Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Одғұрмыштың Өгдүлмішке [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет88/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Одғұрмыштың Өгдүлмішке [берген] жауабы
Айтты Одғұрмыш: «Сөзіңді кім қияды,
Бұл айтқаның енді ақылға сияды.
4885. Мұсылманға мұсылмандар – туысқан,
Жөн оларға араласқан, туысқан.
Бұ сөзіңе мойынсұнам мен ғаріп,
Оныменен кездескенім жөн барып.
Бармағаным бұдан бұрын кезде еді,
Онда патша өз пайдасын көздеді.
Оны қойды, басқа жолды тұтынды,
Мен ризамын бұ жолына ұтымды.
Ол келмесін, мен барайын, – ер маған,
Ол көрмесін, жол азабын бер маған. 
4890. Ол – патшамыз, елдің бегі ардақты,
Сый мен құрмет көрсетілер әр жақты.
Тура ұстаса жөн-жорықты, сөзін де,
Елді сақтап жаман істен кезінде.
Айтқан біреу ақыл, білім – бәрі асқан,
Кішіпейіл ер көңілмен жарасқан:


405
«Бек жарлығы бастағанда ұлы іске, 
Үлкен-кіші басын исін бұл іске. 
Құрмет тұтсын бектің өзін һәм сөзін
Құл да болса сатып алған күміске!»*
4895. Айтса патшам, енді құлақ түремін, 
Құрмет етіп, жақын барып жүремін.
Сен енді қайт, айтқан сөзді ал да бар, 
«Келеді!» деп сарайыңа сал хабар.
Түсер кезді қараңғылық пайымда, 
Мен түсетін ескі бір үй дайында.
Күндіз көрсе – жұрт ереді топтасып
Мені сөзге қалдырады от басып.
Сен енді бар тұрған осы күйіңде, 
Саған барам, күт ұйықтамай үйіңде.
4900. Ең әуелі саған барып, хал-жайын, 
Келешегін келер күннің болжайын!»
Берді Өгдүлміш қуанғаннан жауапты: 
«Өте орынды, айттың тура сауапты.
Патша алдына барам енді тұрайын, 
«Келед» десем ол ашады шырайын.
Кел артымнан, сөзіңде тұр өзің де, 
Жетіп келгін уәделі кезіңде!»
Байластырып бұлар сөздің сабағын, 
Шықты Өгдүлміш ашып көңіл, қабағын.
Айтты және созып сөздің желісін: 
«Бұзылмасын бұл уәде, келісім!


406
Күн еңкейіп ұясына тайғанда, 
Көмір түсін дүниеге жайғанда,
Үйде күтем, келсең маған, ылайым,
Сенің үшін бір дайындық қылайын!»
Ол аттанып, келді беттеп Сарайды,
Аттан түсіп, ол патшаға қарайды.
Естігенін айтты бірден бастап-ақ,
Патша күлді, жадырады қас-қабақ.
4910. Айтты патша: «Бұл іс жақсы болды аса,
Сен айтқандай шын боп, Алла қолдаса!»
Айтты және: «Қай мезгілде кездесіп,
Қайсы жерде сөйлесеміз көздесіп?»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет