт иесі-ау, көріктіні жарылқа,
Оңдыр ісін, қалсын құр сөз жайында!» 
Болсын және ашық көңіл, ақылды, 
Кішік көңіл болса тіпті мақұл-ды!»


209
Көңілді адам сөзді ұмытпас задында, 
Көңілсіздің сөз тұрмайды жадында.
Көңілі жоқ істің иінін көре алмас, 
Ақылы жоқ іс тетігін өре алмас.
Көңілі жоқ адам – босқа сүлдер тек, 
Көңілді жан бәрін істеп үлгермек.
2435. Болсын хажиб жол бермейтін кесірге
Мейірімді кедей, жетім, жесірге.
Заң білетін зерек болсын, еркі – мол,
Зерек болса, бұл әлемнің көркі – сол.
Жуас болып, жүрсе жұртқа ұрынбай, 
Тілі майда болса тәтті шырындай.
Күле қарап, істеп тұрса кішілік,
Бар ісінен пайымдалса кісілік.
Тыңда, айтыпты кісінің бір жуасы: 
Тіл, көңілді кішік ұста туасы!
2440. «Құлқы кішік жанның бағы артады, 
Жылы сөзбен елді өзіне тартады.
Жылы сөздің іш жылытар табы бар, 
Іш жылыса – құл болар да табынар!»
Сабыр етіп, берік ұстай білсе өзін, 
Момын болып, тыя білсе тіл, сөзін.
Құлағы – сақ, ақыл, білім кең болса, 
Ісі – тура, тіл мен ділі тең болса.
Жазса кітап, болса жетік өнерде,
Іске қосса бар білімін не жерде.


210
2445. «Түгел толды өнер менен білім» – деп, 
Ұлы Хажиб сонда жүрер күлімдеп.
Ең ауыры бар қызымет ішінде – 
Хажиб ісі, байқа ойлы пішінде.
Хажиб болып жол бастаған кезіңде,
Көп қасиет болсын сенің өзіңде.
Шайыр сөзі осы ойды дөп көздеген, 
«Көр соқырға – шайыр сөзі көз» деген:
«Он қасиет бұ хажибке керегі ең:
Көзі – жіті, құлағы – сақ, пейлі – кең.
2450. Көркі, бойы, ақыл, білім, зерде, тіл,
Қылық – бәрі болсын түгел теңбе-тең!» 
Патшам ұзақ жасағаны – оңды өзі,
Ұлы хажиб болар бектің оң көзі.
Нәзік іс қой – заң мен әдет, жора-жол, 
Ұлы хажиб ашатұғын сара жол.
Дана сөзі меңзер істің дұрысын, 
Естігендер білсін мұның сыры – шын:
«Хажиб ісі ұлы іс болар көзделген. 
Мықты болмай істей алмас кез келген.
2455. Хажиб ісін, бектер ісін істей біл,
Кісі салып өтімділеу сөзді өрген!»
Қазынашы, хатшы болсаң жүріп жөн, 
Не тігінші, етік тіксең сүріп көн.
Елші келіп, кетіп жүрсе – жоралғы, 
Оны сыйлап, тарту керек таралғы.


211
Ас-ауқатын, қонар жайын жайласа
Жайлы, жайсыз жағыдайын ойласа.
Күтсе жұртты жол аузында әдепті, 
Кем-кетіксіз орындаса әдетті.
2460. Жетім-жесір, жоқ-жұтаңнын әр ізін –
Жүрсе қорғап, тыңдап алып арызын.
Көріп жәбір кейбіреулер қор боса, 
Соны көріп, қамын жесе, қорғаса.
Ішкі, тысқы жаман істі айыптап,
Тәуір істі қолдап тұрса байыптап.
Сара, түзу талай жұмыс үстелер, –
Бәрі хажиб қолыменен істелер.
Талай іске жәрдем берді, өтеді,
Іс бұзылса, ол хажибтен кетеді.
2465. Патшам! Хажиб сақ боп жүрсін шүбә қып, 
Кейде берік, қатты болса – құба-құп.
Болса бектің сөзін ұстап ұштарлық, 
Ақыл-ойға тоқтап тұрса құштарлық.
Өзін-өзі ұстай білсе нығарлай,
Артық сөзді ауызынан шығармай.
Пара алмайтын мінез болса тұрақты,
Бекке әкеліп жақындатса жырақты.
Екі әдеті болса адамды жолатпа, –
Оған істі бермей-ақ қой, қол артпа!
2470. Бірі – жалған сөздер айтса тілімен,
Бірі – арамдық мың құбылған ділімен.


212
Мұндай қылық көрсең, түсті суыт та, 
Ондай жанды маңайыңа жуытпа.
Тағы да бір үш түрлі адам болар-ды*,
Басың кетер байқамасаң оларды.
Бірі – естіген сөздің сырын бермеген, 
Бірі – қате кеткен істі көрмеген.
Енді бірі – әділ жолдан таймаған, 
Сонда өмірің жарқын өтер жайнаған!
Құлағың сал, дана бектің сөзіне,
Асыр іске – тиер пайда өзіңе:
2475. «Бас аманда «бектер айтты» – демегін, 
Елге жайып, басыңды өзің жемегін!»
Ел естісе, – бас кететін жағы бар,
Тілің сөзден жаңылса – тіс қағылар.
Талай көрдім: есек сөзден есілген 
Сорлы басы жағымсыздың кесілген.
Көп естідім: тіл сөйлеген жерінде 
Сыры ашылып – жыртылыпты ерін де»
Дана кісі және тағы былай дер:
«Өзін ұстай алмаған ер басын жер!»
2480. Сергек жүрсін хажиб қай бір кезде де, 
Көрер – көзге, сұрар болса – сөзде де.
Шақырмаса – ұлықка тек кірмегін, 
Сұрамаса – сөйлей берме құр тегін.
Ақылдының сөзі келді қолайға,
Тыңда, сөзі мағыналы қалай да:


213
«Кезі келсе, кел әкімге әсте өзің,
Сұрай қалса, келістіріп айт сөзің.
Әр нәрсенің кезі болар – белгілі,
Кезі келсе, көрер соны қос көзің!» 
2485. Міне, осылай бар қасиет, білімдер, 
Білсе хажиб – қолы ұзарар, күлімдер.
Ей, падишам, айттым білген бар ойды
Бұл айтқаным – сұрағыңа орай-ды!»
«Ұқтым, – деді патша, билеп әр сезім, –
Тағы да бір сұрайтұғын бар сөзім:
Басшы кісі күзететін қақпаны,
Қандай болар – соның жөнін тап, қаны!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет