Түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы



бет5/8
Дата03.01.2022
өлшемі46.48 Kb.
#450955
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Алтын Орда тарихы бойынша Еуропа зерттеушілер

Әдебиет:


  1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.

  2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант». 2005. Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 510 б.

  3. История Казахстана в арабских источниках. А., 2006.

  4. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. по арабским источникам. А.,

1972.

Тақырыбы: ХІІІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақстан тарихының деректері.

    1. Монғол деректері.

    2. Араб деректері.

    3. Парсы деректері.

ХІІІ ғ. бастап ортағасырлық араб тілдес авторлар көбіне құрастырушыға айналып, өз заманындағы жағдайды сирек суреттейді және өздерінің алдындағы географтар мен тарихшылардан дәйексөздер келтіруді жөн көреді, оның есесіне бізге келіп жетпеген бірқатар деректемелердің құнды мәлімететрісақтап қалған. Араб географы Ибн Саид (ХІІІ ғ.) әл Идрисидің тікелей ізбасары болып табылады. Оның «Жеті климат туралы» шығармасы бұрынғы деректемелерге едәуір тәуелді екеніне қарамастан, Қазақстанның Еділ бойы мен Орта Азияның ХІІІ ғ.орта шеніне дейінгі тарихи географиясын зерттеу үшін өз бетінше ынта

–ықылас аударады. Қыпшақтар мен куманлар туралы, олардың қоныстануы, қалалық қоныстары мен діні туралы қызықты мәліметтер жеткілікті. Тарихшы және географ Закария әл- Казвинидің (ХІІІ ғ.) туындылары да деректемелердің осы тобына жатады. Автордың есімі

«Жан-жануарлардың кереметтері» және «Қалалар ескерткіштері» деген екі тарихи – географиялық еңбектерімен әйгілі болды. Мұнда ІХ-Х ғ. қазіргі Қазақстан аумағында мекендеген түркі тілдес тайпалар: оғыздар, қарлұқтар, жікілдер, кимектер туралы тарихи этнографиялық маңызды деректер де ккелтірілген. Суфизмді ұнатқан және тегінде соны ұнатудың салдарынан болар, өмірінің ақырында Палестинаға кетіп қалған сириялық әд- Димашки «Құрғақтағы және теңіздегі уақыт пен ғажайыптардың таңдаулылары» (нухбат әд- дахр фи аджаиб әл-барр уә-л- бахр) деген ғарышнамалық үлкен еңбек жазған. Оның шағармасы араб авторларының едәуір дәрежеде ІХ-ХІ ғ. дәстүрлі бағыттағы шығармаларына негізделген. Сонымен бірге онда түркі халықтары және олардың орналасуы, қыпшақтардың тайпалық құрамы туралы бұрын белгісіз деректер келтіріліп, кумандар қыпшақтардың этникалық компоненттерінің бірі деп көрсетілген.

ХІІІ ғ. Сирия ғалымы Якут «Елдер тізбесі» (Муджан әл-бұлдан) деген географиялық әмбебап түсіндірме сөздік жасады. Онда мұсылмандар тобының да, оның шегінен алыс жатқан жерлердің де халықтарының географиясы, тарихы, лингвистикасы, фольклоры, материалдық және рухани мәдениеті жөніндегі автор білетін мәліметтердің бәрі қамтылды. Якуттың орта ғасырлардағы Қазақстан мен оғаншектес жерлердің ХІІІ ғ. басына дейінгі көшпелі түрік тайпалары туралы деректері едәуір толық әрі маңызды. Сөздікте сондай-ақ моңғол шапқыншылығы, моңғол әскерлерінің қыпшақтар, аландар, бұлғарлар және Саксин аймағы арқылы жүріп өтуі келтірілген. Месопатамияда туған көрнекті араб тарихшысы Ибн әл-Асир (ХІІ ғ.) Якуттың замандасы әрі жақын танысы болған. Ол бірқатар тарихи- библиогеографиялық еңбектер, соның ішінде «Тарихтың толық суреттемесі» (Әл-камил фи- т-тарих) деген іргелі тарихи хроника жазған, онда моңғол шапқыншылығы қоса алғанға дейінгі мұсылман дүниесінің тарихы баяндалған. Ғалым орасан зор нақтылы материал жинаған, бірқатар жағдайларда ол бізге келіп жетпеген жазбаша деректемелерді пайдаланған. Мұсылман әулеттері мен оларға шектес мемлекеттердің саяси тарихы егжей- тегжейлі суреттеледі. Ертедегі түріктер, қарлұқтар, оғыздар, қыпшақтар жөніндегі саяси- этникалық, этнографиялық және мәдени сипаттағы деректердің Қазақстан тарихы үшін зор маңызы бар. Ол заманындағы оқиғалар ретінде моңғол шапқыншылығының жойқын зардаптарын суреттеген. Саяси оқиғаларды баяндауын ол 1232 жылға дейін жеткізеді.

Хорезмнен шыққан араб тілді тарихшы, ең соңғы хорезмшах Жалал ад-диннің сарайындағы хатшысы және өмірбаяншысы ән-Насави Ибн әл-Асирдің замандасы болатын. Оның моңғол шапқыншылығының қарсаңындағы және сол кездегі хорезмшахтар мемлекетіндегі оқиғалараға арналған. «Жалал ад-дин Манкубирти сұлтанның өмірбаяны» деп аталатын шығармасында сол кезеңде қыпшақтармен және түріктердің басқа да көршілес тайпалармен тұрақты қарым-қатынас жасап отырған Хорезмнің ішкі және сыртқы істері туралы мәліметтер бар. Еңбекте Қазақстан даласы қыпшақтарының Хорезммен бейбіт

қатынастары мен қарулы қақтығысының фактілері көрсетілген, сондай-ақ қыпшақ қоғамының ішкі құрылымы туралы бірсыпыра деректер келтірілген.



Билік басына мамлюктер (қыпшақтар) әулетінің келуі және олардың Алтын Ордамен байланыстарының жандануы себепті ХІУ-ХУ ғ. Мысырда тарихи әдебиеттің едәуір дамығандығы байқаладаы. Әкімшілік мақсаттры үшін іргелі энциклопедяилар жасалады, оларға түрік әулеттері, халықтары және олардың елдері туралы тарихи- этнографиялық деректер де енгізіледі. Мысырда қыпшақтан шыққан сұлтан Рукн-ад-дин Бейбарыстың (1260-1277) өмірбаянына арнап, оның хатшысы Әбді әз-заһир жазған тарихи еңбек ХІІІ ғ өзінде –ақ пайдаболды. Бұл шығармада Алтын Ордамен өзара қатынастар туралы мәліметтер келтіреді. Қырымнан Ительге (Еділге) дейінгі қысқаша жолнұсқа беріледі, сол кезде –ақ Дешті Қыпшақтан шықққандар көп тұратын Қырым халқының тайпалық құрамы, Алтын Ордадағы діни және идеологиялық жағдай туралы хабарланады. «Әдеп тәртіптері жөнінідегі тілектер шегі» деген энциклопедиялық жинақ көрнекті тарихшы ән-Нувайридің (ХІУ ғ.) қаламынан туған. Еңбек 5 бөлімге бөлінеді, олардың соңғысы тарихқа раналған және бүкіл еңбектің жартысын алады деуге болады. Тарих бөлігі негізінен құрастырма, тек соңғы жылдар хроникасы ғана тұпнұсқа сипатында, баяндау 1331 ж. дейін жеткізілген. Автор түркі халықтары туралы тарихи-этнографиялық деректер келтіреді. «Қыпшақтар елін» қысқаша сипаттап, қыпшақ рулары арасындағы өзарар қырқыс туралы хабарлайды, қыпшақ тайпаларының құнды тізімін келтіреді. Дамаскіде туған әл-Омари жазған «Қалалардың иеліктері жөніндегі шолу жолдары» (Масалик әл-абсар фи- мамалик әл амсар) деген энцияклопедия да қызықты және оның деректік маңызы аз емес. Моңғол шапқыншылығының Орта Азия, Кавказ бен Еділ бойы тағдыры үшін зардаптары туралы, Дешті Қыпшақты қалалары мен сауда жолдары, қыпшақтардың орналасуы, олардың әдетғұрыптары туралы мәліметтер едәуір ынта-ықылас туғызады. Белгілі араб саяхатшысы Ибн Батуттаның (ХІУ ғ.) еңбегі де сол дәуірге жатады, ол 25 жыл (1325-1349) саяхат жасапғ 150 мың шақырымнан астам жол жүріп өткен. Ол көптеген сапарлары туралы «Қалалардың ғажайыптары мен саяхаттары, кереметтері туралы пайымдушыларға тарту» деген кітабында айтып береді. Қырымнан оңтүстік орыс даласымен Еділге дейінгі маршрутты суреттеуінде құнды материал бар. Бұл жерлер Алтын Орданың қарамағында болған еді. Ғалым Астраханна Константинопольге барған, сонан соң Алтын Ордаға қайтып келіп, хан ордасы Сарайда болған, Еділден жүзіп өтіп, Үстіріт, Хорезм, Бұхара мен Ауғанстан арқылы жүріп өткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет