Тропикалық белдеудің топырақ жамылғысы


Қызыл ферраллитті топырақтардың



бет2/5
Дата19.09.2023
өлшемі69.41 Kb.
#477966
1   2   3   4   5
Дәріс 1

Қызыл ферраллитті топырақтардың термикалық жағдайлары қызыл-сары топырақтарға ұқсас, бірақ бұл аймақта жауын-шашын мөлшері біраз кемірек (1300-1800мм), ал құрғақ кезең 3-4 айға созылады.
Биік шөпті саваналарда шөптер бойы 4м-ге дейін болуы мүмкін. Қызыл ферраллиттік топырақтардың ерекшеліктері: 1) жыл бойы су режімінің өзгеруі-құрғақшылық кезеңінде топырақтардың терең құрғап кетуі; 2) температураның әсерінен темір тотығы ыдырап кетеді соның нәтижесінде топырақтың жоғарғы қабаттары қызыл түсті болып қалады; 3) қарашірінді қабаты күңгірт-құба түсті, қалыңдығы 30-40см, мөлшері жоғарғы қабатында 4%, құрамы фульваттық; 4) темір гидрототықтарының конкрекций пішінде тұнба қатпарлар пайда болу ықтималдығы (латеритизация үрдісі) көп.
Латеритизация (лат. later) - топырақ ерітінділерінің бүйірге қарай қозғалысында темір қоспаларының жиналуы.
Қызыл ферраллитті топырақтарда темір тотықтардың әсерінен топырақтар түйіртпектігі ұсақ кесекті болып жақсарады. Темір конкрециялар, кейбір жерлерде тұтас цементтелген темір конкрецилер (пизолитті латеритті қабат) қабаттары байқалады.
Тереңде жатқан латеритті қабаттар ылғалды күйінде жеңіл кесіледі, бірақ жер бетіне шығып кеуіп қалған жағдайда аса қатты латериттік тас қабыққа (кирасқа) айналады. Бұндай топырақтар егіншілікте көп қиыншылықтар тудырады.
Күңгірт қызыл және күңгірт ормандық тропикалық топырақтар. Бұл топырақтар негізгі жыныстар мен әктастарда қалыптасады. Оларды маргалитті немесе ферралитті – маргалитті топырақтар деп атайды. Қызыл-сары қызыл топырақтардың гранулометриялық құрамы құмбалшық, сіңіру сыйымы жоғары, 100г топырақта 30м-экв болады. Қарашірінді мөлшері көп емес, бірақ реңі қүңгірттеу, қышқылдығы әлсіз. Құрамындағы каолинит, монтмориллонт минерал топтарының маңызы зор. Бұл топырақтар егіншілікке кең қолданылады. Күңгірт-қызыл және күңгірт топырақтардың ауданы 40млн. га. Олар Оңтүстік Азия, Индонезия, Оңтүстік Америка және Африкада тараған.

Амозонка, Конго өзендері ойпат алқаптарында орман ферраллитті қопалы топырақтары қалыптасқан. Ауданы 220млн. га құрайды. Бұл топырақтарды игеру үшін құрғату Мазмұны

1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет