Түркістан облысы Шардара ауданы Сүткент ауылдық округі Т. Тәжібаев жом тақырыбы


Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының тәрбиелік мәні бар нақыл сөздері



бет8/11
Дата19.08.2023
өлшемі1.7 Mb.
#476133
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ахмет Зерттеу

3. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының тәрбиелік мәні бар нақыл сөздеріАхметтің нақыл сөздерінің де басты мұраты қазақ дүниетанымына, ойына азаттық рухын сіңіру еді. Ахаңның нақыл сөздері – ояну дәуіріндегі рухани және саяси күрестегі елшілдік рух, ұлтшылдық сезім, мемлекетшілдік сана көрінісінің қайнары. Жұртына өткеннің өкінішін емес, бүгінгінің баяндылығына, келешектің кемелділігіне адастырмай жеткізетін бағыт-бағдар нұсқады. Кемдіктегі елінің берекебірлігімен теңдікке жету жолында қолға алар қоғамдық істерін көрсетті. Жем болудан құтылудың амалын қарастырды, ілгерілеу жолын айқындады. «Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек. Бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға – бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» («Бас қосу турасында»). «Бұл күнде аянбай жатып қалған жұрт, кетіп бара жатқан жұрттардың аяғының астында қалмақ. Қазақ халқы болып жасаймын десе, ілгері ұмтылып талпынатын кезі осы» («Шекіспей бекіспейді»). «Қазақ жем болудан түбінде декрет қуатымен құтылмайды, мәдениет қуатымен құтылады» Оқу жайында білімге қазақ балаларын шақырады. «Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, əлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнербілімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екендігімізді білдірер едік.Ғылым саласына : «Осы замандағы жан таңырқарлық нəрсенің бəрі ғылыммен табылған. Адам баласын көкте құстай ұшқызған, суда балықтай жүздірген – ғылым. Дүнияның бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған – ғылым, отарба, откемелерді жүргізген – ғылым» (Оқу жайы). «Сөзбен үйреніп, сөз жүзіндегі іске шебер болуға болады, бірақ тіршілік ісі жалғыз сөз жүзінде емес. Сөзге қарамайтын тіршілік істері толып жатыр. Ол істерге істеп, үйреніп, шебер болмаса, сөзбен үйреніп шебер бола алмайды» Мәдениет жайында: Мәдениет күшейеді өнербілім күшімен, өнер-білім күшейеді оқумен. Оқу ісі сабақтас әдебиетпен. Оқу әдебиетті күшейтеді, әдебиет оқуды күшейтеді. Оқу мен әдебиет бірін-бірі қолдап, бірін-бірі көтермелеп, бірін-бірін сүйрейді» «Шаруа жайынан», «Егін егу», «Қазақтың өкпесі», «Қазақша оқу жайынан», «Бас қосу турасында», «Шекіспей бекіспейді» және тағы басқа мақалаларында халқын жаһитшылдыққа, кәсіби біліктілікке баулыған санаткердің экономикалық, шаруашылық көзқарасын байыптауға мүмкіндік беретін нақыл сөздері де терең мазмұнға толы. Оларда толассыз тіршілік талас-тартысындағы ұлт мерейінің үстем болу жолдары, оның өміршеңдігіндегі ұрпақ парызы бағамдалды. «Мал бағатындар мал бағуын жақсы білерге керек, ел бағатындар ел бағуын жақсы білуге керек. Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек» («Қазақша оқу жайынан»). «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын. Бала деп бағып оқытып, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой» Тілге құрмет-елге құрмет.Тіл жайында: «Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі» («Тіл – құрал (қазақ тілінің сарфы») Бірінші жылдық Орынбор – 1914). «Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше əуелі өз тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс» («Тіл – құрал (қазақ тілінің сарфы») Бірінші жылдық Орынбор – 1914). «Баланы ұлша тəрбиелесең ұл болмақшы. Құлша тəрбиелесең құл болмақшы» («Орысша оқушылар»). «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һəм сондай болмақшы» («Мектеп керектері»). «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» («Оқыту жайынан»). «Тәннің күшті болуы да, елдің күшті болуы да – екеуі де тәрбиемен. Тәрбиесіз тән қандай азса, тәрбиесіз ел де сондай азбақ» (Орынбор, 2 февраль). Қазақ тіл білімінің негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлы – «Оқу құралы», «Тіл – құрал», «Әліп-би», «Жаңа әліппе», «Баяншы», «Сауат ашқыш», «Тіл жұмсар» атты ана тілімізде алғашқы оқулықтар, «Оқу құралы» оқулықтары бүгінгі күні құнын бермей келеді. Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтқысыз қызмет етуге арналған. Ахмет Байтұрсынұлының нақыл сөздері қазақ халқын отаршылдықтан арылтып, азаттыққа бастаған Алаш қайраткерлерінің елшілдік рухы, ұлтшылдық сезімі, мемлекетшілдік санасы қаншалықты асқарлы болғанының куәсі боламыз. Ұлттың ұлт болып қалуының мәңгілік мәселелері арқау болған нақылдары – қазақ топырағындағы рухани таным, саяси күрескерлік мектебінің тағылымы болуымен қастерлі. Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлындай айбынды болайық. Ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының есімі қазақ халқының әдебиетінен түспейтініне сенемін. 4. Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ әдебиеті
Бар ғұмырын өз халқына шын құштарлықпен қызмет ету жолына бағыштаған, бар бақытын содан тапқан, табиғаты бөлек жандар болады. Ахмет Байтұрсынұлы сондай адамдар қатарындағы ұлағатты ғалым. Ахмет Байтұрсынұлы мәдениетіміз бен ғылымымызға қалтқысыз қызмет сіңірген, таланты мен тағдыры, жан дауасын тек сол мақсаттан тапқан жан. Ахаң – күрделі тұлға, зерделі ғалым. Күрделі болғанда ел-жұртының тарихы мен тағдыр талантын терең біліп толғаған, танымына лайық алысқа қол ұсынған алғашқы оқымыстысы. Кең құлашты, ұлан-асыр терең ойлы ғалым – халық ұлы өмірдің қай саласында да өз пікір-толғамын, бағдар-бағытын білдіріп келеді. Осыншама санқырлы қызметін жазған еңбектері арқылы жалпылама тізбелеп жеткізуге болар, бірақ шағын мақалада саралап айта алмасымыз анық. Дегенмен де мәдениетімізге орасан еңбек сіңірген адам ер жасы елуге келіп отырған шағында, біз оның қазақ әдебиеті мен халық ағарту істері саласындағы қайталанбас қызметін атап өтуге өзімізді парыздармыз деп санаймыз. Ахаңның асқан ағартушылық жұмысын «Маса» атты кітабының басында келтіретін әйгілі Қожанасырдың сөзі арқылы тануға болады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет