Түркі ынтымақтастығы және ғылыми интеграция Қазақстанның сыртқы саясатта «көпвекторлы»


Лекция тақырыбы: Ежелгі орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері



бет7/24
Дата15.12.2023
өлшемі391.18 Kb.
#486685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24
Лекциялар Түркі әлемі және интеграция

Лекция тақырыбы: Ежелгі орта ғасырлардағы түркі мемлекеттері
1. Батыс түркі қағанаты.
2. Шығыс түркі қағанаты.
3. Түргеш қағанаты.
4. Ұйғыр қағанаты.
5. Қарлұқ қағанаты.
Лекция мақсаты: ҮІ ғасырда «түрік» деген атаумен алған мемлекет құрған Түркі қағанатының әлем тарихында алатын орның қағанаттың мемлекеттік басқару құрлымы, ішкі және сыртқы саясаты, Түрік қағанатының ыдырауынан кейін құрылған түркі мемлекеттерінің тарихын түсіндіру.
Лекция мәтіні:Әрбір халықтың тарихы өзінің тамырларымен баяғы замандарға қарай тереңдеп кеткенімен, күллі дәуір тарихшыларының халықтың шыққанын анықтайтын датаны (олардың пікірі бойынша) сипаттауға ұмтылатын әдеттері бар. Мысалы, римдіктер Римнің негізі салынған датаны шартты түрде ала салған, араптардың датасы нағыз шынайы – Мұхаметтің Меккеден Мединаға қашқан кезі, орыс шежірелері 862 жылы таңдап алып, орыс тарихының«басталуын соған бейімдеген, француз күннамашылары «бастауды» Хлодвиг Меровингтен алады, ал тарихшылар Огюстен Тьерридіңүлгісімен, оны 843 жылы - ¦лы Карлдың империяны бөлген кезіне телиді т.б. Түркіттер үшін мұндай дата 545 жыл болды.
Vғ. Түркі тілдес тілі (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік Монғолиядан Шығыс Европаға дейінгі далалықөңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Амударияның жоғарғы ағысына дейін жетті.
VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава – билеушілері түрік тайпасыныңәулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносыныңөзі қағанаттыңқұрылар алдындағы кезеңде Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең- кезеңмен қалыптасты.
Түрік қағанаты. “Түрік” этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді сюннулердің (ғұндардың) ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вәй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер (туцзюе) жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрылықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты.
546 жылы тирек тайпалары қазіргі Монғолияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерелерге үстемдік еткен аварларға (жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан қаншалықты көп болғаны белгісіз, бірақ олардың нөпірі сұсты болған деп топшыланады, өйткені тиректердіңқұрамына көптеген тайпалар енген, ал олардыңқуатты аварларға аз күштермен қарсы тұра алуы екі талай еді. Түрік қағаны Бумынь күтпеген жерден қатты шабуыл жасай отырып бей-берекет жатқан тирек армиясын қапылыста басып, кескілескен шайқастан кейін оны күйрете жеңеді де, тиректердің 50 мыңнан астам әскерін түріктер тұтқынға алады. Даланыңәдеттегі құқығыныңқағидаларына сәйкес тұтқынға алынған әскерлер өзінен-өзі жеңушінің армиясына қосып алатын еді. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді бәсекелестеріне айналады. Мұның бір көрінісі авар қағанына келіп, авар қағаны үйініңқаншасын Бумыньға әйелдікке бер деп үзілді кесілді талап еткен түрік елшілігі болды.
Мұныңөзі қағанмен теңқұқықтылығын көрсетуден гөрі оны басынғандық еді. Авар қағаны Анағұй:”Маған бас иетін –вассал. Бұлай деуге қайтіп дәтің барды? “- деп Бумыньға жаушыларын жібереді. Бірақ аварлар қалыптаса бастаған Түрік қағанатыныңкүшін бағалай алмады, ал түріктер тарапынан мұныңөзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс қана болатын. Енді бұрынғы вассалдардың бұрынғы билеушілеріне қарсы соғыс ашуға дәлелі табылады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңгені соншалық, Анағұй өзін өзі өлтіреді. Осы кезден бастап түрік билеп -төстеушілері қағандар атағын алады, сөйтіп олардың бұрынғы күш-қуатына да, олардың барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады.
Бумынь өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-еске отырады, оның бастауымен түріктер Орхонның жоғарғы жағында бір жердегі Букрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол қағандық тағына Мұқан-қаған (Мугань) деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту. Мұның бәрі 552-554жж. арасында болған. Бұл уақыттың ішінде түріктер шығыста қайлар (татабтар), қидандар және отыз-татарлар тайраларын, солтүстікке – Енисей қырғыздарын өздеріне қаратып алады.
Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан күшті бола түседі. Бұларды Бумыньнның басқа бір інісі Иштеми бастайды, кейін оны батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс Түрік қағанатының негізін салушы деп атайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтарының бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, “он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және “Он тайпалық” деп атап өзін қағанның (Шисин було қаған) деп жариялады. Бұл өте-мөте назар аударарлық хабар. Мұны шежіре дәстүрініңөзі де ескермеген, бұл дәстүр бойынша тайпалық- әскери ұйымның ондық жүйесінің шығуы Жетісу түріктерінде 651 жылы ғана болады. Сол жылы Ашбара – Териш-қаған (Шаболо-Дилиши) “өзінің мемлекетін күтпеген жерден он ұлысқа бөледі: әрбір ұлыс оны басқарушы бір адамныңқарамағында болады”. Оны шэ (шад) деп атаған. Әрбір шадқа бір жебеден сыйлық береді, осыдан келіп Он жебе деген ат шығады. Тайпалық-әскери санаудың ондық дәстүрі Жетісудың ежелгі түрік тілді тайпаларында VI ғасырдың орта кезінде-ақ болған және Батыс Түрік қағанатының этникалық-саяси құрылымында айқын бейнеленеді.
552-553жж. түріктер “батыста идті (эфтал) бағындырады”. Әңгіме Орта Азия эфталиттері туралы болып отырмағаны күмәнсіз өйткені оларды жаулап алу үшін алдымен Алтайдан Тоқарстанға дейінгі жолдағы мемлекеттердің бәрін бағындырып алу керек еді, ал ондай мәліметтер бізде жоқ. Оның бер жағында түріктердің Орта Азия эфталиттерін 563-567 жылдары, яғни он жылдан кейін жаулап алғаны баршаға мәлім. Сондықтан “батыста идті талқандады” деген сөзді география тұрғысынан Алтай аумағымен шектеу керек. Түріктерді қара эфталит аймағына орналастыратын шежіреші олар осы жерде болған дейді. VIII ғасырдың орта шенінде ұйғыр жансыздары да оларды осы жерден тапқан. Сөйтіп, батысқа түріктердің Бумынь мен Иштемидің бастауымен жасалған жорығы туралы айтылып отырғандықтан (соңғыға Жетісу түріктері қағанатыныңқұрамына кіретінін көрсететін “Он тайпа” атағы берілген болатын), нақ осы ауданды түріктердің 552 жылғы әскери экспедицияларының батыстағы жеткен шегі деп санау керек.
Бірақ осыншама ұлан байтақ жер енді ғана қалыптаса бастаған мемлекеттіктің шеңберінде ұзақ уақыт қала алмайтын еді. Олар іштен және сырттан болатын қысымға қарсы тұра аларлықөзара байланысты біртұтас экономикалық және этникалық-саяси организм болмады. Тек қарудың күшімен ғана құрылған империя оған ұзақ уақыт сүйеніп тұра алмады. Түрік қағанатында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, олардың талай жылдарға созылған мал індеттерімен, жұттарымен және ашаршылықпен ушыға түсүі, Суй Қытайыныңқағанат шекараларына шабуыл жасауы (581-618жж.), ақырында, оның аудандарының автономиялану үрдісінің табиғи түрде басталуы жалпы Түрік қағанатының 603 жылы екі дербес қағанатқа – Шығыс және Батыс қағанатына бөлінуімен аяқталды; Батыс қағанаттың орталығы Суяб (Жетісу) болды. Бөлінуіне қарамастан, Батыс түрік қағанаты Шығыс түрік қағанатына бір шама саяси тәуелділікте болды, онда өкімет билігі түріктердіңқаған руы – ашиналардыңқолында болды.
Батыс түрік қағанаты “ежелгі усун жерлеріне” ірге тепті, демек оның аумағы ендік бағытта Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы – “он тайпа” – он оқ будунның мекендеген жері де осы еді. Сонымен қатар ол Түрік қағанатының Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы (Самарқанд, Мамург, Кеш, Нақшеб, Иштихан, Кушания, Бұхара, Амуль, және Андхой) отырықшы-егіншілік шұрадтарындағы басып алған барлық жерлерінің мұрагері болды. Батыс түріктеріне тәуелді деген аты ғана болған Соғды мен Бұхарада да қағанның наместниктері, яғни, дұрысырағы, оныңөкілдері болды.
Шаруашылық-экономикалық жағынан алғанда, қағанат екі негіздің – мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғамның және бұл кезде феодалдыққатынастар едәуір дамыған отырықшы-егіншілік қоғамыныңұштасуы болды. Бұл кезде феодалдыққатынастар Византия мен сасанилер Иранында дамыған болатын. Соғыс және сауда бәсекелестігіне қарамастан (бәлкім, соның арқасында да болар), фоедалдық-қоғамдыққатынастар Кавказ өңірінің Хазар патшалығының көшпелі ортасына, тіректер мен Алтайдың ертедегі түріктер жеріне өтіп ұлғая түсті.
Батыс түрік (сондай-ақ Шығыс түрік) қағанатының халықаралық шаруашылық және саяси байланыстар аясына тартылуында Соғды мен Жетісудың соғдылық көпестері ерекше рөл атқарды. Жетісудыңқұжаттарда көбінесе “соғды” қалалары деп аталатын қалалары ежелгі түрік дәуірінде тоқтап қана өтетін мекендер болған жоқ. Қалалардың соғды халқы да, түрік халқы да саудамен, қолөнермен, диқаншылықпен бірдей дәрежеде шұғылданды. Қала мен дала қағанат құрамында бірін-бірі толықтыратын және біріне-бірі өзара керек болып отыратын біртұтас шаруашылық-саяси организмнің екі бөлегі болды.
Транзит сауда айырбасы да, ішкі сауда айырбасы да ақша айналысын туғызды, сөйтіп Батыс түрік қағанатының вассалдық шет аймақтарының да, орталығының да халқы осы айналыс өрісіне тартылды.
Қағанатта қоғамдық-экономикалыққатынастардың дамуы Евразияның басқа аудандарындағы осы сияқты үрдістерге байланысты жүріп, феодалдыққатынастардың орнығу арнасында жүргенімен, оныңөз ерекшеліктері де болды.
Батыс түріктері мемлекетінің бірінші басшысы – қаған, жоғарғы билеуші, билеп-төстеуші, әскер басы болды. Ол нақты алғанда шығыс түрік қағанатына тәуелді болды, бұл оның таққа отыруына өз келісімін беретін немесе бермей де қоя алатын еді. Бірақ іс жүзінде шығыс түріктері де өздерінің інілеріне талай рет бағынышты болды. Алғашында қаған тағына мұрагерлік бойынша қағанаттың сол қанатынан шұмұқ (ашна) фратриясыныңөкілдері отыратын, бірақ бұл тәртіп тұғылықтар мен оншадыпыттар топтарының арасындағы өзара тартыс күресінде мезгіл-мезгіл бұзылып отырды. Кей кездерде қағанатта бірнеше қаған болып, олардыңөкілеттік дәрежесі әртүрлі болды. Қаған мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық етті, ру басшыларын тағайындады. Ол әулеттік фратриялардан шыққан шонжарларға сүйенді.
Қағанаттың астанасы және қағанныңқысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды. Саяхатшылардың хабарлауына қарағанда, Суябқа жақын жазғы резиденция – Цзедань қағанның ордасы болған. Қаған тек билеуші ғана емес, сонымен қатар қағанаттың барлық жерінің иесі де болуы мүмкін. Алайда көшпелі қоғам жағдайында (дала халқын алатын болсақ) билік негізінен алғанда жерге емес, ол жерді пайдаланатын адамдар ұжымына жүргізілді.
Техника мен жер суарудың тым қара дүрсін болуы жағдайында ауыл шаруашылығына жарамды жерлер тапшы, ал мал жайылатын жерлер көп болды. Көшпелі қоғам жылжып көшіп, тіпті үдере көшіп кете алады, ал егіншілік ұжымы жөнінде бұлай деуге болмайды. Мал шаруашылығы ұжымдарының көшіп-қонып жүруі қағанаттың жоғарғы өкіметіне енжар қарсылық жасап, қағанат әскерлерініңқолы жетпейтін алысқа үдере көшіп кетуіне мүмкіндік беретін еді.

VII ғасырдың бас кезінде Батыс түрік қағаны Ябғудың ордасында болған булда монахы Сюань Цзанның жазғандары қаған руының байлығы туралы біраз ұғым береді. Қағанды аң аулап жүрген жерінде кездестірген саяхатшы аңшылар киімдерінің сәнділігіне таң-тамаша қалады. “Қаған жасыл жібек желбегей киген, - дейді ол. – Оныңқасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, шаштарын бұрымдап өрген. Басқа сарбаздары аң терісінен тігілген ішік киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сәйгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді”. Одан әрі қағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті “көз қаратпайды”- дейді ол.


Мемлекетте қағаннан кейінгі адам ұлық болған. Қағанаттағы жоғарғы лауазымды – ябғу, шад және елтебер – қаған руыныңөкілдеріне тиесілі еді; оларды қаған вассал тайпаларды билейтін лауазымдарға қойған. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер – тайпа бастықтары мен өкілдері – жергілікті жерлердегі ақсүйектер сословиесінің басты тірегі болған.
Тағы бір категория – үй-қаған барынша назар аударарлық деректеме оны былай деп сипаттайды:”Дәрежесі ябғудан төмен қағандар болады. Сондай-ақ бір үй болып тұратын бір атадан тараған көп адамдар да (фамилиялар) өз басшысын үй-қаған деп атайды; түріктер үйді үй деп атайды, демек бұл үй қағаны деген сөз”. Әңгіме бұл жерде қауымның негізгі экономикалық бөлінісі патриархаттық отбасылыққауым жөнінде болып отыр.
Қағанаттыңқанауда болған бұқарасы мал өсіретін ерікті ұсаққауым мүшелері болды. Батыс түрік қағанатында олардыңқалай аталғаны белгісіз, бірақ шығыс түрік әлеуметтік терминологиясына ұқсастырып, оларды “қара бұдун” (“тобыр”, “қара халық”) деп атаған деп топшыланады. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда тайпалар да, бір жағынан, ақсүйек тайпалары, ал екінші жағынан, оларға бағынышты, вассалдық, тәуелді тайпалар болып бөлінген.
Бағынышты тайпаларға және қарапайым көшпелі бұқараға жүктелген міндеткерліктер туралы жазба деректер аз. Солай бола тұрса да, басты міндеткерліктердің бірі әскери міндеткерлік (басқаша айтқанда “қанмен төлейтін салық”) болғаны белгілі; бұл міндеткерлік бойынша, вассал тайпалардың барлық жауынгер-еркектері тайпа көсемі армиясыныңқұрамына кіреді. Соғыстың негізгі ауыртпалығы, демек адам шығынының ең көбі бағынышты тайпалардың мойынына түседі. Кейде “келімсек” деп аталған бұл тайпалар соғыс шайқастары кезінде “алдағы шеп” ретінде пайдаланылған яғни алты шепке қойылған. Бұл дәстүр барлық жерлерге тараған.

Бағыныштылықәрқашанда алым-салық төлеумен қатар жүріп отырған. Оныңүстіне бағындырылған тайпалардан, сондай-ақ соғыс қимылдары кезінде тұтқынға алынғандардан құлдар тобы қалыптасқан. Бірақ ертедегі түріктердегі “құл” деген терминді жалпыға мәлім “классикалық” түрде түсінуге болмайды. Құл тайпалар – үстем тайпаға мал және аң терісі т.б. түрінде салық төлеп тұруға міндетті вассал тайпалар.


Түріктердің көршілес тайпаларға шапқыншылық жасағандағы мақсаттарының бірі құлдар алу болған, бұл орайда, әдетте, ұлдар мен қыздарды алған. Мысалы, түріктің Баћадур-қағанының 620 жылы бірнеше мыңқыз-баланы тұтқынға алғаны мәлім. “Жорықтарда тұтқынға алынған ұлдар мен қыздар, Яшма мен Жібек – мұның бәрі қаған меншігіне түседі”, - делінеді сол кездегі құжаттардың бірінде. Түріктің Білге-қағанының 720 жылы сол кезде басмылдарды жеңуін баяндай келіп, автор түріктер “олардың (басмылдардың) ұлдары мен қыздарын алып, кейін қайтты” деп хабарлайды. Деректемелерде мұндай мәліметтер жиі кездеседі. Тұтқын балаларды үлкен отбасылы қауымда әдетте “бала қылып алып”, шаруашылыққа пайдаланды. Мұның бәрі қағанатта құлдықтың басқа түрлері болғанын (мысалы, қолөнерші, қала салушы т.с. құлдар еңбегі болғанын) теріске шығармайды, біраққұл еңбегін пайдаланудың негізгі түрі үйдегі, яғни отбасындағы құлдық деп есептеуге мүмкіндік береді.
Тәуелділердің тағы бір категориясы болды. Білге – қаған ескерткішінің текстерінде бектерге және халыққа арналған сөздер бар. Онда мынадай жол кездеседі: «Менің шын жүректен сөзімді сендер (бәрің) осыған (ескерткішке) қарай отырып, он жебе ұлдарына және олардың таттарына жеткізіңдер». Ертедегі түрік жазуларында таттар деп батыс түріктеріне тәуелді Жетісу аумағындағы отырықшы қоныстар мен қалалардың соғды тілдес тұрғындары айтылатын болуы керек, түрік қағандарына бағынышты болған бұлар саудамен де, ауыл шаруашылығымен де шұғылданған.
Батыс түрік қағанатында әлеуметтік –экономикалық және саяси қатынастардың ала-құла, үстемдік етуімен бағыну түрлерінің алуан түрлі болуына қарамастан, Батыс түрік қағанатында таптардыңқұрылуы және ертедегі феодалдыққоғамдыққатынастардың бір шама тез қалыптасу үрдісінің жүргені анық.
Қытай мәліметтеріне қарағанда, елге ханды жариялаудың күрделі рәсімі болған: бекзаттар оны ақ киізге отырғызып, күн жолының ыңғайымен қаумалаған қалың жұрттың құттықтаған айқай-қиқуы үстінде шеңберді тоғыз рет айналып шығады екен. Сосын оны ақбоз атқа мінгізіп, мойнына дереу жібек бұғау салып, оны қолма-қол босаңсытып,одан: “неше жыл хан болғың келеді?” – деп сұраған. Бірақ сұрақтың ел басқару мерзімін анықтау ісінде қандай роль атқарғаны түркіттер тарихында онша мәлім емес: бәрінен де дұрысы, бұл әдет, әсілі хан тайпа көсемі болып сайланатын кездің салты есебінде сақталып қалған тәрізді. Тәж-тақты мұраға қалдыру күрделі жүйе арқылы жүргізілетін болған, оған айрықша тоқталамыз.

Мемлекеттің ханнан кейінгі бірінші адамы жабғы болған. Түптеп келгенде, жабғы ханның бас уәзірі, бұл қызметке көбінесе хандыққұрып тұрған әулеттің мүшесі сайланатын болған. Мәселен, Елхан Бұмынның кезінде жабғы шеңін оның туған інісі Істеми алған. Бірақ жабғы тақтың мұрагері деп еспетелінбеген. Мұрагер, атқаратын қызметіне қарамастан, “тегін” деп аталған. Қарауында билейтін еншілі жер-су бар тектес ханзада “шад” деп аталған, мысалы, кейін хан болған Сымо, өгей деп күдіктенгеннен соң Шад бола алмай қалған.



Мән-маңызы төменірек шеңдерді ашин тұқымына жатпайтын кісілер алған, бірақ барша қызмет мұра етіп қалдырылып отырған. Мұна осы негізге жүгінсек түркіт қоғамы ақсүйектер қоғамы болған деп жорамал жасаған жөн.
Түрік қоғамында еріктілер мен тектілерге қоса, әскери тұтқындардан тұратын құлдар мен күңдер де болған. Олар негізінен әйелдер болса керек. Істеми хан 569 жылы Земархқа қырғыз халқына бір күңді тарту етеді. Жорық сәтті болған кездері қытайдан күңдерді сан мыңдап айдап қайтатын болған: мәселен, Чулохан 619 жылы Бин-Чжоуды басып алғанда, “қаладағы күллі әйелдермен қыздарды жаппай айдап кеткен”, ал Атрпатакан қаласының (628 жыл) адамдарын шетінен ұстап әкеткендері Таяу шығыс елінде сақталып қалған. Тіпті тұтқындарды бөлісу кезінде таласып қалғаны үшін Уйгу шад тақтан айырылған. Демек түркіттер құлшылықтың не екенін білген. Бірақ бұл арада: көшпелі шаруашылықта құлдар қалай, қай түрде пайдаланылған? – деген сұрақ туады. Құл, егер ол мүгедек болмаса, кез келген уақытта қожасының атын мініп қашып кете алады, сөйтіп ол қып-қызыл зиян болып шығады. Тегі, құл мен күңнің жағдайы онша жаман болмаса керек, шынында да мұны анықтай түсетін сөзде бар.
Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы онан арғы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік үндістанға және Шығыс Түркістанға дейінгі жерді алып жатқан еді. ¤зінің армиясының орасан зор да, икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға шамасы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазуымен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондықтан түріктердің эфталиттерге қысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды. Түрік қағанымен жасалған келісімі бойынша Хұсрау I Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамсыз тылынан уақытша айырылып қалды. Мұныңөзі түрік қағаны Силзибулға 563-567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар тағы басқа саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы товар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді.
Бұл саудада бүкіл Орта және Орталық Азия аумағында негізгі делдалдар соғды көпестер болды, олар өздеріне қолайлы жағдайды сақтап қалуға бәрінен де гөрі мүлделі болатын. Сондықтан бұрынғы одақтастармен араздасып қалған түрік қағаны Хұсрау I Ануширванға Персия арқылы Византияға жібек және басқа товарлар өткізуге рұқсат сұрап, елшілік жіберуге ұйғарғанда, бұл елшілікті соғды көпесі Маниах бастап барғаннан таңдануға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке ұшырады Ануширван қағанатпен қатынасты көрінеу бір жолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуға бұйрық берді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді. Екінші елшілік те осылай сәтсіз болып шықты.
Бұл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның императоры II Юстинге сөз салуды дұрыс көрді. Тағы да сол Маниах бастаған елшілікке енді Кавказ арқылы тура келді. Маниахтың Константинопольдегі келіссөзі сәтті болды, ол кейін қайтқанда түріктердің жаңа одақтасыныңөкілі, Византия елшісі Зимархты алып қайтты. Зимарх елшілігі Кавказдан асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетті. Бұл елшіліктің сипатталып жазылуы Менандрда сақталған. Ол елшілердің екі оттың арасынан өтіп, тазалану рәсімін жасауға тиіс болғанын әңгімелейді, қаған шатырының ішкі жићаздарын, дөңгелектері бар алтын тақты суреттеп жазады. Византия елшісінің түрік қағанымен келіссөзде түріктер мен Византия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың армияларын сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қималдауы туралы сөз болады.
Алайда бірінші тармақта екі жақ келісімге келе алмайды, өйткені бұл кезде Византия жібек құртын өсіруді өзі үйреніп алған болатын, сондықтан ол сыртынан жібек әкелуге зәру емес еді. Византиялықтар түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті. Қаған сарайының бұған оңқарайтындығы айқын болса да, бұл мәселе жөнінде де нақты шешім қабылданбады. Тегі, бұл Иран мен Византияны әлсіретуді көздеген дипломатиялық есеп болса керек: егер бұлар өзара соғыс жағдайында болса, түріктерге бұл қолайлы болып шығар еді. Солай болып шықты да. ¤здерінің араларындағы қатынастарды соғыс жолымен анықтап алудан қолдары босамаған Иран мен Византия қағанаттың істеріне ықпал жасай алмады.
Бірақ 575 жылы жағдай өзгерді. Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты. Тіпті Византия түріктерге қарсы олардың бүлікшіл вассалдары уархун (вархонит) – түріктерді тарту үшін Кавказдың арғы жағына және Кавказға кіруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде түрік атты әскері Киммерия Боспорына, онан кейін Қырымға және Батыс Кавказға жойқын жорық жасады.
Батыс түркіт қағанатын сипаттайтын қытай және грек-армян авторлары көңілдерін көбінесе, елді билеген түркіт ордасына емес, сол елге кіретін тайпаларға аударып, құбылысқа үстірт қараумен шектеліп қалып отырған. Сәті түскенде, П.Пелльоның экспедициясы VII ғ. Екінші жартысына жататын, бес қорлар (тоғондар) құрастырып, тибет тіліне аударылған бір географиялық трактатты тауып алады. Бұл құжат «солтүстікті мекендейтін патшалықтар мен тайпалар туралы» бес баяндамадан тұрады; оның 4-де авторлар заманындағы этно-саяси ахуалды, ал тағы біреуінде тарихи жағдайды суреттейді, оны Түн жабғы патшалыққұрған кездің аяғы деп датасын дәл айтуға болады, бұл – құжатта тізімделген тайпалар құрамынан анық көрінеді.
Тізімдегі тайпалар мынадай топтарға бөлінеді: 1) «Азма Мугань патшаның тайпасы» – бұл Ашиндер әулеті; 2) «Хали» – «Фули» сөзімен, түрік сөзі «бөрінің»қытайша бұрмаланған түрімен қатар қойылады, бұл яғни түркіт хандарының нөкерлері; 3) «А-са-стэ» текті түрік әулеті Ашиденіңәулеті; 4) «Сар» – күмәнсіз «сир» яғни сеяньто тайпасының басты руы. Тізім «Дули» деген сөзбен бітеді, бұдан «Толис» терминін оп-оңай тануға болады.
Бұдан ары тізім батыстан шығысқа қарай жүреді: 5) «лолад» - алаңдар, аяғында моңғолдардың көпше жалғауы бар, бұл д- түсінікті де, өйткені баяндаманы жазған Тоғонның тұрғыны; 6) «Парсия» – Каспий теңізінің солтүстік-батыс жағасын мекен еткен болғар тайпасы барсилдер; 7) «нгике», Таманның лауазымы – «Нигю-Чулохан», нигю – «ежелгі үйсін жерін», яғни Балхаш көлінің жағасын мекендеген түріктер тайпасының аты; 8) Суни – шығыс пен батыс қағанаттары шекарасында қоныстанған Жоңғариядағы түрік тайпасы. Тізім джолто тайпасымен аяқталады. Оның баламасы жоқ. Бұл арада біз қағанаттың батыс қанатын құрап, жоғарыда аталған тайпалардың бәрін қамтитын «тардуш» терминінің бұрмаланған түрін көріп отырмыз ғой деп ойлаймыз. Сол кезде өмір сүрген тибет тілмәші тегі, «толис тардуш» жүйесінің дәурені өткен ескілік болғанына қарамастан, оны айрықша тайпа етіп бөліп жазған.
Келесі үш тайпа: янь-ти, хэ-бдал және гарга-пур, ортасындағы буынына қарағанда, Орта Азияда және оның VII ғасырда 20-шы жылдарында Түн жабды хан қағанатқа қосып алатын бөлігінде қоныс тепкен тәрізді. Сол кездері ол өңірде кушандардыңұрпақтары тұрып жатқан, ал кушандардың этникалық жағынан сарматтарға жататыны анықталған десе де болады. Мұнда біздің есімізге ежелгі қытайдың сармат тайпаларына қойған аты – Янь мен янь-цай есімізге түседі. Қытайды зерттеушілер осы аттар – «сармат» этнонимын білдіреді деп есептеген.
Түркіттерден нәсілі, тілі мен мәдениеті жөнінен айырмасы бар, «толис тардуш» жүйесіне кірмейтін осынау үш тайпаның басқалармен, нағыз түрік тайпаларымен бірдей, тең негізде тізімге еңгізілуі – олардың теңқұқықты мүшесі ретінде ордаға қосылғанын көрсетеді.
Түн жабғы хан өз қосынын Шаш көгалды аймағының теріскей бетіндегі жасыл далаға апарып қондырады. Бұл оның аса аумақты, кең иеліктерінің дәл кіндігі болатын. Осында ол шығыс және батыс императорларының елшіліктерінін қабылдайтын. Бірақ осының ең бір қызықты және мәнді жері, түрік билеушісі Сарайының суреттемесін бізге қалдырған елшілер емес, хан жылы шырайымен қабылдап, көп көңіл бөлген булда сопылары. 626 жылы хан құзырына үнді уағызшысы Прабхакарамитра оншақты серігін ертіп келеді де, орда ішінде өнегелі тәртіп пен жүйелі іс барын көреді. Хан меймандарымен мейірімі түсіп, сүйсіне сұхбаттасады, олар ештеңеден де тарықпайды. Олардың тек қытайға баруға рұқсат етілмейді, Прабхакарамитрамен хан қосынында танысқан қытай елшісі оны өз еліне шақырған еді.
Арада бірнеше жыл өткеннен кейін хан иелігіне өзге бір булда сопысы – қытайлық Сюань Цзань келеді. Ол тек Хами көгалды аймағына жетісімен оны дереу Қаған жайға яғни Бесбалыққа шақырады. Жолай оны азғырып, Тұрфан көгалды аймағына әкеледі де, Гаочаньннің«әулие кісіні»өз қасында қалдырғысы келеді, бірақ ержүрек дәруіш аштық жариялайды, сөйтіп өзінің емін-еркін жол жүруіне кедергі жасамауға мәжбүр етеді. Сюань Цзань кетіп бара жатып, қайтар жолында Гаочаньға соғып, булда философиясы жөнінен дәріс оқуға уәде береді, бірақ оның бұл ниеті жүзеге аспай қалады, 644-645 жылдары ол Қытайға қайтып келе жатқан кезде, Гаочань князьдігі өмір сүруін тоқтатты.
Қазіргі Тоқмаққаласы тұрған жерден дәруіш аң аулап, сайран құрып жүрген Түн жабғы ханды көреді. Сюань Цзань сүліктей сұлу аттардың көптігіне қайран қалады. Хан үстіне жасыл атластан желбегей киген екен. Ол жалаңбас екен, тек жіңішке таспамен иығына түсетін қалың шашы қобырамас үшін, маңдайынан бастыра байлап тастапты. Ханның айналасында қамқа шекпенді екі жүздей атты нөкері бар еді. Олар шашын бұрымдап өріп алған. Ал қалған әскері ат, түйе мінген. Олар үстеріне ұлпаннан, матадан тігілген киім киіп, ұзын шашақты найзалармен, тік садақтармен қаруланған еді. Олардың көптігі сондай, әскердің шет шегіне көз жетпейді екен.

Араб түбегіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және этникалықүрдістердің барысында араб халқы қалыптасты және VII ғасырдың бас кезінде жаңа діни жүйе – исламның негізінде мемлекет құрылды. Мұнда феодалдыққатынастар қалыптасып нығайды, алайда рулық тайпалықұйым, әсіресе көшпелілер әлі күшті еді.



Мұхаммед өлгеннен (632 жыл) кейін араб түбегініңәр жерінде билік үшін күрес өріс алды, халыққозғалысы басталды. Араб шонжарлары ішкі қайшылықтарды әлсіретіп, дін басылары билейтін мемлекетті нығайту мақсатында, соғыс олжасына кенелу үшін жаңа жерлерді жаулап алу жолына түсті.
633 жылы арабтардың “дін үшін соғыс” деген ұранмен жаулап алушылық жорықтары басталды. Аз уақыттың ішінде олар Иран, Сирия, Палестина, Египет, Ирак жерлерін басып алып, Орта Азияның оңтүстік жерлеріне жақындады.
Арабтардың жаулап алуы басталған қарсаңда Орта Азия мен Қазақстан аумағының көп бөлігі Батыс түрік қағанатының билігінде болған еді. Орта Азияның көп иеліктерінің түрік немесе аралас текті әулеттер басқарды. Иран тілдес халықпен түрік тілдес халық арасында тығыз жақындасушылық белең алды. Шаруашылыққарым-қатынастар ұлғайып, экономикалық байланыстар өсті. Бұл факторлар араб жаулап алушыларына бірлесіп тойтарыс беруді ұйымдастыруда маңызды роль атқарды.
Арабтар 705 жылы шапқыншылықтар тактикасынан Амударьяның шығыс жағындағы аймақ – Мауараннахрды жаулап алуға көшті. Хорасан билеушісі Кутейба ибн Муслим Балықты басып алып, 706 жылы Пайкендке (Бұхараға таяу) қарай беттеді. Түргештер соғдылықтарға көмекке келді. Түріктер мен соғдылардың біріккен қолы араб әскерлеріне қатты соққы беріп, оларды қоршап алды. Хорасан билеушісі Кутейбаның алдап-арбауының арқасында ғана одақтастарды біріне-бірін айдап салып, қоршаудан шығып кетуге мүмкіндік туды. 708 жылы Кутейба Рамитанды (Бұхара облысындағы қала) ұрыссыз алды, бірақ жеңісті баянды ете алмады. 709 жылы Кутейба Мауараннахрға аттанып, Бұхараның маңына таяп келді. Түрік соғды тобы араб әскеріне елеулі соққы берді. Кутейба тағы да алдау-арбау тактикасын қолданып, соғды патшасы Тархунды түріктердің көмегінен бас тартуға мәжбүр етті, ал араб әскері Бұхараны басып алды.
712 жылы Кутейба хорезмшах пен бұхарқұдат әскерлерімен бірге Самарқандқа бет алды. Соғдылықтар Шаш патшасынан, түрік қағанынан және Ферғана ихшидынан көмек сұрады. Одақтастарды түрік қағанының кіші баласы Инел-қаған басқарды. Соғды патшасы Гуракқа көмекке келе жатқан қолдың жолын жансыздар арқылы біліп алған торуыл жасап, ақсүйек жауынгерлерден құрылған таңдаулы түрік отрядын талқандады. Самарқанд табандатқан бір ай бойы қорғанымен, ақырында Гурак Самарқанд үшін өте ауыр шартқа қол қоюға мәжбүр болды. Қалада көтеріліс болуынан қауіптеніп, Кутейба осында өзінің отрядын қалдырды.
712 жылы Орта Азияға түргештерді талқандаған Шығыс түріктерінің қағаны Мочжоныңәскері келді. Мочжо әскері “соғды халқын жайғастыру” үшін Сырдарьядан жүзіп өтті. Бұл кезде самарқандықтар араб билеушісіне қарсы көтерілген болатын, тап осы кезде оған түрік қағаны келіп шабуыл жасады. Бірақ бұған Кутейба келіп үлгеріп, араб гарнизонын толық талқандалудан сақталады. 712-713 жылдары түріктердің, соғдылардың, шаштықтардың және ферғаналықтардың біріккен қолы арабтарға қарсы шықты. Бұған жауап ретінде Кутейба қалыңқол жинап, отрядтарын Ферғана мен Шашқа жіберді. Шаш қоныстарының көпшілігі өртеп жіберілді.
714 жылы Кутейба Шашты басып алып Испиджабқа жорық жасады. Ол Мауараннахрдағы араб өктемдігіне түргеш қағанатымен Орта Азия мемлекеттері одағыныңқандай қауіп төндіретін түсінген еді.
723 жылы Ферғана қарлұқтары түріктермен және шаштықтармен бірігіп, арабтарды мықтап жеңді де, оларды Ходжент пен Самарқандқа дейін қуды. Күресте екі жақ жеңіп отырды. 724 жылы араб әскері Ферғанаға кіріп, оның астанасы Хасанды қоршап алды. Ферғаналықтарға Сұлу бастаған түргештер көмекке келді. Арабтар асығыс кейін шегіне бастады, бірақ Шаш пен Ферғана әскерлері оларды Сырдарьядан күтіп алып, қирата соққы берді, бұл арабтарды ұзаққорғанысқа көшуге мәжбүр етті.
Түргештер өздерінің дәуірлеп тұрған кезеңінде Мауараннахрға билік жүргізуде арабтармен таласатын құдіретті күшке айналды. Түргештер әскер күшімен қолдаған халық көтерілістері нәтижесінде арабтар Мауараннахрдан түгел дерлік қуылды. Түргештердіңқағаны арабтарға қарсы батылды да пәрменді қимыл жасады, мұнысы үшін арабтар оған “Әбу Музахим” (Сүзеген) деген ат қойды. 737 жылы ол арабтарға қарсы аттанып, Тохарстанға дейін жетті, мұнда қарлұқтардың жабғуымен бірікті. Жетісуға қайтып келген жерінде қалған кісі қолынан өліп түргештер елінде өзара қырқыс басталды. Түргеш қағанатыныңәлсіреуін пайдаланып, Хорасандағы араб билеушісі Наср ибн Сейяр 737-748 жылдары Орта Азияның бір қатар аймақтарымен Қазақстанның оңтүстігіне бірнеше рет жаулап алушылық жорықтар жасады. Арабтарға қарсы күрес жалғастырылды, жер-жерде арабтарға қарсы бой көрсетулер болды, бірақ бұлар қарудың күшімен жаншылып басылды. 737-739 жылдары Наср ибн Сейяр Самарқандтағы, Шаштағы, Фарабтағы көтерілістері тұншықтырылды. 748 жылы қытайлар Суябты уақытша басып алып, қиратты, ал келесі жылы Шаштың билеушісі өлтірілді. Оның баласы арабтардан көмек сұрады. 751 жылы Таразға жақын жердегі Атлаққаласының түбінде араб қолбасшысы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сянь-чжидің арасында орасан зор шайқас болды. Шайқас бес күнге созылды. Шешуші кезде қытай тылында қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шықты. Қытай әскері түгелдей талқандалады. 766 жылы Жетісуда билікті басып алғаннан кейін арабтарға қарсы күресті қарлұқ жабғуы басқарды. Ферғана қарлұқтарының күресі жандана түсті. VIII ғасырдың екінші жартысында арабтар халықты “тыю” үшін Ферғанаға бірнеше рет жорық жасады. Жетісу қарлұқтары өз тайпаластарын қолдады, осы себепті 792-793 жылдары Гитриф ибн Ата қарлұқ жабғуын ығыстырып шығару үшін Ферғанаға Әмір ибн Жамилді жіберді.
VIII ғасырдың екінші жартысы қауырт тарихи оқиғаларға, көтерілістермен бүліктерге толы. Арабтарға қарсы және мұсылмандыққа қарсы сипаттағы ең күшті халық көтерілісі Орта Азиядағы Муканна қозғалысы болды, оны Оңтүстік Қазақстанмен Жетісудың түрік тайпалары қолдады. Халық көтерілістері IX ғасырдың бас кезінде де тоқталған жоқ. 806 жылы Соғдыда Рафи ибн Лейс бастаған бүлік шықты, оған «шаштың билеушісі өзінің түріктерімен», қарлұқтар, тоғыз-оғыздар және тибеттіктер қатысты. Арабтар бүлікті басып, 810 жылы қарлұқтардыңқаласы Құланға (қазіргі Луговой қонысы) жорықұйымдастырды. Хорасанның билеушісі Мамұн 811 жылы халиф Аминмен соғыс басталар алдында өзінің уәзірі Фадл ибн Сахлге маған соғысты ең бір қолайсыз жағдайда, қарлұқ жабғуы бағынудан қалып тұрған кезде бастауға тура келіп тұр деп шағынады. Отырар патшасы бұрын төлеп жүрген алымын төлеуден бас тартады. Фадл Мамұнға жабғуға хат жазып, оныңқазір иеленіп отырған аймақтарын сыйлыққа беріңіз, ал Отырар патшасынан рахымдылық ретінде бір жыл алым алмайтын болыңыз деп ақыл берді. Бірақ бітімге келудің сәті түспеді. Қарлұқтар ұйғырлардан ойсырай жеңілген жылы (812 жыл) Фадл ибн Сахл Отырар аймағына басып кірді, онда шекаралыққамалдың бастығын өлтіріп, қарлұқтар жабғуының екі баласымен әйелін тұтқынға алды, ал жабғудыңөзін кимектер еліне барып бас сауғаулауға мәжбүр етті. Бірақ бұдан кейінде жағдай тынышталмады. Араб тарихшылары Фарабтың, Испиджабтың және Шаштың арабтар үшін ең бір тынышсыз иеліктер болғанын атап өтеді.
IX ғасырдың бас кезінде араб халифатының бұрынғы саяси бірлігі бұзыла бастады. Мауараннахр халықтарының арабтарға қарсы толассыз күресі мұнда жергілікті феодал ақсүйектердің билікті басып алуына қолайлы жағдай туғызды. Солай болып шықты да. IX ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап Хорасан мен Мауараннахрды жергілікті Тахирилер мен саманилердіңәулеті биледі, олар Бағдатқа салық төлеп тұрды, ал басқа жағынан шын мәнінде тәуелсіз болды.
Араб үстемдігі Оңтүстік Қазақстанның халифат құрамына кірген тек бір бөлігінде ғана жүрді. Ал Қазақстанның Оңтүстігімен Жетісудыңұлан-ғайыр аймағында арабтардың жаулап алуының елеулі зардаптары тек X-XII ғасырда ғана білінді. Халифаттың билеуші үстем топтары байлық жинау үшін өз билігін нығайту үшін орта Азиямен Қазақстанның оңтүстігінде әділетсіз соғыстар жүргізді. Сонымен бірге араб жаулап алушылығы тек сыртқы фактор болып қана қойған жоқ. Ол халифаттыңқол астында болған жерлердіңәлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өмірінде ондағы этникалық және тілдік үрдістерде өз ізін қалдырды.
Бағындырылған халықтар талан-таражға түсіп зорлық-зомбылық көрді, жері мен малынан айрылды, екі жақты езгіге – араб ақсүйектері мен жергілікті шонжарлардың езгісіне түсті. Арабтардың Мауараннахрда жеңістерге жетуі Батыс түрік және түргеш қағанаттарының ыдырауына себепші болды. Сонымен қатар сыртқы қауіп түрік тайпаларының: қарлұқтардың, оғыздардың және белгілі бір дәрежеде кимектердің топтасуына жағдай жасады.
Жаңа мемлекеттік дін – ислам дінінің, араб тілімен жазуының таралуы қоғам өміріндегі аса маңызды өзгерістердің бірі болды. Ежелгі түрік жазуы ығыстырылып шығарылды, ал түрік лексикасына араб сөздері кірді.
Орта Азия сияқты, Оңтүстік Қазақстанның жекелеген аймақтарының халифат құрамына енуі феодалдыққатынастардың даму үрдісін тездетіп, ол тереңәлеуметтік қайшылықтар мен халыққозғалыстары жағдайында өтті.
Қоғам өмірінің деңгейінде, ислам өрісіне тартылған халықтардың дәстүрлерімен тарихи тағдырларында елеулі айырмашылықтар болғанына қарамастан, ұзаққа созылған күрделі өзара ықпал үрдісінің, сайып келгенде олардың мәдениеті қабысуының нәтижесінде бір қатар халықтар үшін көп жағынан ортақ араб мұсылман мәдениеті қалыптасты.

Кят, Отырар, Тараз, Шаш,Бұхара, Самарқанд және басқа қалалар ірі мәдениет орталықтарына айналды, оларда Әл Хорезми, Әл-Фараби, Әл-Бируни, Әбу Али ибн Сина және басқа да көптеген тамаша ғалымдар өмір сүріп, жасампаздық жұмыстар жасады. Халифаттың бүкіл аумағында араб әдеби тілінің орнығуы көптеген аса көрнекті ғалымдар мен ақындардың осы тілде жаза басталуына әкеп соқты.


Батыс түркі қағанаты (603-704 жж.). Батыс Түркі қағанатының Қағанаттың этникалық саяси өзегі «он тайпа» (он оқ будун) болды, олар Қаратау баурайынан Жоңғарияға дейінгі аралықта жатқан ежелгі үйсін жерін жайлайды. Шу өзенінің шығыс жағында дулының бес тайпасы, ал оның батыс жағында бес тайпалы нушебилер (басқаша он-шадпыт) жайлады. Суяб қаласы (Қырғыстанның Тоқмақ қаласы маңында) ел астанасы болды, ал қағанның жазғы ордасы Мың бұлақ (Түркістан қаласы жанында) еді. 610-618 жж. Жегуй қаған мен оның інісі Түн жабғы қаған (618-630 жж.) билеген кезде қағанат күшейді. Мемлекет шекерасы Үндістанның солтүстік-батысына дейін жылжыды.
Қағанат шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі, отырықшы-егіншілік әдісімен де айналысты. Елдің халқы түркілер де, соғдылар да сауда-саттықпен, мал бағумен, қолөнермен, егіншілікпен қатар айналысты. Қағанаттағы бірінші тұлға - жердің қожасы, әскери билеуші - қаған болды. Қағанаттағы жоғары лауазымдар - жабғы, шад, елтебер, қаған әулетіне ғана лайық атақтар болды. Сот қызметтерін бұйырықтар мен тархандар атқарды. Қағанаттың негізгі халқы - мал өсіретін ерікті ұсақ қауым мүшелері болған, оларды «қара будун»(қара халық) деп атаған. Әлеуметтік жағынан тайпалар - ақ сүйек және вассал (бағынышты) тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылар алым-салық төледі. Соғыс тұтқындары құлға айналды.
Жібек жолы бойында үстемдік орнату үшін мемлекеттердің арасында жие соғыс болып тұрған. Сауда жолы үшін талас 7 ғ. 20-ж. барлық ортағасырлық мемлекеттерді екі коалиция бөлді. Бұлар - бір жағынан - Батыс Түркі қағанаты, Византия, Қытай, екінші жақтан - Шығыс Түркі қағанаты, Иран және Ауар (Авар) қағанаты. Екі коалицияның арасындағы шайқас, мемлекеттерді әлсіретіп, ешқайсына да жеңіс әкелген жоқ. Дегенмен де, осы соғыстардың нәтижесінде, дулы тайпалары (он оқ будун тайпа бірлігіне кірген тайпаның бірі), 630 ж. түркі қағанаттің патшасың өлтіріп, оның орнына дулының арасынан шыққан Сібір-ханды таққа отырғызады. Осы кезден басталған, дулы мен он-шадпы тайпаларының арасындағы билікке күрес ұзаққа созылады. Сонымен, қарауындағы халықты ұстап тұруға, бағындыруға Батыс түркі қағанаттың орталық үкіметінің шамасы жетпейтін болғандықтан, Батыс Түркі қағанаты өзінің саяси және әскери күшін жоғалтуға мәжбүр болды. Осыны қытайдағы Тан империсы пайдаланып, Батыс Түркі қағанатқа қарсы соғыс жариялайды. Өзара (640-648, 656-657, 658-659 жж.) соғыстар, қырқыстар Жетісуға қытай әскерінің баса-көктеп кіруіне әкеп соқты. Олар өздері қалаған адамдарын Батыс Түркі қағанатын билетуге тырысты. Барлық Батыс Түркі қағанаттың аймақтары екі губернаторлыққа бөлінді. Жаулап алынған жерлерде қаған орынбасарлары - тудундар алым-салықтың алынуын қадағалады.
679 ж. қытай саясатына қарсы Монголия мен Жетісуда шамамен бір уақытта көтерілістер болады. Монголиядағы көтерілісінің нәтижесі - Шығыс түркі қағанатың қайта орнату. Ал Жетісудағы көтерілісті қытай әскері күшпен басады. Енді барлық шаманы Шығыс Түркі қағанатың қайта бағындыруға салған кезде, Жетісудағы түркеш тайпалары халықты басқарып, 699 ж. (басқа деректер бойынша - 704 ж.) Батыс Түркі қанағатын қайта тәуелсіз мемлекет ретінде орнатады. Сонымен, қарсы тынымсыз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп, Жетісуда саяси жетекші күш болып шығады.
Түргеш қағанаты (704-756 жж.) Түргештер дулы тайпа құрамының ішіне жатады, түргештердің өзі - қара және сары түргеш болып бөлінгені белгілі. (Кейбір тарихи деректер бойынша, «сары» және «қара» деген тайпа бөліктері этниқалық емес, саяси жағынан қарастырғаны жөн. Демек, Сақал қаған болған кезде түргеш кағанаты екіге бөлініп кетеді. Біревінде Сақал өзі қаған болған, ал екіншісінде халықты басқарған Сулық. Сақалға бағынатын халықты «сары түргеш» деп атаған, ал Сулыққа бағынған халықты - «қара түргеш».)
Түргеш қағанаттың саяси өмірі тарихта Орта Азияға шапқыншылық жасаған арабтармен тығыз байланыстырады. 7-ғ. бас кезінде Араб түбегінде Араб мемлекеті қалыптасты. Ислам мемлекеттік дінге айналады. Осы дінді таратушы Мұхаммед 632 ж. қайтыс болғаннан кейін, арабтар ислам дінін тарату үшін жаулаушылық соғыстар бастады.
Арабтар Орта Азияға жаулауы басталған кезде, Қазақстан мен Орта Азияның басым бөлігі Батыс Түркі қағанаты қол астында болды. Арабтарға қарсы күресте Жетісуда өкімет басына келген түргештер болды. Оның негізін салған Үш-еліг қаған (699-706 жж.). Оның ордасы Шу бойындағы Суяб қаласы болды. Екінші (кіші) ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында орналасты. Үш-еліг-қаған елді 20 түтіктікке (еншілікке) бөлді, оның әрқайсысының 7 мыңнан әскері болды. Үш-еліг-қаған Қытай империясымен және Согд мемлекетімен саяси бірлестік құрып, арабтарға қарсы күреседі.
Түргеш қағанатында Үш-еліттен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711) таққа отырады. Оның кезіңде Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмайды және қағанат үнемі арабтармен, қытайлармен күрес жүргізіп отырды. Түргеш қағанаты Сулық қаған (715-738) тұсында күшейді. Оның тұсында түргештер екі майданда күрес жүргізді. Батыстан арабтар, шығыстан Тан әулеті кұш көрсетті. Елшілік жолымен (неке байланысы) және әскери шаралар арқылы Сулық шығыстан келетін қатерді болдырмады. Бұл жағдай түргештердің батыста белсенді әрекет етуіне мүмкіндік туғызды. 723 жылы Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен тізе қосып, түргештер арабтарды жеңеді. Сулықты арабтар Абу Мұзахим (Сүзеген) деп атайды. 737 жылы Сулықты өз қолбасшысы Баға-Тархан өлтіреді. Оның қазасынан кейін «сары» түргештер мен «қара» түргештер арасында өкімет билігін алу үшін күрес басталды. 746 жылы Жетісуға Алтай мен Тарбағатайдан қарлұқтар келіп қоныстанады. Арабтармен, сондай-ақ өзара қырқыстардан әлсіреген түргештер қарлұқтарға белсенді қарсылық көрсете алмайды. Мұны Қытай империясы пайдаланды. Оның Шығыс Түркістандағы уәлилары 748 жылы өз әскерін Суяб қаласына аттандырады да, оны басып алады. Шаштың иесі дарға асылады. Оның баласы арабтардан көмек сұрап келеді. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы маңында арабтар мен қытай әскері арасында зор шайқас болады. Шайқас бес күнге созылады. Шешуші сәтте қытайлардың ту сыртындағы қарлұқтар көтеріліс жасап, арабтар жағына шығады. Қытайлар толық жеңіледі. Тан әскері Жетісуды, Шығыс Түркістанды тастап кейін шегініп кетеді. Арабтар Шашқа қарай кетеді. Бірақ ішкі қырқыс Түргеш мемлекетін әбден тұралатып тастады. 756 жылы түрік тілді қарлұқ тайпаларының әрекетінен түргеш мемлекеті құлады.
Түркі тілді көшпелі, жартылай көшпелі тайпалар Батыс түркі қағанаты орнына 4 бірдей құдыретті мемлекет орнатады. Хазар қағанатын қоспағанда, Төменгі Еділ өңірі мен Солтүстік Кавказда, Қазақстан жерінде үш этникалық-әлеуметтік бірлестік пайда болды: Сырдың бойын, Арал өңірін Оғыз мемлекеті, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аймақтарында, астанасы орта ертісте болған Қимақ мемлекеті дүниеге келді. Батыс түркі қағанаты орны Жетісуда - қарлұқтар қалды.
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.). Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді жәнеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.
Қарлұқтар туралы деректер 5 ғасырға жатады. Ол «бұлақ» деген атпен белгілі. Түркі руна ескерткіштерінде «үш қарлұқ» атын алтай тауы мен Балқаш көлінің шығыс жағалауы арасын қоныс еткен көшпелі тайпалар бірлестігіне айтады. 7 ғ. ортасында қарлұқ бірлестігі құрамына бұлақ, шігіл мен ташлық кірген. Көсемдері Елтабар деп аталған. 766 жылы түргеш қағандарының қос ордасы Тараз бен Суябты қоса, бүкіл Жетісу қарлұқ жабғысының қоластына көшеді. Олар ерте феодалдық мемлекет құрады. Араф географы Әл-Марвази (12 ғ.) қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғанын айтады. Қарлұқ конфедерациясына Жетісу мен оңтүстік Қазақстанның тухси, шігілдер, әзкіштер, халаджылар, чаруктер, барысхандар, т.б. түркі тілдес тайпалар кірген. 8-10 ғғ. Қарлұқ тайпалары Қазақстанның Жоңғар Алатауынан бастап, Сырдың орта ағысына дейінгі көсіліп жатқан территорияны қоныс етеді. Балқаш пен Ыстықкөл арасы, Шу, Іле, Талас өзендері бойында, Отырарға дейін көшіп жүреді. Олардың билеушісі джабғу, 840 жылдан бастап каған атағын алды. Көшпелі тайпалардың билеуші ақсүйек топтарының қолында жайылымдар мен құнарлы жер ғана емес, қала орталықтары да болды. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қыстақ болған. Олардың ішінде Тараз, Құлан, Мерке, Атлалық, Тұзын, Балық, Барысқан және т.б. Қарлұқ қалалары Ұлы Жібек жолы бойында орналасты.
Қарлұқ қағанаты ішкі қырқыс, өкіметті алу жолындағы, қоныс-өрісті иемдену жолындағы талас-тартыс мемлекетті ыдыратты.
940 (942) ж. қарлұқ мемлекетінің астанасын - Баласағұнды - Шығыс түркістандағы түріктер - Тянь-Шянь жағынан қоныс аударған чығыл және ягма тайпалары - жаулап алады. Осыдан кейін Жетісуда билік қараханидтерге тап болады. Сонымен, 940 жылы қарлұқ мемлекеті өмір сүруін тоқтатты.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. Т. І-ІІІ. Алматы, 1993-1999
Абусеитова М. Х. Казахское ханство во второй половине ХҮІ в. Алматы, 1985.
Асфендияров С. Д. История Казахстана /с древнейших времен/. А., 1993.
Бердібаев Р. Байкалдан Балканға дейін. Анкара, 1997.
Бердібай Р. Түбі бір түрікпіз. Астана, 2002.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет