Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «С. Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп» Ғылыми жоба тақырыбы



бет3/6
Дата06.06.2024
өлшемі65.64 Kb.
#502377
1   2   3   4   5   6
abish

Abstract

"Historical figures in the works of Abish kekilbaev" is devoted to the transmission of historical figures in the works of the famous writer Abish Kekilbayev, analysis of artistic skill in creating images.


The purpose of the work: to determine the skill of creating a historical personality in the works of the famous state and public figure, people's writer of Kazakhstan A. Kekilbayev, to analyze historical works, to study its features in the description of human images.
The scientific Outlook on research: if it were widely of disclosure and deeply analyzed the identity of the creation of a historical personality in the works of A. Kekilbayev, the young generation increases respect for the work of their ancestors, increased national awareness, increased morale, increased cognitive abilities.
Theoretical significance of the study: the effectiveness of the need for respect, respect for the cause of ancestors, and their constant memorization was determined.
Practical significance of the research: the materials collected as a result of the research can be used for further study of A. Kekilbayev's works, as well as for inclusion in the educational and methodological work of the school.
Results of independent research:
- A. Kekilbayev's creative work was widely analyzed and described the way of writing and painting;
- In the works of masters of artistic speech, a deep characteristic of historical figures was made, their artistic images were revealed;
- The analysis of the image of the characters in the novel "aisde airy".
Methods of work: methods of in-depth acquaintance with historical publications, data collection, research were used.
Кіріспе


«Көрнекті жазушы, терең білімді, жаны таза
азамат Әбекең тек қазақ халқының ғана емес, алты алаштың
әлем алдында бетке ұстар ірі тұлғаларының бірі еді».
Н. Назарбаев


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адам баласы тарихи дамудың жаңа белесіне шыққан сайын жүріп өткен жолына үңілетіні, өзі қалыптастырған рухани-әлеуметтік құндылықтарын ой таразысына салып, қайта бір бажайлауға, баға беруге талпынатыны хақ.
Қазақ әдебиетіне жиырмасыншы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы жылдарда тек қана өзіне тән өзгеше мазмұнын ашқан, тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы таланттың бірі – Әбіш Кекілбаев болды.
Уақыт өтсе де, қоғам дәуіріндегі өзгерістер болып жатса да, ескірмейтін тақырыптар болады. Ол прозадағы адам, қоғам, табиғат ұғымдары. Сонау «Абай жолынан» бастау алған тарихи шығармалармен қоса, 1970-80 жылдар әдебиетіндегі прозамыздың, оның ішінде роман жанрының үлкен роль атқарып, салмақты жүк көтергені белгілі. 60-шы жылдардың екінші жартысында М.Әуезов дүниеден өткен соң, көш бастар дара тұлға табылмай, рухани дүниеміз бір мезет күңгірт тартып қалған шақта, өзінің тарихи миссиясын атқару үшін әдебиетке жаңа бір толқын келді. І.Есенберлинді алға салған бұл топтың ішінде М.Мағауин, Ә.Тарази, Ә.Сараев, Р.Тоқтаров, Қ.Ысқақов т.б өздерінің соны ізденістерімен, әдебиетке әкелген жаңалық, еңбектерімен ерекшеленді. Осы орайда «60-80-ші жылдардағы қазақ прозасы қоғамның даму туралы концепцияларындағы өзгерістер мен үйлеспеушіліктерді бейнелеп, адамның рухани дүниесі мен жалпы тәрбие шыңырауында жатқан тереңде қазыналы қатпарларды игеруге ден қойғаны мәлім» - деген А.Ісмақованың пайымдауы сөзімізді түйіндегендей [1, 15-б.]. Аталған кезеңдегі қазақ романдары адам мен адам болып жаратылғаннан бергі мәңгілік сұрақтарға жауап іздейді, сол арқылы да әдебиетіміздің таным мәселелерін ала келуімен ерекшеленеді. Қаламгерлер Адамды зерттей отырып, сол адамның бойындағы алуан түрлі сипаттарға үңіле білді. Соның нәтижесінде қоғамның бет-бейнесіне, қыр-сырына үңілуге күш салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет