Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Патшаның Өгдүлмішке [қойған] сауалы



Pdf көрінісі
бет55/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Патшаның Өгдүлмішке [қойған] сауалы
«Ей, Өгдүлміш! – деді патша сәнімен, – 
Құдай сыйы қылып таптым сені мен.
Бар жақсыға себеп болдың, нық айттың, 
Күшті тыйып, әділ жолды нығайттың.
Берді Құдай бар жақсылық мұратын, 
Сені берді он есе артық тұратын.
Бек тырысып өзі қанша ерлесе, 
Іс бітірмес құлы жәрдем бермесе.
3085. Бек көреді іштегіні, жұрттағы,
Сенімді құл – оның көзі сырттағы,
Маған сен кеп көзім, тілім, қол болдың, 
Содан жақсы атым шықты – жол болды.
Тыңда, айтыпты хақан, тілге ұста адам, 
Талай елді бастап, басып ұстаған:
«Тапса бектер сенімді құл сарасын,
Алтын менен күміске әкеп орасын.
Таза кісі тапса – бектің бағы еді,
Тыныш жатып, жанын жайлап бағады.
3090. Таңдаулы адам – сенімді ғой, жөнді ойлар,
Табылар ма қызыметке ондайлар?
Шын берілген қызыметші болмаса,
Қасиеті кісіліктің – далбаса.
Қапа болам, ей, Өгдүлміш, не етесің, –
Сен әкеңнен маған қалған жекесің!


261
Бар болғанда сенен басқа біреуі,
Алды-артымның болар еді тіреуі.
Жалғыз жанның қиын екен бас қамы,
Сен жоқ болсаң, қайдан табам басқаны?
3095. Мен қапамын – жалғыздығың ауыр-ды,
Тапсаң, шіркін, өзіңе бір бауырды!
Болмасын деп саған әсте қиын тым,
Оқып дұға бір Аллаға сиындым.
Байқа көріп ел ішінде не барын,
Саған ерер кісі болса – айт хабарын!»
Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Патшам, бағып ұлысты,
Аман жүрсе, тындырамын бұл істі.
Патша тыныш рахатқа батсын да,
Ой-арманы орындалып жатсын да.
3100. Маған түскен қиын істен қам жемей,
Патша сергек болып жүрсін ләм демей.
Қиын істің бар қуаныш, өнбегі,
Рахаттың бір жүреді еңбегі.
Ел ісіне ең пайдалы кім десең,
Ол – патша ғой, елді ойлайсың күнде сен!
Тыңда, дана, айтып кеткен мұнда ой бар,
Ел басқарған дана ақылмен күнде ойлар:
Елде болса жәрдемшілер көптеген,
Жұрт жетіліп, жатып ішер бек деген.


262
3105. Көп болса елде зерек жандар, ақылды, 
Істің бәрін солар қылса мақұл-ды!»
Жоқ. емес-ау, бар ағайын ішінде, –
Білікті адам керек біздер үшін де!
Аты – Одғұрмыш, мінезі де жайлы адам
Ізгі істердің бәрін қолмен жайлаған.
Бұ жалғаннан безгендердің бірі еді,
Тақуа сол, тауды кезіп жүреді.
3110. Көктен тілеп Құдіреттің азығын,
Өтініп жүр кешіруді жазығын.
Менен есі жүз есе оның толық тым,
Елден ерек, таңдаулысы халықтың.
Бірге болса қасымда сол бауырым, –
Білім жұмсап көтерер іс ауырын.
Көңіл толып, тыныштықты түгендеп,
Патша отырар дүниені жүгендеп!» 
Айтты патша: «Бір тілегім – осы, – деп,
Оны тапсам, келер көңіл хошы, – деп.
3115. Бұ жұмыстың істесейші керегін,
Ертіп әкеп бермейсің бе, зерегім!
Жөні, сірә, шақырудың қалай-ды,
Қандай адам жұмсағаным қолай-ды?
Жай айтсам ба, жазам ба істің түйінін, 
Дұрысы не – келтірсейші иінін!» 


263


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет