264
3130. Жүзеге
асыр көзін тауып білімді,
Тағы да үйрен босқа жатпай үйелеп!»
Бар пайдасын мен көрем бе бір басым,
Саған да оңай ол кеп мұнда тұрғасын.
Өте керек ағайын-жұрт – жақсы адам,
Ол
жоқ болса, дос табайық басқадан.
Игі сөзді бір бек айтып өтіпті:
Туысы бар кісі – күшті о тіпті.
Туысы бар – сый, құрметке батады,
Досы бардың шығар даңқ, атағы.
3135. Туысы жоқ – жүрсін
жұртқа жуысып,
Жақсы достар кетеді ғой туысып!»
Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Бақтиярым, шынымен,
Оны іздесе, таба алам ғой мұны мен.
Барам – патша жұмсар болса өзімді,
Шақырайын, түсіндіріп сөзімді.
Түмен түрлі әрлеп тілді безсйін,
Сөз терейін, ақыл-ойды кезейін.
Жазсын
патша хатқа ойының барлығын, –
Ол зерек жан білсін патша жарлығын.
3140. Шақыр
Достарыңызбен бөлісу: