Түркістан облысы денсаулық басқармасы



бет2/10
Дата07.09.2023
өлшемі68.26 Kb.
#476836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
пациент 00000[1]

1.3. Модульдің мақсаты : Пациенттің қауіпсіздігі және мейіргерлік күтім пәнін оқып үйрену болашақ маманның кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруда маңызды болып табылады. Жұмыс бағдарламасы білім алушыларға әртүрлі шұғыл жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету, пациенттерді тасымалдау, олардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында технологияларды қолдануды меңгеру машықтарын алу үшін клиникалық сабақтарды өткізуді қарастырады. Науқастың ем алудағы қауіпсіздігі үшін клиникалық мейірбикелік күтім пәнін оқып үйрену болашақ маманның кәсіптік құзыреттілігін қалыптастыруда маңызды болып табылады.
1.4. Модульдің міндеті : Мейірбике ісі мамандығының жалпы бағыттарымен танысу;
Медицина қызметкерлерінің біліктілік сипаттамаларына қоғамның замануи талаптарына сәйкес студенттің қажеттіліктерін сәйкестендіру;
Мейірбикелік көмектің тиімділігі мен нәтижесін арттыру үшін қазіргі заманғы технологияларды енгізу.
Негізгі күтім көрсету және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда пациенттерді қолдауға және бағыттауға арналған білім қалыптастыру
1.5. Модульді игерудін нәтижесі: Оқыту аяқталған соң оқушы пациенттердің құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз ету;

  • емханадағы жұмысшылардың және ұлтаралық келісімнің бірлігін нығайтуға үлес қосу;

  • еңбек тәртібін қатаң сақтау, өз міндеттерін абыроймен, бейтарап және сапалы орындау, бұл үшін жұмыс уақытын тиімді пайдалану;

  • жоғары кәсіптік жұмыс үшін бар күш-жігерін жұмсау, тапсырмаларды шешудің ең жақсы және үнемді әдістерін қолданыу, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті мұқият бақылау;

  • ұжымда тұрақты және оң моральдық-психологиялық ортаны қалыптастыруға, өз ісінде және жеке мінез-құлықтарына байланысты үлес қосуға үйрену.



1.6 Қалыптасқан құзіреттіліктер :
1.БК-1 ОҚЫТУ. Ақпаратты басқару, сыни тұрғыдан ойлау және шешім қабылдау дағдыларын қолдану арқылы оқу мақсаттарын қояды.
БК-1.1 ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ.Ұзақ мерзімді оқытуды жоспарлау, кәсіби өсу дағдыларын көрсетеді. Мақсаттарға жету үшін оқытудың ең тиімді әдістерін таңдайды.
БК-1.2СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ЖӘНЕ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУ.Күнделікті жағдайларда проблемалар мен ықтимал шешімдерді анықтайды, фактілерді, пайымдауларды логикалық түрде талдайды және оның кәсіби қызметі шеңберінде негізделген шешімдер қабылдайды.
2.БК-2 ЭТИКА ЖӘНЕ КӘСІБИЛІК. Шұғыл медициналық көмек көрсету процессінде пациенттермен, олардың отбасыларымен және әріптестерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіби этикалық қағидаттар мен нормаларға бейілділігін көрсетеді. Оң жұмыс ортасын қолдайды.
БК-2.1 ҚОҒАМДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ РӨЛ. Қоғамдық өмірге белсенді қатысады, медбикенің қоғамдағы рөлін нығайтуға ықпал етеді, әртүрлі мәдени және жас топтарындағы адамдармен қарым-қатынас кезінде толеранттылық көрсетеді, бағыныштылық пен кәсіби ынтымақтастықты сақтайды
БК-2.2 ЭТИКАЛЫҚ ПРИНЦИПТЕР. Пациенттердің және (немесе) клиенттердің, отбасылар мен топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында белгілі бір жағдайларда этикалық мәселелер туындаған кезде кәсіби этикалық принциптерге берілгендігін көрсетеді, құпиялылықты сақтайды, сыни тұрғыдан бағалайды және шешім қабылдайды.
БК-2.3 ЭСТЕТИКА. Жұмыс ортасының эстетикасын қолдайды, дүниетанымды байытуға және пациентке эстетикалық жайлылық жасауға үздіксіз ұмтылады.
3.БК-3 КОММУНИКАЦИЯ ЖӘНЕ КОМАНДАЛЫҚ ЖҰМЫС. Технологияның кең спектрін қолдана отырып, әртүрлі жағдайларда әртүрлі адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алады.
БК-3.1 ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ДАҒДЫЛАРЫ. Мәдениеті, сенімі, дәстүрі, өмір салты және дүниетанымы бойынша әртүрлі тілдерде ерекшеленетін адамдармен тиімді қарым-қатынасты көрсетеді.
БК-3.2 ТОПТЫҚ ЖҰМЫС. Әр түрлі кәсіби топтардағы жұмысты көрсетеді, бірлескен жұмыстың тиімділігі мақсатында Өзін-өзі басқарудың жеке дағдыларын көрсетеді.
БК-3.3 АҚПАРАТТЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР.Кәсіби мақсаттар үшін ақпаратпен тиімді алмасу үшін әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады.
4.ПК-2 ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ САПА. Дәлелді білімді, технологиялық жетістіктерді және кәсіби дағдыларды тиімді қолдану негізінде пациенттерге сапалы және қауіпсіз шұғыл көмек көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет