Тұрсеке! Сізді өз басым нағыз алаштанушы ғалым ретінде танимын. Қазіргі кезде екінің бірі алаштануды меншіктегісі келіп, оны сәнге айналдырып алғандай көрінеді. Олар жан-жаққа тарап жүргендей



бет6/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#142835
1   2   3   4   5   6








  • Жауап: Қай іске болсын, қайда жүрсе онда жүрсін, ойлаған ісін Мырзекең жүзеге асырмай тынбайды және қамшы да салдырмайды. Осы Мырзекең неге шұқшия бердіңдер? Адамға әдейі арандатып отырғандай ыңғайсыз сезіледі екен.

Сұрақ: Тұрсын аға, Абай сайтының жершілдікке бөлінетінін байқадыңыз ба? Мысалы Шүкеевтері, Қалмырзаевтарды аудан ақпарат жасап алып, жамандайды келіп. Онысы өтірік екенін өздері де біледі. Бірақ белгілі бір топтардың мүддесі тұрған сияқты бұл жерде. Осылар туралы әр түрлі өсектерді қаузай беріңдер деген. Осыған тоқтау салар күш бар ма? Себебі біз сондай ақпараттарды оқып отырып өзіміз де жерге, руға қалай бөлініп қырылысқанымды сезбей де қаламыз. Осы сайтты оқып жүрген болсаңыз оны өзіңіз де байқар едіңіз. Сайт керісінше бірктірмей ме? Ақсақалдық ақылыңызды айтсаңыз. Ақсақал деп мен Мыратай, Несіпбектерді емес, сізді таныр едім.





  • Жауап: Арқар мырза!Ондай пиғылды мына сұрақтардың ішінен байқамадым. Ал Шүкеев пен Қалмырзаевтің аттарын естігенім болмаса, көрген, пікірлескен, қызметтес болған адамдарым емес. Сол Қалмырзаев қайда істейтін азамат? Ендеше мен неге олар туралы сырттай тон пішуге тиіспін? Мырзекең ұстазым болғандықтан, қызметтес болғандықтан пікір білдіріп отырмын. Ал «сайтыңа» мен жауап бермеймін. Тіпті менің де мақалаларым басылады, неше түрлі пікір айтылады деседі. Өз бетімше ашып оқи алмайтын болғандықтан, олардан да бейхабармын. Мына сұрақтарды балаларым компьютерге көшіріп берген соң, жауап жазып отырмын. Білетінім, осындағы бір жігіт, Шымкентікі не Қызылорданыкі. Өзінің тегі әділетті іздеушілердің санатынан болса керек. Ендеше, әділет жерге бөліне ме? Онда, істің насырға шапқаны. Мүмкін, семейліктерді (Қажыгелдинді, Әбділдинді, Жақияновты, Зәурешті, «Датты», тағы кім бар еді?) ата-ата оқтары тауысылған болар. Қашан да аққа құдай жақ босын деп тілеймін.

  • #



Сұрақ: Бүгінгі ақындардан ақын қалды ма?







  • Жауап: Бұл асылық болар. Өте тамаша ақындар бар. Бәрін орып тастасаңыз, шығатын көк қалмай қалады. Ал ол үлкен трагедия.

Сұрақ: Тұрсын аға, Жазушылар одағы туралы айта бастасақ, біздің жүрегіміздің айнитыны сияқты сіздің де жүрегіңіз айнитын болар. Қоғамдағы бас ауруға айналды ғой. Сонда да айтып көрейік. Кезінде аяулылардың табанының ізі, алақанының жылуы қалған мекеменің мүшелігінен 2-3 жыл бұрын Семейдегі жазушы Талғат Кеңесбаев шығып кеткен болатын. Ол кісінің бұл әрекетін қалай бағалайсыз? Жазушылар одағы жік-жік болып бөлініп, жаңа заманға сай жұмыс істеп отыр ма? 700-дей адамды толтырып қойды, жаңа жас ақын-жазушыларды мүшелікке алмасын деген заң бар ма? "Қазақ әдебиеті" газеті баяғы қарқынынан, абырой-беделінен айырылып қалды, келісесіз бе? Асқар, Астанадан. Рахмет.








  • Жауап: Бұл өзі: «Айта, айта Алтайды, әншә апай қартайды» – дегеннің кері. Сол айтыстың ішінде қырық жыл жүріппін. Кейде сағынамын да. Ал мүшелік жағына келсек, оны «стратегиялық жүріс» деп бағалап жүр ғой.

  • Ал, Талғат мырзаға келетін болсақ, кезінде кепілдік бергеннің бірі едім. Сондықтан да әлгі «тентектігін» басбұзарлық деп қабылдап, маған берілген барлық құқықты пайдаланып, ит көйлегін қайта кигізіп, қайта шешкізгенім бар. Есті есер емес пе. Ең бастысы – одақ шығарма жазып бермейді. Ал Талғатқа одан басқа не керек өзі. Даудан алыс, дамайдан тыныш жүруі үшін сол да жақсы болды. Енді ештеңе жаза алмаса, не жазбаса, бірінші болып, барлық құқығымды пайдалана отырып, өзім табалайтын боламын. Келінім мен балаларымды тарықтырмаса болды. Әуелі соны қаперіне алып жүрген Талғатың жоқ. Рахмет-ау, ебін тауып бір ұрсып алдым. Сол үшін де саған рахмет.

Сұрақ: Тұрсын, Шерхан Мұртазаның романында Тұрар Рысқұловтың Кремльдегі бір мәжіліске сәл кешігіп келіп, президиумға көтеріле бергенінде Сталин: "Азияның шонжары кешікті", деп әзілдегенде Рысқұлов: "Грузин князі кешікпесе бопты да" депті деген бар екен. Шымкентте оқырмандармен кездесу өткізген Мұртазаға сондағы ақсақалдардың бірі: Ол сөзді Тұрар Рысқұлов емес, Смағұл Сәдуақасов айтқан, неге бұрмаладың? дегенде Шерхан үндемей құтылған көрінеді. Осы туралы мағлұматыңыз бар ма? Болса, батыл айтыңыз. Сіздің естігеніңіз сөзсіз, тек айта алсаңыз.







  • Жауап: Бұл сөздің орын алғаны тарихи шындық. Тек оны Рысқұлов та, Сәдуақасов та емес, Сұлтанбек Қожанов айтқан. Ал көркем шығармаға тән көркем шындыққа сай, заманы, реті, қисыны келіп тұрғандықтан да, Тұрардың атынан пайдалануы, әдебиет заңы бойынша, заңды болып есептеледі. Егерде, деректі шығарма ретінде жазылса, онда кемшілік.

  • Демек, бәрі орынында.

"Ұлы жүзде билік бар,


Кіші жүзде байлық бар,
Орта жүзде айлық бар" - деп айтыпты бір ағамыз.

  1. Үш жолдан тұратын осы шумақ Сіздің намысыңызды қайрамай ма?
    2. Қазақтың қасіреті не деп ойлайсыз?
    3. Билік пен байлық ауылымен құдандалығыңыз бар ма?

Жауап: 1. Бұл әзіл-қалжыңы аралас, халық ауыз әдебиетінің дәстүрінде айтылғандықтан да, намыстанатын ештеңе жоқ. Тұрақты, қомақты айлығыңның өзі сусымалы байлығыңнан, аумалы-төкпелі билігіңнен көрі, сенімді емес пе. Ал, астары онсыз да түсінікті. Жаттап алатын екен. Берішбаев пен Омашевқа айтып, салық салатын.

  1. Көп қой. Ең бастысы жердің сатылып кеткені. Жер болса, тілді де, ділді де, дінді де түзеп алар едік қой. Бәрі сатылып кетіп, бір күні репотриант болып отырмайық.

  2. Құданы мен таңдайтын жастан кеттім. Менің ең бай құдам – жазушы Құрманғазы Мұстафин. «Көк аспан, қара жер» деген несиеге шығарып, ақыры тоқтап қалған газеттің иесі. Құдағиым Шолпанның «Ақ босаға» атты газеті бар. Жыл аяғында несиесін өтесе, бар қазақтың әйелдерінің сусынын қандырса, одан асқан бай құдағи бола ма. Екінші құдам ауылда. Жүгері егеді. Тракторы бар. Өзімнің директор деген атым, 62 мың айлығым бар. Айтты, айтпады, «айлықтың» иесіміз. Алла соның берекесін берсін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет