Түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы



бет4/8
Дата03.01.2022
өлшемі46.48 Kb.
#450955
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Алтын Орда тарихы бойынша Еуропа зерттеушілер

Әдебиет:


  1. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. А., 1996.

  2. Тарих – адамзат ақыл-ойының қазынасы: Он томдық. – Астана: «Фолиант». 2005. Т.3: Ортағасырлық тарихи ой. – 2005. – 510 б.

  3. История Казахстана в арабских источниках. А., 2006.

  4. Кумеков Б.Е. Государство кимаков ІХ-ХІ вв. по арабским источникам. А.,

1972.

Тақырыбы: ІХ-ХІІ ғасырлардағы араб және парсы деректері.

    1. Х ғасырдағы араб, парсы деректері (әл-Истахри, бн Хаукаль, Ибн Фадлан, Әбу Дулаф, әл-Масуди, әл-Макдиси тб.).

    2. ХІ-ХІІ ғасырдағы араб, парсы деректері (Исхак ибн әл-Хусейн, Гардизи, әл-Бируни, әл-Марвази, әл-Идриси).

Араб географиялық әдебиетінің ең гүлденген шағы – Х ғ. Араб географы әрі саяхатшысы, Орталық Иранның тұрғыны әл-Истахри (Хғ.) – сол дәуірдің танымал өкілі. Оның «Жолдар мен мемлекеттер туралы кітап» деген еңбегі әл-Балхидің неғұрлым ертедегі, бізге дейін жетпеген географиялық еңбегінің өңделегн және толықтырылған нұсқасы болып табылады. Кітапта Парсы теңізі, Аравия, Мағриб, Мысыр, Сирия, Румдар теңізі, Ирак, Үндістан, Иран, Хазар теңізі, Армения, Азербайжан, Хорасан және Мауеренахр суреттеледі. әрбір ел жөнінде шекаралары , қалалары, қашықтығы, маршруттары туралы мәліметтер; өнімдері, саудасы, қолөнері туралы жекелеген деректер келтіреді. Қазіргі Қазақстан аумағында тұрған түрік тайпалары: оғыздар, кимектер, қарлұқтар туралы маңызды да нақты материалдар кездеседі. Онда «Дүние жүзінің картасы» келтіріліп, түрік тайпаларының шоғырланған жерлері көрсетілген. Әл –Истахридің еңбегін өз кезегінде Х ғ. аяғында Ибн Хаукаль редакциялап, толықтырда және оны «Жолдар мен мемлекеттер кітабы» (Китаб әл –масалик уә-л- мамалик)деп атады.

Ибн Хаукаль солтүстік Месопатамиядан шыққан, өз кезінде көп саяхат жасаға. Түрік тайпалары туралы тарихи-географиялық мәліметтері әл-Истахридің хабарларымен көп жағдайда сәйкес келеді. Оның түрік тайпаларына берген лингвистикалық сипаттамасы ден қоярлық: оның айтуынша, олардың бәрі бір тілде сөйлейді. Әл-Истахри мен Ибн Хаукальдың еңбегінің маңызды бөлігі «Жер келбеті» (Сурад әл-ард) деген географиялық карта болып табылады. Тексімен бірге картаны зерттеу түрік тайпаларының орналасуы туралы мәліметі әлдеқайда жақсы анықтауғы мүмкіндік береді. Х ғ. арабтың екі саяхатшысы Ибн Фадлан мен Әбу Дулаф Қазақстан жері арқылы жүріп өткен. Ибн Фадлан «Жазба» (Рисала) деген елеулі еңбек жазған, онда хазарларға қарсы араб- бұлғар одағын орнату және бұлғарлар арсында ислам негіздерін орнықтыру мақстаында араб халифатының астанасынан Еділ бұлғарларына бірнеше адам болып барған делегацияның сапары суреттелген. Елшілік Бағдаттан 921 ж. маусым айында шығып, бұлғарларға 922 ж. мамырында жеткен. Жолды Хамадан, Рей, Нишапур, Мерв, Бұхара, содан соң Хорезм, Үстірт және Жайық арқылы Еділ бойына қарай жүріп өткен. Қайтар жолдағы мерзімдері мен карталар белгісіз. Онда орыстардың, хазарлардың әлеуметтік және рухани тарихы жөнінде маңызды мәліметтер келтіреді. Этнографиялық сипаттағы мәліметтре толып жатқан көшпелі түрік тайпаларына: печенегтерге, башқұрттарға және әсіресе қазіргі Қазақстанның батыс облыстарында мекендеген оғыздарға қатысты.

Әбу Дулаф Самани билеушісі ІІ Насырдың сарай қызметшісі болған. 942 ж. Әбу Дулаф Қытай мен Үндістанға сапар жасап, өз замандастары арасында саяхатшы атанған. Әбу Дулаф саяхаттаыр туралы өз естеліктерін екі «Жазбада» баяндаған, оларда кимектердің,

оғыздардың, қарлұқтардың, жікілдердің шаруашылығы, діні мен тұрмысы туралы мәліметтер айтылады. Көзімен көргендері туралы хабарларға қосылған есіткендері аз емес.

Бағдатта туған араб таихшысы әрі географ әл-Масудидің (Хғ.) шығармалары бағалы тарихи деректеме болып табылады. Оның білімінің негізгі көзі Үндістаннан Атлант мұхитына, Қызыл теңізден Каспий теңізіңе дейінгі елдерді қамтыған саяхаттар мен халықтың мейлінше алуан түрлі топтарының өкілдерінмен нақты қарым-қатынас жасау болды. «Уақыт тарихы» (Ахбар әз-заман) деген 30 томдық тарихи-географиялық энциклопедиядан бізге жетккені- «Алтын жуғыштар мен асыл тастар кешені» (Мурудж әз- захаб уә маадин әл-джавахир, 943 ж.) мен «Тәлімгерлік және қайта қарау кітабы» (Китаб ат- танбих уә-л- ишраф, 956 ж.) Әл Масудидің еңбектерінде үрік тайпалары (кимектер, оғыздар, қарлұқтар, барысхандар, тоғыз-ғұздар, хазарлар) туралы тарихи-географиялық мәліметтер мен алдыңғы ортағасырлық Қазақстанның тарихи географиясы жөнінде деректер келтіреді. ІХ ғ. ІІ жартысында Батыс Қазақстанда болған тарихи оқиғалардың қысқаша баяндалуы елеулі ынта –ықылас туғызады.

Әл- Максидидің (Хғ.) шығармаларында өз көзімен көргендерге негізделген тарихи- географиялық деректер бұдан да маңызды орын алады. Араб геолграфы әрі саяхатшы, Иерусалимде туған ол Шығыстың барлық мұсылман елдерін аралап шықты деуге болады. Оның шамамен 985 ж. жазылған «Климаттарды тануға араналған ең жақсы бөлініс» (асхан ат- такасим фи марифат әл- акалим) деген шығармасында елдер мен аймақтардың араб әдебиетіндегі толық және жүйелі суреттемесі беріледі, соның ішінде Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан халықтарының тайпалық құрамы, қалалары мен қоныстары, сауда жолдары жасайтын заттары, шаруашылығ мен діни көзқарастары, тілі мен ғұрыптары туралы маңызды мәліметтер бар.

Испан –араб географы Исхак ибн әл-Хусейннің (ХІ ғ.) Андалусияда жазылған «Кез- келген жердегі атақты қалалар суреттелетін інжулер үйінділері» деген шығармасында Қазақстанның түркі тілдес тайпалары суреттеледі. Оның түрікер туралы тарауда келтірген мәліметтеріне Гардизидің (ХІ ғ.) әл-Бирунидің (ХІғ.) және әл-Марвазидің (ХІІ ғ.) ақпараттарында ұқсас сиаттар аңғарылады.

Кітапта түркі халықтары туралы этнографиялық және тарихи – географиялық сиаттағы деректер бар. әл-Марвивзвдің (ХІІ ғ.) «Жануарлардың табиғи қасиеттері » (Табаи әл- Хайауан) деген шығармасын Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихының құнды деректемесі деп атаған жөн. Оның туындыларында түркі халықтары туралы бірегей этнографиялық мәліметтер бар. ХІ ғ. б. кимек, оғыз, қыпшақ тайпаларының қоныстануына елеулі ықпал жасаған халықтардың қоныс аударуы хабары ерекше құнды. ХІІ ғ. орт. Арабтың географ – ғалымы әл-Идриси арабтардың рта ғасырлары жөнінде «Аймақтың аралап қажыған адамның көңіл көтеруі» деген аса ірі географиялық шығарма жазды. Онда қазіргі Қазақстан аумағында тұрған түрік тайпалары: оғыздар, кимектер, қарлұқтар туралы маңызды да нақты материалдар кездеседі. Қалалары туралы мәліметтер саудасы, қолөнері туралы жекелеген деректер келтіреді.

Әл Идрисидің бізге келіп жетпеген жазбаша деректерге негізделген мәлімететрі көбінесе бірегей сипатта болып келеді. Мәселен, кимектер елін суреттеген кезде ол Қазақстан далаларында туған кимек ханзадасы Жанақ ибн Хакан әл-Кимеки (Х-ХІ ғ.) жазған кітапты пайдаланған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет