Түркі ынтымақтастығы және ғылыми интеграция Қазақстанның сыртқы саясатта «көпвекторлы»


Лекция тақырыбы: Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері Жоспары



бет16/24
Дата15.12.2023
өлшемі391.18 Kb.
#486685
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
Лекциялар Түркі әлемі және интеграция

Лекция тақырыбы: Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері Жоспары:
1. Қазақстан

2. Өзбекстан

3. Қырғызстан

Лекция мақсаты: Қазақстан, Өзбекстан және Қырғыстан мемлекеттерінің өткен тарихы мен бүгінгі тарихын салыстырмалы тұрде талдау және қазіргі таңдағы бұл мемлекеттердің қарым-қатынастарын түсіндіру.

Лекция мәтіні: 1990 жылы желтоқсанда Қазақстанның бастамасы негізінде төрт республика /Ресей, Украйна, Белоруссия, Қазақстан/ бір бірінің тәуелсіздігін мойындап тәуелсіз мемлекеттердің одағын құру туралы бастама көтерді. 1991 жылы тамыз айында орталықта болған оқиға Кеңес Одағының құлауын, одақтық республикалардың тәуелсіздік алуын тездетті. Саяси сахнадан СОКП кетті. Кеңес Одағының құлауының көп себептері бар. Олардың негізгілері: экономика саласында бір орталықтан басқаратын жоспарлы экономиканың үстем болуы, саяси салада бір партия ұйытқы болған әкімдік-әміршілдік жүйенің қалыптасуы, рухани салада бір идеологияның үстем болуы.

1990 жылы қазан айының 25-де ҚССР-ның Жоғарғы Кеңесі ҚазақССР-ның Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларация қабылдайды.

1991 жылы желтоқсанның бірінде республиканың тарихында тұңғыш президенттің сайлауы болып президент болып Н.Назарбаев сайланады.

Желтоқсанның 10-да республиканың Жоғары Кеңесі Қазақ ССР-ын Қазақстан республикасы деп атау туралы шешім қабылдайды. 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік егемендігін жариялайды. Егемен Қазақстан республикасы өз территориясында толық билік жүргізетін, өзінің ішкі-сыртқы саясатын жеке дара шешіп жүзеге асыратын болып Қазақстан республикасының тарихында жаңа дәуір ашылды. 1991 жылы 21 желтоқсанда Алма-Атада болған бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы 11 мемлекеттің ел басыларының мәжілісінен тәуелсіз мемлекеттер достығын құру туралы келісімге қол қойылады.

Тәуелсіз, егемен Қазақстан Республикасының орнауы қазақ халқының тарихындағы аса зор маңызы бар саяси оқиға. Қазақ тәуелсіздікке қол жеткізу үшін күресті, қан мен тер төкті. Тәуелсіздік үшін күресте талай-талай құрбандықтар болды. Сол төгілген тер, құрбандық текке кетпеді, өз нәтижесін берді. Қазақстан тәуелсіз, егемен, жүниежүзі халықтарының қауымдастығында терезесі тең мемлекет болып қалыптасып отыр.

Кеңес Одағының қоғамдық өмірін түгелдей қамтыған тоқыраудан шығарудың жолын КОКП қайта құру деп есептеді. Қайта құру стратегиясын тұжырымдаушылар елдегі экономикалық кризистен жоспарлы экономика мен нарықтық экономиканың артықшылығын пайдалану арқылы шықпақшы болды. Қайта құруды жүзеге асыра бастағаннан соңғы 5-6 жылдың тәжірибесі аталмыш жолмен экономикалық кризисті ауыздықтауға болмайтынын дәлелдеді. Кризистен шығарудың ең сенімді жолы нарықтық қатнасқа өту екенін дүниежүзілік тәжрибе, қайта құрудың тәжірибесі делелдеп берді.

Қазақстан Республикасы 1990 жылдан нарықтық экономиканы қалыптастыру жолына түсті. 1990 жылы желтоқсанда Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесі Қазақ ССР-ның экономкасын тұрақтандыру және нарыққа өту бағдарламасын бекітті. Нарықтық экономика экономикалық ынтықтыққа жол ашады, еңбек өнімін арттыруға мүмкіндік береді, товар өндірушілердің еркіндігін қамтамасыз етеді., бәсекелестікті дамыту арқылы жеке өндірушілердің өктемдігін жояды, өндірісті тұтынушылардың сұранысына бағындырады.

Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда нарықтық экономиканы қалыптастырудың соңғы сатысында отыр. Өткен 10 жылдықтың ішінде нарықтық экономиканы қалыптастыруға байланысты ірі-ірі қадамдарды жүзеге асырды. Олардың негізгілері: бір меншіктің үстемдігін жойып көпменшіктілік жүйені қалыптастыру, меншіктің теңдігін, еркіндігін қамтамасыз ету, мақсатын көтеріп бұл мақсатты мемлекеттік меншікті жекелендіру жолымен жүзеге асырып отыр. Мемлекеттік бағадан еркін бағаға өту нарықтық экономиканы қалыптастырудың негізгі мәселесінің бірі. Нарықтық экономикаға үйлескен банк, кредит жүйесін құру тағы бір негізгі мәселе. Экономиканы монополиясыздандыру, кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту негізгі мәселелердің бірі. Шет елдермен экономикалық қарым-қатнасты жолға қойып, халықаралық еңбек бөлісінің артықшылығын пайдалану және т.б. жолдармен халықаралық экономикалық қатнастарды дамыту нарықтық экономиканы қалыптастыруда маңызды роль атқарды.

Өзбек. Өзбектің ұлт болып қалыптасуы және мемлекет болып құрылуын жазуға кіріспес бұрын «өзбею; атауы қайдан шыққан, «өзбек халқы» деген атау қашаннан бері қалыптасты, міне, осы сауалдарға тоқталайық.

«Өзбек» деген сөз (атау)-XV ғасырдың аяғы -XVI ғасырдың бас кезінде Шығыс деректемелерінде Еділдің шығысы мен Арал теңізінің солтүстітіңдегі далалық аймақтың атауы, яғни шығыс Дешті Қыпшақ атауы ретіңде қолданылған тарихи-этнографиялық термин. Мысалы, Мырза Мүхаммед Хайдар Дулати өз шығармасында: «Моғолстанда үлкендігі Джейхунға (Амудария өзені) ұқсас ірі өзендер көп, олардың ішінде Іле, Емел, Ертіс, Чуйлық (Шу өзені) және Нарын бар. Бұл өзеңдердің көпшілігі Көкше теңізге (Балхаш көліне) құяды, ол Моғолстан мен Өзбекстанның арасында орналасқан және оларды бөліп жатыр» деп жазды.

Өзбек атауы Шығыс деректемелерінде (парсы тілдес)-Низам ад-Дин Шами, Муин ад-Дин Натанзи, Шараф ад-Дин ал-Иезди, Абдураззақ Самарқанди тағы басқалардың еңбектерінде ХҮІ ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап бұрын Шайбан және Орда-Ежен ұлыстарының құрамына енген Шығыс Дешті Қыпшақтың түркі-монғол тайпаларының орталық жалпы атына байланысты аталады. Бүдан гөрі ертерек дәуір деректемелерінде «өзбек» термині кездеспейді.

XVI ғасырда араб авторлары (Насыр ад-Дин ибн өл-Фурат, Әс-Асадй, Әл-Айни т.б.) Алтын Орда билеушілерін «Дешті патшалары, Қыпшақтар патшаларың деп атапты.

XIV ғасырдың 60 жылдарынан Низам ад-Дин Шами, Муин ад-Дин Натанзи Ақ Орда жерлерін «Өзбектер елі»(«Дийар-и-өзбек»- Өзбекстан), «Өзбек далалары» (Сахра-и-өзбек), ал Орыс ханды (қазақ хандарының арғы атасын) Өзбектер патшасы (падишах-и-езбек) деп атай бастады.

Орыс тарихшылары Н.А.Аристов, А.Ю.Якубовский, П.П.Иванов өзбек терминінің (атауының) шығу тегін Алтын Орда ханы Өзбек (1312-1342 жылдары билік еткен) есімімен байланыстырады. Академик Б. Г.Гафуров, Б.А.Ахмедов атаған Өзбек хан қол астындағы халықтарды емес, Ақ Орданың бүкіл түркі-монғол тектес тайпаларын «өзбек» деп атағанын ескертіп, оның шығу тегін тек Өзбек хан есімімен байла-ныстыруға болмайтынын дәлелдейді. Соңғы жылдарда тарихи әдебиетте «өзбек» атауы әлі этноним болып қалыптаспаған Шығыс Дешті Қыпшақтың жергілікті түркі және түркіленген монғол тайпалары одағының жалпы атауы деген пікір қалыптасты.

Бұл одақтың құрамында (Масуд бин Осман Кухистан, Бенай т.б. пікірлері бойынша) Бүркіт, Қият, Қосшы, Қоңырат, Үйсін, Қыпшак, Найман, Жат, Қарлұқ, Кенегес, Күрлеуіт, Маңғыт, Үйғыр, Қытай (Хитай) т.б. тайпаларболды. Бұл тайпалардың көбі ерте заманда-ақ Қазақстан мен Орта Азия жер аумағын мекендеген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет