Тарау. Жігіттікке өкпелеп, кәрілік [жайында] айтады
Жылжыды көшкен бұлттай жігітшілік, –
Өтті өмір ұйытқыған желдей бүлік*.
516
Жігіттік қайран күнді іске асырып,
Тұта алмай, алдым, міне, тез қашырып!
Жігіттік, келші қайта – тұрмын аңсап,
Ақ жібек аялайын астыңа сап.
6290. Бұл қайран жігіттік-ай! кеттің қайда? –
Таппадым, қанша іздедім талай жайда.
Тәттісі тіршіліктің жан сүйсінер,
Басқа жоқ «игіліктің ол – сыйы» – дер.
Жігіттік – рахаты бар өмірдің,
Жоғалды оғындай боп о да мірдің.
Қорлық жоқ кәрілікте, бірақ – жемір,
Бос тірлік өтіп жатыр – өлексе өмір.
Есіркеп өзімді-өзім ашынамын,
Жігіттік көркімді алдың – қазына мың.
6295. Қып-қызыл нұры тамған қайран жүзім,
Сарғайып енді солды – келді күзім.
Қара шаш ақшыл тартып о жоғалды,
Түр-түсім толған айдай қайда қалды?
Көктемдей мен гүл жарып, жайнап тұрып, –
Бәрін де солдырдым ғой қазан ұрып.*
Қайыңдай оқтай түзу берік бойым,
Иілді сарыжадай, сынды сойым.
Өмірдің қуанышын кештім босқа,
Жосылған толды көзім қанды жасқа.
6300. Жігіттік, жастық өмір өлді-жітті,
Мен шөктім, қарайды күн – бәрі бітті.
517
Сыпырдым сиырдай боп жем-ішімді,
Іздедім желдей жүйіткіп жемісімді.
Саят сап, аңда жүрдім таң ғап текке,
Жігіттік құсым кетті самғап көкке.
Дос-жарды жақсы көрдім, жақтым майдай,
Жауымды шапқа түрттім асау тайдай.
Қаншама жазықсыздан жанды сөктім,
Қол жұмсап, тіл тигіздім, арын төктім.
6305. Ердей боп кеуде кердім жауымды ұтқан,
Адамдай кекірейдім оқтау жұтқан.
Ояндым мен ұйқыдан ішкен жандай,
Аздым ғой бұ Құдайдан – ұят қандай!
Адамға, Аллаға емес, еңбек еттім,
Зыр жүгіріп өмірді дөңгелеттім.
Безектеп арыз айттым, тілек қылып,
Құтырған қасқырдай боп әлемге ұлып.
Біреудің тартып алдым ақшаларын,
Қинадым, тұтқындадым басқаларын.
6310. Еттің, – деп, – неге бұлай? Алла сұрар,
Не дәлел – бар ұятым тұншықтырар.
Қайсыбір жындылар бар бұдан жаман,
Өткіздім құр өмірді, жүрмін аман.
Қызық күн өтті – кетер қайғылы күн,
Айтайын өкініштің қай қылығын.
Мен Хұсырау, Қайсармен боп ынтымақ,
Шаддад пен ‘Ад сияқты құрдым жұмақ*.
518
Әлемді түгел билеп Ескендірдей,
Жасадым бұл өмірді Нұхпен бірдей*.
6315. Жасындай қылышы бар болдым Хайдар,
Әлемге Рүстемдей қылдым айбар*.
Исадай ұштым көкке рауандай,
Ең әділ заң орнаттым Нәушаруандай*.
Байлығын жидым жиған бұ Қарун бай, –
Асхабтай темір қала салдым бір жай.*
Не пайда – жерге кірер бәрі айналып,
Екі бөз маған тиер, Жалған қалып.
Жалаңаш келдім, көрге солай түсем,
Несіне байлық үшін күйіп-пісем!
6320. Баянсыз өмір өтті боран, желдей,
Қапы қап кетіп барам аққан селдей.
Кәне бір жақсы қылық осындайда?
Егінді жігіт кезде ектім қайда?
Ексем не – соның өзін ордым кейін,
Орғаным – «біткен ісім – осы» дейін.
Өтті ғой бұ жігіттік, келді қарттық,
Бұрынғы айтқан сөзден біз бас тарттық.
Әшейін жатып алмай түн ұзаққа,
Оянып жыла, тынба, жалын Хаққа.
6325. Бұ тәнің құрт-құмырсқа болар жемі,
Тимес-ті жан баққаның еш жәрдемі.
Оянып, жылап, тынба, басыңды ұрып,
Жалбарын бір Құдайға өлмей тұрып.
519
Қусырып қарттық келді – жастық кетті,
Баратын жерімді ойлар мезгіл жетті.
Кәрі өмір арбап алған жұрттың бәрін,
Мен неге мұнша сүйдім өмір нәрін?
Жаратқан, енді мені сергек ұста,
Көңлім – пәк, сен ысырма бір қуысқа.
6330. Жалғыз сен – кешіретін, жарылқайтын,
Мейірім ет, мен ұмыттым жазық жайтын!
Достарыңызбен бөлісу: |