Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Тарау. Өгдүлміш патшаға хан сарайының хатшысы



Pdf көрінісі
бет48/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Тарау. Өгдүлміш патшаға хан сарайының хатшысы 
қандай [болу] керектігін айтады
Айтты Өгдүлміш: « Келсе патшам білгісі – 
Керек Бұған өте жетік бір кісі.
Көп білетін бектер аса зерек-ті, 
Ойын жазар оған хатшы керек-ті.
Сөздің айтса бұ хатшыға сарасын, 
Ол ықтият сөз барысын қарасын.


225
Сыр айтқаның болсын сенім артатын,
Сенімменен жұртты өзіне тартатын.
Аузы берік болмай хатшы жүрсе егер. 
Сыры ашылып, бек азапты құр шегер.
Сөзі болса шықпайтұғын тісінен, 
Жасыра алмас бектер екі кісіден:
Хатшы, уәзір бұ жерде бас құрасар, – 
Екеуіне ғана бектер сыр ашар.
2640. Екеуіне айтар, қойып басқасын.
Басқа үндемес бегі сырын ашқасын.
Осы екеуде барлық сөздің барысы
Сақ болмаса бұзып алар бар ісін.
Өтүкеннің бегі айтқан сөз нұсқасын*: 
«Кім сөз берсе – тілін берік ұстасын».
Сенсе бектер – сақта сырды, бас көтер, 
Сақтамасаң – оп-оңай-ақ бас кетер.
Ауыз кейде ұрадай боп ашылар, 
Айтқан сөзің дән сияқты шашылар. –
2645. Теріп болмас – талай жерге жайылар, 
Бүкіл елге естілетін жайы бар.
Су шығады бұл ауыздан, от – кейде, 
Бірі түзеп, бірі бұзар кей-кейде.
«Жанатын от» – де керексіз сөзіңді, – 
Шықса ауыздан күйдіреді өзіңді.
Жақсы сөзің – су сияқты, нөсер бұл
Сулы жерде ну бәйшешек, өсер гүл.


226
Ей, ер дана, біліміне бақ тағын, 
Ішкі сырды өте қатты сақтағын.
2650. Тыңда және бұл бәйітті оқығын,
Сақта сырды, – ойға соны тоқығын:
«Ашпа сырды тілді басып тісіңе,
Ашсаң – катты қайғы өрт түсер ішіңе.
Бұ қызыл тіл – қара басқа жаман жау,
Теже жауды басып барлық күшіңе!» 
Хатшы білім, ақылға да қанық боп,
Сөзге шебер, жазсын сұлу анықтап.
Көркем жазу ашады ғой көңілді,
Әдемі әріп оқуға да жеңіл-ді.
2655. Сөзі шебер, жазу болса сымбатты,
О жазбаның тілі болар тым тәтті.
Тыңда, айтыпты шыққан кісі Ыладан,
«Жазу ісі – өнер» – депті бұл адам:
«Сөздер жақсы тек жазумен білінер,
Ұмытылмай көз, құлаққа ілінер.
Хатшы жазбай – кітап қалмас жад болып,
Парасат пен білім оңбас жатталып.
Білімдар мен дана жазып кеткенді
Оқымасақ кім айтар ед өткенді!
2660. Жазу болмай елге сана ене ме,
Ауыз екі сөзге кісі сене ме?
Хабар берер ел мен елдер етене,
Жазу болмай, жай сөзбен ол жете ме?


227
Өте қажет жазу ойды жеткізер, –
Бек жазумен елдің қамын жеп, түзер».
Үш адаммен жүрер бектің басты ісі,
Байқа соны, ей, еліме бас кісі:
Бірі – білгіш, ақылымен озатын,
Бірі – хатшы баян қылып жазатын.
2665. Үшіншісі – батыр «елдің ері» де,
Қарсы шабар келсе жау да, бөрі де.
Бола қойса кемеңгер ер о таңда,
Ақыл айтар жиын алқа қотанда.
Ізге салар жазу барлық ел ісін,
Есептеп ап пайда, кіріс, бөлісін.
Ерлер қылыш қынабынан суырар,
Мойнын қиып, жау апшысын қуырар.
Осы үш ердің біріксе күш-білегі, –
Болар бектің мақсат, ойы, тілегі.
2670. Басқа талай ру, ұлыс, туыстар,
Бұл үшеуін қолдап, бірге ту ұстар.
Қалам ісі – халықты жөн басқару,
Ел жаулайтын қылышпен ол – қос қару.
Ақыл-білім елді түзер, жазалар,
Осы үш нәрсе дүниені тазалар.
Бек біліммен басқарар заң барысын,
Ақылымен атқарады бар ісін.
Қылыш елді жаулап алып, күзейді,
Қалам байлық жинап, елді тұзейді.


228
2675. Қан ағызып, қылыш елді шабады,
Сия жұмсап, қалам алтын табады.
Екі нәрсе дүниенің тіреуі:
Өткен іс бар, келер іс қой біреуі.
Осы екеуі – зор қасиет: бас ұрсын,
Сүйтіп бектер ойын іске асырсын!
Бір сөз келді айтар осы ыңғайды,
Жақсы кісі мұндай сөзді тыңдайды:
«Өте жақсы ер білімнен түлеген,
Тағы жақсы – алмас қылыш білеген.
2680. Қылыш ұрса – бағынады талай ел,
Қалам ұрса – бітер ісің тілеген».
Болсын хатшы ашкөз емес, мейлі тоқ,
Мейірімді, қайыршылық пейілі жоқ.
Қызықпасын мал-байлықтың атына,
Сұқтанбасын біреудің бір затына.
Құлы малдың – дүниеге тоймаған,
Есірке де, алдырмағын бойды оған.
Бек те құл ғой ашкөздігін қоймаған,
Ең жаманы адамның да – тоймаған.
2685. Ашкөз хатшы сөйлер тілін бұзады,
Жазуын да бұзып, қате сызады.
Хатшы малға сұғын тіксе көзінің –
Басын жұтар бегінің не өзінің.
Шын берілген жатар істі күзетіп,
Іздегенде жетіп келер дыз етіп.


229
Шын берілген адам өзін сақ ұстар,
Жанын, тонын, малын бекке бағыштар.
Таза жүріп, шараптан түк татпасын,
Жаман қылық алыс кылсын – тартпасын.
2690. Қашар білім хатшы шарап ішкенде,
Қате кетер ой жазуга түскенде.
Күні-түні үйдін есік жағында,
Хатшы отырып, келсін керек шағында.
Екі кісі таңдап алып, ей. тақсыр,
Екеуіне екі түрлі іс тапсыр.
Бірі - хатшы, жазса сұлу – ұста оны,
Елші – бірі, тілге шебер ұстаны.
Алыс елде, жуық жер мен жақында
Жанжал шықса, осы екеуін тақымда.
2695. Қате кетсе – екеуіне табыста,
Осылардан келер келсе табыс та.
Бірі сөзден жаңылысса хатта айтар,
Тілмен түзеп сонда бірі жатқа айтар.
Хатшы осындай болса, патшам, жолын бер,
Сеніп оған, тапсыр істі, қолың бер!
Болар мұндай кісілерге нануға,
Қажет еткен кісілікті тануға.
Уа, патшам, бар білгенім осында –
Біттім айтып кеңілімнің қосын да!» 
2700. Айтты патша: «Ұқтым қоймай түгін де,
Бір сөзім бар – айтшы соны бүгін де.


230
Қандай адам қазынаны күтетін,
Сеніп айтсам – барлық ісім бітетін?
Қазынашы сақтап алтын, күмісті,
Басқарып ол алып кетсе жұмысты!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет