Түркістан облысы Ордабасы ауданы М. Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі Бүгінгі сабақта


Жауабы: 1.Кен байлықтарын ашық кен өндіру әдісімен алу кезінде пайда болатын тау-кен қазбаларынан бос қалған жер карьер



бет3/3
Дата21.11.2022
өлшемі5.14 Mb.
#465320
түріСабақ
1   2   3
1612498036 (1)

Жауабы:
1.Кен байлықтарын ашық кен өндіру әдісімен алу кезінде пайда болатын тау-кен қазбаларынан бос қалған жер карьер деп аталады.
2.Террикон- шахта немесе жер бетіндегі тау жыныстарының конус тәріздес үйіндісі.
3.Табиғи кешендеріне адамның әр түрлі әркетінің әсерінен туындайтын факторлар- антропогендік факторлар.
4.Қышқыл жаңбырлар - күкірт диоксидінің және азот оксидтерінің атмосферада болуының нәтижесі. Күкірт диоксиді ауаға құрамында күкірті бар қазба отын түрлерін жағу барысында таралады.
5.Әлемдік мұхиттың проблемалары - әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы.
6.Жылу эффектісі -ғарыштың жылулық сәулеленуі атмосферадағы жылу газдары тарапынан сіңіріліп, жан-жаққа қайта сәулеленуге алып келетін процесті сипаттайды.
Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістері
Жер құрылымының өзгеруі
Биосфера құрылымының, айналымының және оған кіретін заттар тепе-теңдігінің өзгеруі
Жекеленген үлескілер мен аймақтардың энергетикалық және жылу тепе-теңдігінің өзгеруі
Биоалуантүрліліктегі өзгерістер
Арнайы өзгерістер:
Ауылшаруашылық дақылдары немесе көпжылдық екпелер, суқоймалар құрылысы, қатынас жолдары, пайдалы қазбалады өндіру үшін шұңқырларды қазу, батпақты құрғату, өзен ағысының бағытын өзгерту
Ілеспе өзгерістер: Атмосфераның газ құрамының өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, жануарлардың түрлі құрамының азаюы, депрессиялық шұңқырлардың пайда болуы, эрозиялық процестердің дамуы, адамдардың алергиялық ауруларының күшеюі, фотохимиялық тұмандардың пайда болуы, металдар коррозиясының үдеуі, т.б
Қоршаған ортаның өзгеру түрлері

3-тапсырма: Суретке қарап, қоршаған ортаның ластануы және табиғатты қорғау жайында өз ойларыңды білдіріңдер

Қорытынды Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Жауын –шашын мөлшерін, топырақ ылғалдылығын ескерместен топыраққа минералды тыңайтқыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызады. Ауаға шығатын улы заттардың концентрациясы белгіленген мөлшерден он есе артық. Атмосфераның ластануы Байқоныр айлағында ғарыш кемелерін ұшыру кезінде де байқалады. Өнеркәсіп аудандарда ауа кеңістігінің ластануымен қатар ластану сол жердегі су көздерін қамтиды. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Нәтижеде: Табиғатты пайдалану тұжырымдамасымен танысып, қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін жіктедік.


Назарларыңа рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет