Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштіц патшаға [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет110/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Өгдүлміштіц патшаға [берген] жауабы
Деді Өгдүлміш: «Айтсам, бегім, ұғасың,
Елің күйлі, көп оқып жүр дұғасын.*
Қанша дана, білімділер толғанды:
Таба алмады таусылмайтын талқанды.
Енді бүгін жүрмегендей бар болып,
Қара жерде шіріп жатыр, бор болып.
Кетті небір жайсаңдар мен қасқалар, –
Жеді, жұтты – қу қара жер бас салар.
6170. Орда, Сарай... – бәрі болды тастанды,
Жатыр күтіп, қара жерді жастанды.
Жатыр олар – үйі, демі, ісі жоқ,
Халі қалай? – біліп келер кісі жоқ.
Ынтық олар ізгілікке, басқаға,
Қолы жетпей киім, тамақ – асқа да.
Жатыр олар – өкінеді, іздейді,
Көксеп кеткен мың үмітін үзбейді.
Сыйлады Алла бұ күндерді, бұ – бақыт,
Қылма зая – кетер желіп уақыт.


507
6175. Құдай бізді жарылқасын тағы да,
Келер күннің, езгіліктің бағына!»
Енді Өгдүлміш алғыс айтты аса көп:
«Ей, дана бек! Ұзақ-ұзақ жаса көп.
Әлем сенсіз босқа қурап қалмасын,
Берсін Құдай ұрпағыңның жалғасын!
Бар тілек пен арыз, арман қақпасын
Ашып Алла бір өзіңді сақтасын!
Арыз, арман, тілегіңді тағы да, 
Түгел берсін Аллам елдің бағына.
6180. Шат-шадыман жаса, тыныш заман боп
Көп жасағын, сау-саламат, аман боп.
О, дариға! Елдің сендей тиегі, 
Жатады ғой, көрде шіріп сүйегі.
Не қыласың! Дүниеге Тәңірім 
Осылай қып берген екен өмірін.
Сендейлер еш өлік болмас өлгенде, –
Тиген үлес ізгілікті бөлгенде.
Аз жасарсың, көп жасарсың, жарайды, –
Атың ізгі шартарапқа тарайды.
6185. Сені сүйген жұрт көбейсін – жеңісің,
Жауың тозып, елің-жерің кеңісін!»
Жер сүйді де, шықты, әңгіме шет қалды,
Атқа мініп, үйін тура бетке алды.
Келіп түсті, кірді үйіне, омалды,
Ішті, жеді, жатты, біраз дем алды.


508
Ерте тұрып, қызметке кірісті,
Елге істетті, өзі де істеп бір істі.
Көңіл, тілді, жөн-жорықты түзеді ол,
Барлық қисық істер тапты тура жол.
6190. Жұрт жетілді, ғибадатқа бас ұрды,
Бақытты боп, жасады бір ғасырды.
Олар өлді, жақсы аттары, жә, қалып,
Кетпейді екен құрметті аттар жоғалып.
Салшы назар: туды сұрақ тосылар,
Адам ба әлде періште ме осылар?
«Адам» дейміз, о дәуірден іздейміз,
Осы жүрген адамдарды кім дейміз?
Бізді «адам» деп есептесек, оларды
«Періште» деп атаған жөн болар-ды.
6195. Біз олардың құлқын, сөзін, не еткенін
Естіп, білсек, бақытқа қол жеткені.
Ақылды – ұғар, білімділер – біле алған:
Адам өлер, қалады ғой бұ Жалған.
Табына біл, бос кетсе күн «кеш!» – деме, 
Бұдан бөтен тимейді ғой ештеме.
Бұдан артық қандай кеңес береміз,
Алдағылар өлер – соны көреміз! 
Бәрі қалар – қорған, Сарай, ордалар,
Ешкім оны сақтай алмай қор болар.
6200. Соқса дағы бәрін берік қалқан қып,
Өлім бұзар қара жер қып, талқан қып.


509
Қанша кент, ұлыс, гүлзар, бақ бар-ды,
Өлім кеулеп, түп-тамырын ақтарды.
Орда, Сарай, қалар қорған, бақ – саған,
Жетер маған осы ақылым қақсаған. 
Қалың қол мен әскері бар ер болған –
Қолы тозып, өзі қара жер болған.
Елбасылар – тойымы жоқ жойдасын,
Талап елді – көре алмаған пайдасын.
6205. Талай жерді тартып алған сол батыр –
Бір-ақ құлаш жерге сыйып ол жатыр.
Қанын төгіп мұсылманды бүргендер –
Қане күші? Қайда солар кірген жер?
Зар қақтырған жаулап алып кең елді,
Міне, бүгін қара жерге теңелді.
Мал-дүние қуып жүрген ұрысып,
Бәрін тастап, өліп қалды тырысып.
Байлық жиып, тоймаған аш көзденіп,
Кетті, міне, екі-ақ бөлек бөзге еніп.
6210. Талай елді жаулап алып, түткен-ді,
Жер жастанды – барлық ісі біткен-ді.
Дәл осындай дүниенің мән, ісі,
Ойлап қара – ашылады мәнісі.
Шаттығы – азап, қуанышы – жапалық, 
Қадір – құнсыз, рахаты – қапалық.
Не келсе де – көтеріп ал, қамықпа,
Рахаттың азабы көп, жанықпа.


510
Не дер екен, тыңда, білім беруші,
Ей, сабыр қып, қиын іске еруші!
Өлең
6215. «Ей, дәулеттім! шүкір қыл да, асай бер,
Ей, бейнетқор! сабыр қыл да, жасай бер.
Сабыр етсе – бейнет байлық әкелер,
Шүкір қылса – асқан байлық жасайды ер!»
Байқап қара осы күнді дүдәмал:
Бәрі мүлдем өзгерді ғой іс-амал.
Кетті қадір, білімділер бұйықты,
Мылқау болды ақылдылар, тұйық-ты.
Түкке тұрмас жұрт көбейді жетердей, 
Жуас сорлап қалды басын көтермей.
6220. Қойды намаз бетін шала жуғандар, 
Болды батыр залым жолын қуғандар.
Зинақордың «ер» атағы тарапты, 
«Сараң» болды ішпегендер шарапты.
Ораза ұстап, оқып жүрсе намазды, – 
«Екі жүзді» дейді мұндай сабазды. 
Кетті адалдық, етек алды арамдар, 
Қара басып арам жеді адамдар.
«Адалдың» тек атын шынға балап жүр, 
Тоймай арам, жұртты жалмап, талап жүр.
6225. Қане, арамды «арам екен» деушілер,
Арамды емес, адал ғана жеушілер?


511
Бар ма біреу шындақ жолын қуатын? – 
Келер күні әділдіктің туатын?*
Арам істен көңіл әбден қарайды, 
Адалды іздеп жұрт тауысты бар ойды.
Меңзеп бұған айтқан бір сөз жосыны, 
Сен жақсылап тыңдап алғын осыны:
Өлең
«Болды көңіл арам істен қара, кір,
Үлес алмай білімнен де жүзден бір.
6230. Нәпсі билеп тұтқын қылды тәнімді,
Қыла алмадым ғибадатты, аштым сыр!»
Дүниенің құлқы өзгерді құр босқа,
Ой мен көңіл – айтқан сөзден бір басқа.
Жапа қаптап, опа қалды омалып,
Сенер ер жоқ – ізде күндіз шам алып.
Опа құрып, із тастады жапалық,
Сенер кісі сиреп кетті-ау ап-анық.
Алыстатты ағайын да, жуық та,
Езгі достың көңілі де суық-ты.
6235. Кішіде – әдеп, үлкенде жоқ бек білім,
Бетпақ озды, үні өшті де тектінің.
Ақша ғана – жақындықтың бар мәні,
Адал істі атқарады кім кәні?
Міндет барда – орындалған ісі жоқ,
Үгіт бар да – іске асырар кісі жоқ.


512
Адам қані жақсыға жан қиятын,
Бетсіз кеткен бас бұзарды тиятын?
Саудагер ап аманатты жоғалды,
Жағын ашпай өнерлі жан о қалды.
6240. Дәл айтуға білімділер батпайды,
Ұят кеткен әйел жүзін жаппайды.
Кетті шындық, туындады аярлық,
Қалмады ешкім Аллаға ден қоярлық.
Бір кезде жұрт көп мешітке симайтын,
Жұрт жоқ қазір бір мешітке жинайтын.
Жұрт ақшаның құлы болды, қағынды,
Мойын сұнды, қалталыға жағынды.
Тыңда, міне, ақылдының сөзі еді,
Тоқы ойыңа, жақсылықтың көзі еді:
6245. «Қане кісі бәрін дұрыс істейтін, –
Дос боп жүріп Алла жолын ұстайтын? 
Бар дүние бұзылды әбден бүтіндей – 
Мұны көріп «таң қалатын іс» – дейтін?» 
Мұсылмандар өзара қан төгіп жүр, 
Кәпір тыныш, рахатқа бөгіп жүр.
Мұсылмандар болды талан-таражды, 
Адал, арам – ажыратпай бәрі азды.
Түні бойы – жезөкшелік дауы осы, 
Қайда Құран ілімінің дауысы? 
6250. Тіл жылмаңдап, ойда бәле көзелді, 
Исі қалып, адалдықтың өзі өлді.


513
Ұл бек болып әкесін де биледі, – 
Оны құл қып жұмсады да иледі.
Қам көбейді, шіркін өмір қысқарды, 
Жоқ қуаныш, ашкөзділік ұстарды.
Өзгерді өмір – кедей, жетім, жесір көп, – 
Түгі де жоқ таң қалатын есіркеп!» 
Өте жақсы айтқан дана ер енді, 
Қолы да – ашық, білімі де – терең-ді:
Өлең
6255. «Ақырзаман келді, тәртіп бұзылды,
Жамандарды көріп жақсы бұзылды.
Ақылды – ұғар, білімділер – біледі,
Ай, күн, жылдар өте келе бұзылды»*.
Ұл, қыз әке құрметтеуді ұмытты,
«Қарт» деген сөз шошындырды бұ жұртты.
Бәрі өзгерді – тәртіп, әдет, үрдіс те,
Ақ пен қара болып кетті бір түсті.
Мұңың бәрі – ақырзаман белгісі,
Белгі берген келер келсе келгісі.
6260. Берсін иман, Құдай – Тәңір сақтасын,
Бәле біткен құрып, бізге соқпасын!»
Биыл төрт жүз алпыс екі жыл еді,
Өлшеп жазып, бітіргенім бұл еді.
Жаздым түгел ақылымды, бұл есті,
Ей, оқүшы! ал өзіңе үлесті.


514
Айттым аздап жол-жорықтың пайдасын,
Нық басып тұр, тек табаның таймасын!
Заман жолын, дін айтқанын істегін,
Жүр сонымен, басқа жолға түспегін.
6265. Өмір жолың – осы ұзатып тастайтын,
Ізің осы ақыретке бастайтын.
Қала бір жол – басқа іздеме сенделіп,
Құдай сүйер ісіңді қыл пенделік.
О, Жасаған! бағын тілеп бір істің,
Сен білесің, сөз жазуға кірістім.
Мен тілемен зор атақты көзге елер,
Көрсін пайда алыс-жақын өзгелер.
Оқығандар бұ сөзімді ес көріп,
Бірер дуа қылар мені ескеріп.
6270. Тілегім – бұл, үмітім де – ұғасың,
Оқыған жұрт қылады ғой дұғасын.
Тілім сөйлеп, қолым жазып шынығар,
Қол мен тілім бір күн өлер, тынығар.
Қол мен тілдің осы кітап – ділгірі,
Қалды саған, ей, елімнің білгірі!
Ей, оқүшым! өзің тірі жүргенде, 
Мені ұмытпа жер қойнына кіргенде.
Ей, Жаратқан! мәңгі мұңсыз ұлықсың, 
Жарылқа өзің мені мұңлы қылыпсың!
6275. Жүзі төмен құлың едім жазған бір, 
Кешіре көр көп күнәмды азған, бір.


515
Құлың едім, Ием – сенсің, сенемін, 
Қыл иелік тауып соның сен емін.
Ием – сенсің, кешірімнің кені – сен, 
Кеш күнәмды, жарылқа да мені сен!
Және есірке момындарды ұғысқан, 
Күнбатысқа дейін сонау Шығыстан.
Жүзім төмен жіберетін кемшілік, 
Кешір өзің, құдіретің – кеңшілік.
6280. Болса жұпар – аңқытады иісті, 
Көң-қоқыстар мүңкітуге тиісті.
Сен – үмітім, үмітімді іздеймін, 
Ей, үмітім, сенен күдер үзбеймін.
Мен күнәлі, жапа қылған мен – бір құл, 
Сен опалы Ием едің, опа қыл.
Жапа ғана келеді екен жападан
Опа келер, бөтен емес, опадан.
Сен жарылқа момындардың күллісін, 
Кешір мені, көрсет соның үлгісін.
6285. Расулға жеткіз он мың сәлемді, – 
Ізгі, тура жол басшы ғой әлемде.
Төрт досына сәлем айтып таратқын, 
Сен әрдайым соны жеткіз, Жаратқан!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет