Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Одғұрмыштың патшаға [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет92/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Одғұрмыштың патшаға [берген] жауабы
Айтты Одғұрмыш: «Алдыңа бас ұрғанда,
Мақтайсың ғой сырттай қарап тұрғанда.
Білсең егер ішімді – ашу төгерсің,
Мың қайтара қуарсың да сөгерсің!
Мені айтады «тақуа» деп – зиян ат,
Бұл ат қылар ғибадатқа қиянат.
Түпке жетер осы ат болып табылды,
Нәпсі есігі түгел берік жабылды.


414
5000. Жұрт қызығар дүкен болды тұрағым,
Дүкен – сауда қылатын жер, шырағым!
Сыртын көріп тым мақтама асырып,
Ішін қара ісін тұрған жасырып.
Болса әдемі қауынның сырт өскіні,
Болса сондай исі, түрі, кескіні.
Іші тәтті болмай, егер аты құр,
«Қауын» болса, – оны сыртқа атып ұр!
Тыңда, біреу айтқан сөздің кезегін:
«Сыртыңды емес, ішіңді ойлап безегін!
5005. Бар нәрсені іш – қасиет астайды,
Іш болмаса, іске сырты аспайды!»
Патшаның Одғұрмышқа [берген] жауабы
Айтты патша: «Ей, таза жан, бір тыңда,
Сенің таза ішің және сыртың да! 
Тақуа боп ауыр жүктен құтылдың,
Мен ауыр жүк көтеремін – тұтылдым.
Жүр дүние істері қол босатпай, 
Құдай жолын қусам мойны бос аттай!
Ақыл-кеңес бер – ұстайын сазарып,
Сөзің құт боп, мен алайын тазарып!»
Одғұрмыштың патшаға [берген] жауабы
5010. Деді Одғұрмыш: «Айтқанымды еткейсің,
Езгілікте, жақсылыққа жеткейсің!


415
Алланың әр пендесі ойлар бас қамын,
Менен жаман деме бәрін басқаның.
Бұ Құдайдың құлдарының ішінде,
Ең жаманы мен болам сен үшін де!
Сөзім пайда келтіре ме, кеңесім,
Не пайда қып, нені сонда жеңесің!
Мен Иеме үміт үзбей бас ием,
Кешіреді жазығымды осы Ием!
5015. Тыңда, қане, жазықты құл не дейді,
Құл кешірім сұраса, Алла жебейді:
«Ойы төмен пасық құлмын жапалы,
Өмір бойы жазықтымын қапалы.
Сенен басқа сиынатын Ием жоқ,
Кешір мені, өмір беріп сапалы!»
Айтты патша: «Берші маған сол бақты,
Бұ қылығың жоғары да салмақты!
Сен өзіңді «жұрт жаманы – мен» десең,
Ел ішінде бағың өсіп, қайтты есең.
5020. Көңіл, тілің, өзің де – пәк ардақты,
Берші маған енді кеңес әр жақты.
Ізгі қылық, сенімді істі тенестір,
Жаның ашып берші маған кеңес бір!
Бар жақсылық Құдай саған берді екен, –
Көрсет маған – оның қандай жерде екен!
Бер насихат саған қолқа салғанда,
Берер Алла қармысын ол Жалғанда!»


416


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет