Түркістан облысы Шардара ауданы Сүткент ауылдық округі Т. Тәжібаев жом тақырыбы


Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау



бет6/11
Дата19.08.2023
өлшемі1.7 Mb.
#476133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ахмет Зерттеу

2 Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу және насихаттау. Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде Әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ әдебиетінің атасы Ахмет Байтұрсынов кітап жазумен қатар орыстың белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, көпшілікке ұсынған. Көкейіндегі түйілген ойды ан тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Сонымен қатар Ахмет қазақ әліпбиінің атасы, түркі тілтану ғылымның ағартушысы. Ахмет Байтұрсынұлының мол шығармашылық мұрасының тарихи маңызы жоғары. Ахмет Байтұрсыновтың ұлтым деп соққан жүрегі, үлгі-өнегесі – қазіргі жаңа заманға өте керек. Ахаң Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық жұмыспен айналысты, жарғақ құлағы жастыққа тимей, масаша ызылдап, туған халқын оқуға, өнер- білімге шақырды, өркениетті елдерден кейін қалып, көрінгенге жем болып жүргеніміз біліміміздің, өнеріміздің жеткіліксіздігінен, оқыса, ілгері кеткен елдер қатарына қосылуға талпынса, қазақ халқы да ешкімге есесін жібермейді, әңгіме талаптануда, намыстануда дейді. Ахмет Байтұрсыновтың әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Сол мектепте ашуда ана тілінде оқыту үшін алдымен қазақша жазу таңбаларын, яғни алфавитін жасау қажеттігі туды. Ол таңбаларды қай жазудан алса да қазақ тілінің дыбыстық жүйесіне икемдеп өзіне тән ұлттық графика етіп ұсыну мақсаты тұрды. Міне, Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілін зерттеп, танып білуге қатысы осы тұстан басталады.
Ахмет Байтұрсынұлы жазу элементтерінде қазақтың тілін, ауыз әдебиетін, мәдениетін, тарихын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін қазақ мектептерінде оқытып, оқушыларға ұлттық тәрбие беру мақсатында пайдалану жолдарын көрсетті. «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға», – деп Әбіш Кекілбаев атап көрсеткендей, ғалымның артына қалдырған мұрасын расында да ешкіммен салыстыруға болмайды. Сондай шығармалары: «Жаңа жазу», «Жаңа әліппе», «Тұңғыш емле», «Тұңғыш фонетика», «Тұңғыш грамматика», «Тұңғыш синтаксис», «Тұңғыш терминалогия мен әдістеме», «Тілашарлар», «Тіл танытқыштар», «Тіл жұмсарлар» осы аталмыш дүниелері ұлттық тіл біліміне темір қазық болар мәңгілік үлестерден тұрды.
А.Байтұрсынов өмірі мен қызметінің тағы бір салмақты саласы- оның ақындық, аудармашылық еңбегі. Ол бала кезінен қазақ ішінде көркем сөз құдіреті жоғары саналатынын көріп, естіп, сезініп, ойланып өскенге ұқсайды. Саналы өмірге аяқ басқан кезде халық поэзиясы мен А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин шығармаларын, орыс әдебиетін оқиды. А.Байтұрсынов айналаны тану, білу, сезіну қалпын поэзия тілімен, өлеңмен жеткізуге ден қояды. Өлеңді өзінің ағартушылық идеясына пайдалануды көздейді. Қазақ тілі мен кітабын жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргетасын қалаған алғашқы адам- Ахмет.
Халық мұрасына үлкен жанашырлықпен қараған Ахмет Байтұрсынұлы «әдебиет тіліне негіз етіп ел аузындағы тіл алынбаса, оның адасып кететіндігін» айтты. Иә, А Байтұрсынұлы – қазақ кәсіби журналистикасын қалыптастырған ірі қайраткер. Ол қазақ халқына, зиялы қауымға газеттің қоғамдық қызметін ұғындырып, баспасөздің өркениетті, тәуелсіз елге аса қажет нәрсе екенін жанкешті іс-әрекетімен көрсетті. Байтұрсынұлы ұйымдастырып, бас редактор болған «Қазақ» газеті қоғамдық ойға ірі қозғалыс, рухани санаға сілкініс әкелді. «Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ,«Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, өз халқымен қайта табысты.

Ардақты азамат, халқымыздың саяси әрі рухани көсемі Ахмет Байтұрсыновтың елі үшін еткен еңбегі, саяси - әлеуметтік ой- арманы бүг інгі Егеменді Қазақстанда іс жүзінде жүзеге асып отыр. Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”. Алаш арыстары бізге мемлекеттік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті. 1991 жылы құрылған Қазақстан Республикасы атты мемлекет – сол арыстардың асыл арманының жүзеге асуы. Біз осы мемлекетті көздің қарашығындай сақтауымыз керек» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтып кеткендей, Ахмет Байтұрсынұлы абақтыға жабылып, атылғанымен, оның артына қалдырған асыл сөздері мен арман арқалаған ойлары ел жадында, халық жүрегінде мәңгі сақталады. Кейінгі ұрпақ оның істерін жалғастыруда, оның армандаған тілектері жүзеге асырылуда. Себебі, Қазақ елі қазірде өркениетті елдер қатарына қосылып, мәдениеті жоғары дәрежеде дамуда. Менің мына жобаны алудағы мақсатым: А.Байтұрсынұлының өмір жолынан бастап, артына қалдырған мұраларына мысалмен айтқан көп ойлары, қаламгердің көсем сөзі, тіл тағлымы, оның ғалымдығына, еңбектерінің өміршеңдігіне, пән сабақтарының тәрбие жұмыстарымен сабақтастыра жүргізу барысында бастауыш сынып оқушыларының тілін, ойын дамыта отырып адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. А.Байтұрсынұлы мұралары негізінен бастауыш мектепке және Қазақстандағы бастауыш мектеп жүйесін жандандыруға арналғандықтан ғұламаның еңбектерін барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес мектепке дейінгі мекемелерде оқушылардың жас ерекшеліктерне негіздей отырып, бастауыш мектептің оқу тәрбие үрдісіне енгізетін болсақ, егеменді еліміздің келешегін ойлайтын, мәдени – құндылық қасиеттері жетілген жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік бар екенін байқауға болады.Туған халқын сүю, оны өнер білімге шақыру, халақтық салт – дәстүрлерді қастерлеу, ана мейірімділік, бата тілектің маңызы қазақ халқының даналығы, оның тәрбиелік мәні туралы даналық сөздер, өлеңдері бастауыш мектеп оқу бағдарламаларына ендіріліп оқытылса, олардың оқушылырға ұлттық тәрбие берудегі маңызы ерекше болар еді. Бүгінгі таңда қоғамда болып жатқан өзгерістер білім беру ісіне өзіндік ықпал етіп отыр. Қоғамдағы әлеуметтік жағдайларды негізге ала отырып, білім мен тәрбие берудің мазмұны жаңаша жасалу үстінде. Мұнда ұлттық салт –дәстүр, мәдениетімізді меңгеруге аса зор мән беріліп, жалпы білім берудің әлемдік стандартына сай келтіру мәселесі қарастырылуда. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына дейін ұлттық тарих, салт – дәстүрлерімізді еркін игеріп пайдалануға мүмкіндік болмады. Ұлы орыс империясының зұлмат өртінен зардап шеккендердің бірі – қазақ халқы еді. Халқымыздың бір туар перзенттері Ахмет Байтұрсынұлы. А.Байтұрсынұлының ақындық мұрасы белгілі ғалым С.Қирабаевтың еңбегінде негізгі орын алады. Ол Ахметтің алғашқы ақандығы «Қырық мысалдан» басталатынын жазады. «Бұл еңбек Ахметтің мектептегі мұғалімдік қызмет атқарып жүрген кезінде туындаған. Ол орыстың ағартушылық дәстүрі рухында тәрбиеленген жас ұстаздың балаларды оқытуға, оларды жаңа рухта тәрбиелеуге әдебиеттің қызметін пайдалану мақсатын көздегені көрінеді. Бұл ниетін ол мектеп көлемімен шектемейді, жалпы халықты ағарту, оларды қараңғылықпен қарсы күресіп, білім жолына үгітте ниетін ұстанады » Заманымыз өзгерді. Егемен ел атандық. Есімізді жиып, жоғымызды түгендеуге кірістік. Кезінде ұлтымыздың бостандығы жолында күрескен аяулы азаматтар халқымен қайта қауышты. Ендігі халықтың тілеуі – қазіргі ұрпақтың, кейінгі толқындар ата – бабаларымыз басынан өткізген зұлматты көрмесін , тәуелсіз Қазақстанның ұлтжанды азаматы болып еркін өссін дегені. 1922-1925 ж.ж. Қазақ Халық ағарту Комиссариаты жанындагы Ғылыми- әдеби комиссиясының төрағасы, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының құрметті төрағасы болады. Өкінішке орай, И.Сталиннің 1925 жылғы 29 мамырдағы «Ақ жол» газеті туралы хаты Ахмет Байтұрсыновты және оның серіктерін «ұлтшылдар» және «шоқаевшылдар» ретінде қуғындауға теориялық негіз қалады. Қазақстандағы қуғын-сүргінді жергілікті басшы Ф.Голощекин жандандыра түсті. Ақырында алғаш Архангельскіде, соңынан Томскіде 1929-1934 жылдары айдауды болған Ахмет Байтұрсынов, көп кешікпей, 1937 жылы қуғын-сүргіннің жаңа толқынына ілігіп жазықсыз атылып кетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет