Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Өгдүлміш патшаға қақпаны күзетушілердің



Pdf көрінісі
бет46/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Өгдүлміш патшаға қақпаны күзетушілердің 
басшысы қандай болу керектігін айтады
Айтты Өгдүлміш: «Патшам, жақсы заман боп.
Жаса тыныш, есен-сау да аман боп!
2490. Бұл күзетте басшы болсын бауырмал,
Жан-тәнімен іс қылатын тәуірді ал.
Бақсын қақпа таң арайлап атқанша,
Тұрсын сонда күн қызарып батқанша.
Жақсы білсін әдет-ғұрып, заңдарды,
Жина қылық, ісі түзу жандарды.
Болсын сақи, наны, тұзы молыққан,
Алтын, күміс алсын келіп жолыққан.
Кеште жатпай дайындасын күзетті,
Әр адамның орнын айтып ізетті.


214
2195. Жат, адасқан жолаушыны байқастап,
Білсін тағы жүрсе біреу ойқастап.
Бар қақпаны бекітеді, күтеді, –
Сонда тәулік қызыметі бітеді.
Ерте тұрып, кіріессе іске күндегі,
Мазаламай сақшылары түндегі.
Кезі келсе қабылдаудың – «кіред» деп,
Жұртты жиып, ол отырса реттеп.
Патшаға өзі кіріп шықса кідірмей,
Бір қақпадан елді өткізсе мүдірмей
2500. Өз жөнімен сарбаздарды ендірсе,
Алып қалып, кірмейтінін көндірсе.
«Басшы» деген қабылдауға баға алса,
Өкілі боп сарбаздардың о қалса.
О білдірсе сарбаздарға аяныш,
Бола білсе қамыққанға таяныш.
Алтын-күміс берсе, олардан бата алып, 
Біреу жұмыс, біреу жатса аталып.
Шын беріліп жұмыс істер досқа тұр, 
Іс қылмастан жүретін бар босқа құр.
2505. Кім жарамды, кім пайдалы, иінді, 
Жақсы қайсы, кім болады тиімді. –
Бәрін бекке айтып тұрса сұрасып, 
Көтермелеп, айырмалап, сыр ашып.
Одан шығып, жарлық беріп, бауласа, 
Амал етіп әскер көңілін ауласа.


215
Орнын айтып отыратын, тұратын, 
Бос жер қоймай көрер көзге ұратын.
Келген жұртты біліп тұрса жағалай,
Өз адамын біле білсе бағалай.
2510. Бақыласа дастарқанды, асты аса
Жарамайтын асты тиып тастаса.
Шербетті де ықтияттап бастаса, 
Құйылғанша ешкім оны ашпаса.
Ас біткен соң, келген жұртты ұйлығып, 
Ол жіберсе бек атынан сыйлы қып.
Сый-сияпат беру – қиын іс тегі, 
Құр қалмасын сырттағы жұрт, іштегі.
Екі нәрсе бекке бедел жерде осы: 
Дайын тұрса есікте – ту, төрде – асы.
2515. Екі кісі көркейтеді Сарайды,
Бағы ашылып, бектің аты тарайды:
Ұлы хажиб болса бірі – жарайды, 
Бірі тұрса басқарып бұл Сарайды.
Бұл екеуі гүлдентеді Сарайды, 
Бектің аты ұлы болар арайлы.
Дайындайтын ыдыс, төсек, асты да, 
Бұл адамдар – бәрінен де басты да!
Оқшы, жайшы, аңшы, құсшы әр айда
Әр күндері дайын тұрса Сарайда.
2520. Жора-жолдас, тең-құрбысын бастап-ақ, 
Ертіп барып беріп тұрса ас-тамақ.


216
Ішсе, жесе тойғанша жұрт жарасып,
Құр жібермей бардан берсе қарасып.
Болса мүлкін үлестіріп тұратын,
Өзіне алып әбзел, киім, бір атын.
Іске келсе елде біреу, шет кісі, –
Айтсын қайдан, қандай екен епті ісі.
Жұмысқа оны шықпай тұрып байқаса
Азық, киім, орын-жайын жайғаса.
2525. Тұрса сұрап жұрттың халін, үрдісін,
Ашын-тоғын, үсті-басын, түр-түсін.
Қолы кысқа мұң шаққанның бәтесін 
Алу үшін жетпегенін өтесін.
Кім Сарайға келмей жүрсе – рәсім: 
«Не болды?» – деп одан бастық сұрасын.
Ол ауырса – халін сұрай бастасын,
Босқа жүрсе, оны тыйып тастасын.
Мұңың бәрін өз бегі үшін істейді,
Қызыметпен адалдығын үстейді.
2530. Тыңда, айтыпты сөз кестесін өрген ер, 
Бектен құрмет қызыметпен көрген ер:
«Қызыметкер болса бекке берілген, –
Бітер жұмыс тал жібектей өрілген.
Қызыметшіл құлдың осы – ісі еді,
Бек негізін ол бекіте түседі!» 
Ол тілемес өз пайдасын, үмітін,
Бек пайдасын көздеп жүрер күні-түн.


217
Ұлдан гөрі мейірімсіз тас бауыр,
Пайдасы бар қызыметші хас тәуір.
2535. Тікен пайда берсе – құл боп құлайын,
Гүл зияны болса – түбін жұлайын!
Пайдасы жоқ туысыңды – көр де қой,
Жатты дос тұт – шарапатын көр де той.
Тілмен жұмсақ жылы сөйлеп ұта біл,
Көңіл кіші, жүзді жылы тұта біл.
Суық жүзің, ащы тілің атады,
Ол кетпейді, көңілде ылғи жатады.
Бұ бәйітті оқып көрші – қостар ма ең,
Ол оқылар мағыналы астармен:
2540. «Ащы тілмен сөксе – қалған діт еді,
Ол жүректі жегідей жеп түтеді.
Тілден қалған ащы зардап бітпейді,
Таяқ салған жара лезде бітеді!» 
Бек аттанса қол-әскерін көруге,
Чөген ойнап, құс салуға, еруге*.
Сақ күзетіп, бектің байқап жолдасын,
Жүру керек – ешбір бәле болмасын.
Бір нәрседен бәле келер тұсаулап,
Бек жүргенде ат үстінде, құс аулап.
2545. Сенімсіздер жүрсін бектен жырақтап,
Сезіктіні есепке алсын бірақ та.
Сенімді ерге, жанашырға – ізет сын:
Жақын жүріп, бектің басын күзетсін.


218
Әскер басы сақшы сапты бір түзіп,
Әбжілдерді қойса артынан жүргізіп.
Үлкен, кіші саптар жүрсін шегіне,
Жуымасын бектің жүрген легіне.
Сарайдағы тұрыс, әдет, отырыс,
Жортуылда бұзылмасын, со – дұрыс!
2550. Сарайбасы – ең қамқоршы жолда осы,
Өз бегінің сүйе білген жолдасы.
Сарайбасы білсе осыны таным деп,
Ісін істеп, жүрсе бектің нанын жеп.
Патша естіді, – мен безедім тілімді,
Кісі таңдап, ісіңе қос білімді!» 
Деді патша: «Айттың көңіл тоғайтып,
Бір сөзім бар, берші соны тағы айтып.
Бектің бәрі, сен білесің, ол - шыны,
Елден елге жібереді елшіні.
2555. Бір білімді сөз мәнісін қайымда
Елден елге елші салу жайында.
Қандай кісі елшілікке бара алар,
Бегі сенсе, талай жерді аралар?» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет