Тұрсеке! Сізді өз басым нағыз алаштанушы ғалым ретінде танимын. Қазіргі кезде екінің бірі алаштануды меншіктегісі келіп, оны сәнге айналдырып алғандай көрінеді. Олар жан-жаққа тарап жүргендей



бет5/6
Дата17.06.2016
өлшемі0.61 Mb.
#142835
1   2   3   4   5   6








  • Жауап: мұны емеуірінді аян түс дейді. Түсті өзің қалағандай жорыды лһдеп есепте.

Сұрақ: Анахарсис - Шығыс Иран тілінде сөйлеген Сақ тайпаларынан шыққан ғұлама философ. Ол грекияға барып "көшпенділер философы" деген мәртебе алған. Гректер оның ғұламалығы мен даналығына таңырқаған. Қазір Анахарсис айтыпты деген нақыл сөздер көп сақталған. Анахарсис еліне қайтқанда Гректердің көп дінділік дәстүрін қабылдап оралған, сондықтан оны Пұтқа (аға қуыршақ құдайға) табынып жатқан жерінен ұстап алып, Сақтардың көсемі ту сыртынан атып өлтірген. Сақтар бір Жаратушыға сыйынатын Тәңіршіл халық болған. Сақтарды қазір Турандықтар (яғни Тәңіршілдер деген сөз) деп атайтынымыз сондықтан.
 
Сіздің түсіңіз біздің даламызда бір кезде болған Іш Оғыздар мен Тыс Оғыздар деп аталған халықтардың алапат шайқасына ұқсайды екен.





  • Жауап: Иран тілі деген тіл жоқ. Сақтар парсы тілінде сөйлемеген. Ирандықтьардың өздері де сақтарды: Көне түркі тілінде сөйлген деп есептейді. Бұл еуропашылдық өктемдіктің ықпалы. «дулыға» атты кітаты оқып шықсаңыз, біраз мағлұмат алатыныңызға сенмін.

  • #

Сұрақ: Үш тұғырлы тіл саясатына қалай қарайсыз? Неге біз әлемдегі басқа елдер сияқты орыстармен халықаралық ағылшын тілінде ұғыса бермейміз? Қазақты орыстандыру саясаты қашан тоқтатылады деп ойлайсыз? Қазақ атқа мінбей, қазіргі орыс тілді билік Анатілімізді Ақорданың төріне шығаруы мүмкін бе? Аса үлкен құрметпен Өзбек ініңіз








  • Жауап: Өзбегім-ау, Өзбегім, Қандай мақсат көздедің? Ұлы бір слкініс болмай, ол жүзеге асырылмайды. Келер ауысымда: 2050 деген ұран тасталмасына кімнің көзі жетіпті?

Сұрақ: Алашты тануымыз-өзімізді тануымыз. Сондықтан сіздің әрбір зерттеу еңбектеріңізден рух алып, тарихи таным көкжиегін кеңейтіп отырған әрбір жастың атынан рахмет айтамын.Еңбектеріңізді қолымызға түсіре алмаймыз.Таралымы көп болса және еліміздің өңір-өңірлеріне таралса. Семейден Меруерт қарындасыңыз.





  • Жауап: Тілегіңе рахмет айналайын. Таяу арада «Ұраным – Алаштың» екінші кітабі осы «Абай» арқылы кең қауымға ұсынылмақ. Соған да шүкір. Бұрын интернетті менсінбеуші едім, мұның да бір «жоқтан жақсы» дегізетін кезі бар екен.

  • #

Сұрақ: Тұрсын мырза, байқайсыз ба, жұртшылық Сізге өздерін толғандырып жүрген көкейтесті сұрақтарын қойып отыр. Мұндай сұрақтарды, мәселен, Мырзатайға, Айтовқа,тіпті қазір Мұртазаға да қоймайды.Сізге үлкен сенім артып отыр.Осыдан біраз бұрын жұртшылық Д. Исабековқа да сенетіндей еді,бірақ, не ғажабы бар екенін ешкім түсінбейді, президентпен кездескеннен кейін ол кісі басқаша сайрай бастады, "әдемі" сөйлейтін болды.Тіпті,"Президентке дауыс береміз!" деген үндеуін көшелерге іліп қойды. Тұрс-еке, Сіздің азаматтық тұғырыңыз болаттай берік деп ойлаймыз. Сізге өтініш: анау Қытайдағы қандастарымызға виза алуға қалай көмектесе аласыз(өзім жергілікті қазақпын). 10 мың адам кезекте тұр, дейді. Масқара емес пе.Сыртқы істер министрлігі не қарап отыр. Мүмкін, осы мәселе бойынша Президентке кіруді ойластырарсыз.Көп сөзден гөрі кейде нақтылы бір іс пайдалырақ болады ғой.








  • Жауап: Тілегіңізге рахмет. Қазір Президент емес, жай бөлім бастығының өзі бізді менсіне қоймайды. Алайда ол мәседен Елбасы толық хабардар, таяуда өтетін Қазақ қауымдастығының құрылтайында күн тәртібіне қойылады – деп сенемін.

  • #

Сұрақ: 1.Бізде жастарымызды тәрбиелейтін идеология жоқ деп аһ ұрып, күлтөбеде күнде жиналыс ашып жатамыз. Қалай ойлайсыз, жастарымызға Абай, Алаш арыстарының өмірі, өнегесі соның өзі нағыз идеология емес пе?
2.Қайтсек жалған ғылым, өз ұлтын,тілін сыйламайтын кадр шығаратын білім жүйесінен арыламыз?
3. Билік командасына ұлтын сүйетін азаматтардың келуі қазір мүмкін нарсе ме? Қазақ қызы





  • Жауап: Биліктің арасында ұлты үшін күйініп отырған нағыз азаматтар көп. Ықтай жүріп іс бітіріп отыр. Әйтпесе, олар болмаса, осы күнімізге зар болып қалар едік. Оған тәубе. Мәселе сол биліктің тегершігінде. Бұл мәселе, Елбасының таяу арадағы Президенттік жобасынан анық байқалады. Соған қарап тиісті шешім шығарып, ертеңгі күнді батыл ойластырып, ұйымшыл, ұтымды, даурығусыз, бірақ пәрменді шараға қарай жұмылуымыз керек шығар. Елдің де, ердің де сыналатын шағымды тұсы – сол кез.

Сұрақ: Қазақтың қалталы жігіттері сіздің кітаптарыңызды 300-400 таралыммен шығаруды қолға алса қазақ өзін-өзі тезірек таныр еді. Сөйтіп көзі тезірек ашылар еді. Соның әрекетін неге жасамайсыз? Әлде қазақ қалталыларының бәрі Қарабай деп ойлайсыз ба?








  • Жауап: Бәйменов, Мыңбаев, «Фолиант» баспасының директоры Нұрлан Исабеков сияқты бауырларым ондай ұсыныс жасады. «Дулығаның» орысша аударылуын септігі де тиіп жатыр.Бірақ, «Ұраным – Алаш!..» сиқты қазақ халқының руханиятына қажетті кітапты – Қазақстан мемлекетінің өзі шығарып, игілігін өзі көруі керек деп есептеймін. әйтпесе, оппозицияның пікірі болып кетуі мүмкін. Алаш идеясының қазақ мемлекетінің оппозициясы ретінде қызмет етуін қаламаймын.

  • #

Сұрақ: Сәлеметсізбе, менің сұарғым "Алаш арыстарына" Астанадан бәріне бір жерден үлкен ескерткіш орнату (барлығына әрқайсысының аттарын атап)туралы ұсыныс жасадыңыз ба? Ақ-Ару





  • Жауап: Осыдан төрт жыл бұрын Е.Карин, Б.Әбдәғали, М.Әшімбаев сияқты жас қайраткерлер сондай ұсынысты өздері жасап, Қаулыға кіргізіп, «Қазақ елі» алаңын ұсынған. Соңы сиырқұмышықтанып кетті. Күн тәртібінен түспейтін мәселе.

Сұрақ: Асау Тарпаңға! Түсіңдегі Анархарсис щал алжыған екен. Түсіңді мен жориын. Қассағың - қазақ, Сұссағың - Созақ қой! Қассақ қаскүнем, Сұссақ сұсты болған. Сұсынан айырылған Қассақ қарсақ құрлы бола алмай жүр. "Қазақпысың, Созақпысың" деген сөз содан қалған. Сұсты Сақтан дереу кешірім сұрап, жеті шелпек таратпасаң, Асау Тарпаң, сен, Мақау Жалтаңға айналып кетесің. Сөйте ғой!!!








  • Жауап: Ол түстің астарын түсінбеген екенсің. Нысанлы түс, нысаналы тұспал. «Ымды түсінбеген, дымды түсінбейдіә деген осы.

Сұрақ: Сен жорығанша ит жорыған артық қой.








  • Жауап:у

  • #

Сұрақ: Мойындаймын. Түс көрдім деп жәй айтқан едім. Онда тұрған не бар? Елдің бәрі түс көріп жүр ғой. Түс көре беріп, ақылдан алжаса бастағаным рас. Кешірім сұраймын.
----------Асау ТАРПАҢ








  • Жауап: Тарпаң-ау! Ақыры мені алжастырдың ғой! Ал мен ғой нысаналы түс деп едім. Бәрібір осы түсте бір «сарын» бар.

  • #

Сұрақ: осылай біреудің атында сөз жазу арқылы қыбың қанды ма?








  • Жауап: Жігіттер! Сендер еріксеңдер де мен ерігіп жүргемін жоқ. Уақытты аясаңдаршы.

  • #

Сұрақ: Менің атымды неге пайдалана береді осы? Мен Мыразатайға жақтассам жерлесімін. Ал Несіпбекте шаруам жоқ.
---------- Асау ТАРПАҢ








  • Жауап: Мырзакең де, Несіпбек те сенің қорғауыңа зәру емес. Өз сөзін өзі қорғайтындай мүмкіндіктері бар. Сондықтан, Асау тарпаңым, босқа қызылмай болмай, сабаңа түс. Тарпаңдап жүріп тайып кету де қиын емес. Байқашы бауырым.

  • #

Сұрақ: сен жарнама жасап жүрсің





  • Жауап: Қыртты мылжың жеңеді деген осы екен –ау, ә.

  • #

Сұрақ: мұсылмандар бетпақ бола ма?









  • Жауап: Мұсылмандар бетпақ болмайды, бірақ бетпақ мұсылмандар болады. Мысалы...

Сұрақ: Асау ТАРПАҢ екіге бөлінеді, бірі шын, бірі көлеңке








  • Жауап: Өзі жүйкеге тие бастадың дар ма? Үшіншіге мені қосып алып жүрмеңдер, буырларым.

Сұрақ:Ей агайын! Уйлеринде отырып алып ауыздарына келгенди айтып, ойларына келгенди жазбасандаршы. Бул сайтты да былгап биттиндер гой. Мынаган кулак ас: Бир куни бир сункар ушып келе жатып алдынан бир топ казды кездестирипти. Уа, каздар, кайда ушып барасындар?- депти сункар.- Колимиз сасып кетти, жакын манда кол болса соган коныстанайык деп кетип барамыз,- депти каздар. Сонда сункар арттарынан карап турып: "ЕЕЕ, андагы сасык котендерин аман болса, оны да сасытарсындар"- деген екен. Сайтты сасытпандар. Созден иске кошиндер. Иманга келиндер, билим куындар. Иманга келем деп сектадан бирак шыгып журмендер.Барин АЛЛАДАН сурандар.





  • Жауап: Дұрыс айттың, бауырым. Сұрақтардың да иісі шыға бастады ма? Бір жолға шыдайын.

Сұрақ: Дәл қазіргі кезде ҚХР нан Қазақ еліне жету үшін Ұрімшідегі Қазақ визалық қызметі үйінің алдында айлап өшіретте тұрып виза ала алмай қиналып жатқан неше мыңдаған бауырлардың хал-жағдайынан хабарыңыз барма? ал қытайлар болса қызметтік факспен өшіретсіз виза алып қаптап келіп жатыр.... өйткені әр жолы Астанаға келіп кететін қытай басшылары "мұнайыңды ашып, ақшаңды беріп,өркендеулерің ұшін көмек жасап жатырмыз,осылар ұшін келіп кететін адамдарымызға виза және басқада жұріп тұру жақтарынан шектеу болмасын" деп біздің басшыларға өкпесін қара қазандай қылып айтып, естеріне салып, шегелеп кетіп тұратын болды...ал олар ондағы Қазақтардың мұддесі туралы ештеңе айтпайдыда....өйткені қытайлар"бұл топас Қазақтардың өз істері" деп іштерінен зымыян күліп барлығын біліп отыр...."бұлармен өз Қазақтанының жұмысы болмаса, өздері осылай істеп отырған соң біздің не шатағымыз бар"деп бұл жағдайлар туралы тіс жармайдыда тек қытайлардың мүддесі үшін ғана сөйлеседі. екі елдіңде сыртқы істер жағынан ондағы Қазақтар туралы анық сөйлесу болмаған соң ол жақтағы бауырлар бейне бір отаны жоқ!сұраушысы жоқ! іздеушісі жоқ! цыған,күрдтерге ұқсап қалдығой.... осы жұмыстарды екінші қайталанбайтындай етіп дұрыстайықшы дейтін бір алаштың азаматы табылама? жатып алып АЛАШ рухы...АЛАШ рухы деп айқайлай бермей ,әр азамат кішкене болсада қимылдап ұлтымыздың болашағына пайдасы болар жұмыстарды қоса істей отырып айқайлауға мүлде болмайма? ақиқат хабар жазатын бір-екі тілшіні жіберіп болсада ондағы болып жатқан нақтылы жағдайларды,сондай-ақ ондағы бауырлардың бүгінгі күнгі тыныс-тіршіліктерін, арман-тілектерін, жаңалықтарын елге хабарлап тұруға болмайма? онда әліде екі милиион қандасымыз жатырғой ,олар бізге енді керек емеспе? Қазақстандағы Қазақтар көбейіп кетіп мына жерге симай барама әлде?! осы туралы нақтылы көзқарасыңыз қалай? әрі қандай істерді істемек жоспарыңыз барма?








  • Жауап: Қазақстанға – қазақ пен жер ешқашанда көптік етпейді. Ұсынысыңыз дұрыс.

Турсын!!!
Зерттеушiлер мен сарапшылар гасырдын аягында алем бойынша колданыста 2-ак тiл - агылшын мен кытай тiлi калады деген болжам айтып жур. Алем халыктары осы 2 тiлде гана сойлесетiн корiнедi.
Онда несiне казак тiлi ушiн куресемiз. Баяу олiп келе жаткан тiлiмiздi жулмаламай табиги ажал кушуына мумкiндiк бермеймiз бе?
Президенттiн 3 тiл деп зар каксауы да корегендiк шыгар балкiм?
Сен буган не айтасын?
Бiрбала.





  • Жауап: Жаһандану дәуірінде 4 тіл мен имперяи үстемдік құрады деп күтіліп отыр. Ағылшын, қытай, орыс жіне үнді тілі. Солардың қатарында испан, француз, неміс, арабтар жоқ. Біз сол көштеміз.

  • Үш тіл сол құрбандықтың жеңіл жасалуына негіз қалайды.









Сұрақ: Армысыз Құрметті Тұрсын Аға! Тарих ғылымына қызығып, сіздің еңбектеріңізді оқып өскен арқадағы бір қазақтың баласы едік. Алаштың жоғын жоқтап, барын түгендеп жүргеніңіз үшін сізге мыңда бір алғысымызды білдіргіміз келеді. Ал енді сізге қояр сұрағым мынау: осы Шыңғыс хан, Қайыр хан, Отырардың күйреуі жайында қос Мұхаңның арасындағы болған дауға қатысты не айта аласыз? Бізді бұл жерде екі алыптың жеке басына қатысты жеке маселе емес, тарихи шындық қана қызықтырады деп біліңіз. Сіздің пікіріңіз біз үшін өте қымбат. Құрметпен ниеттес бауырыңыз, Серік Берікұлы!







  • Жауап: Егерде біз Шыңғы ханнан бас тартсақ, онда түркілік тегімізден, Алтын ордадан, қазақ хандығынан, қазақ жерінен бас т артуымыз керек. Ал Қайыр ханнан бас тартсақ, қағанаттың ең үлкен тарихи беттерін жоғалтамыз. Сондықтан да бұл даудың мәселесі емес, ұлт тағдыры. Сондықтан да екеуін де жүрекке сіңіретін сана бәрімізге керек. Бұл, сайып келгенде, бір мәселе.

  • #

Сұрақ: Шыңғысхан бабамыз туралы жане Шыңғыстау аты туралы осы киелі топрақ туралы білгім келеды?








  • Жауап: О! Бұл таусылып бітпейтін әңгіме. Ең жақсысы «Абай жолын» оқып шығу. Одан артық ешкімде әңгімелеп бере алмайды. Ал Шыңғыс хан туралы Мағауиннің жаңа романын күтейік. Қапы қалдырмас деп ойлаймын.

Сұрақ: Сәлем, Тұрсын мырза!
Алаш азаматтарының рухани ұрпағы ретінде сізді бағалаймыз.
Таяуда "Алаш қозғалысы" атты кітапты көріп риза болдым. Тиражы тым аз екен. Әр қазақтың отбасында
"Құран кәріммдей" қастермен тұратын кітап қой.
Айтайын дегенім: Тарбағатайдың күнгей бетіндегі Дөрбілжін ауданында 30 жылдары "қазақ қырғыз ұйышмасын" құрып, алғашқы қазақ мектебін ашқан Мырзасадық Құрманғажыұлы туралы еді. Ол кісінің Уфада Мағжандармен бірге болғаны жайлы, Алаш қозғалысың алғашқы белсенділердің бірі болған жайлы ауызша деректер бар. 30 жылдары Зайсандағы қызметін тастап туыс-туғанын алып, арғыбет асқаны анық. Қажықұмар Шабданұлының "Қылмыс" романының 1-, 2- кітіптарында бас кейіпкер - Биғабылдың ұзтаз ретінде Елсадық Құрманғажы деген атпен айрықша дәріптеледі. Ел садықтың 39 - жылы Шинсайдың және кеңес одағы 8 - армиясының құрғынына ілінгені белгілі.Тағы бір деректе Шәуен Мәсәлімұлының "Тәңір құтын іздедім" атты кітабында 37 Алаш қайраткерлерін чикстер кеңес одағына алып кеткен деп жазады. Сіз не айтар едіңіз.Сәлеммен Мәулен.





  • Жауап: Шындығын айтайын, бұл мен күтпеген және мағлұматым аздау мәселе екен. Мырзасадықтың, Райымжан Мәрсековтің, Зият Шәкәрімұлының тағдырынан мағлұматым бар. «Шығыс Түркістан қозғалыс – Қазақ ұлт –азаттық қозғалысының бір бөлігі» атты үш томдық құрстырып, баспадан шықты. Алайда онда бұл имәселе қамтылған жоқ. Мәтқапы тақырып.

Сұрақ: Қазақ қару алып, орыс мүддесі үшін ғана қызмет етіп жүрген мына билікті қанды соғыспен елден қуып шықпай Ана тіліміз өз тұғырына қонбайды деген ойға қалай қарайсыз? Әлде биліктің екіжүзді өтірігіне иланып тағы 100 жыл жүре берген жөн бе? Өйткені орыс тілді билік, ертең орыс тілді балалары да қазаққа билік жүргізуін қалайды ғой! Ұстанымыңызды ашық білдіргеніңізді қалаймын. Аманкелді








  • Жауап: Аманкелді! Менің де қаупім сол. Бір ұрпақтың көлемінде бұс мәселе үзілді, кесілді шешілуә тиіс. Әйтпесе, қазақ тілінсіз қазақ мемлекеті өмір сүру қаупінің төніп тұрғаны анық.

  • #

Сұрақ: Самая прекрасная теория останется совершенно бесцельной и не будет иметь никакого значения, если не найдется вождь, который сумеет понести эти идеи в массы. И наоборот. Пусть практический руководитель обнаружит даже самый большой размах и свойства гениального вождя, что пользы, если не нашлось достаточно глубокого теоретика, который сумел бы надлежащим образом сформулировать сами цели борьбы. Сочетание качеств теоретика, организатора и вождя в одном и том же лице есть самое редкое из того, что мы встречаем на земле. Сочетание всех этих трех качеств в одном лице и дает великого человека.
--------------------------------------------------------------------------
Сұрақ: Күрестің мақсатын ықшамдап қана құрастырыратын терең теоретик қайда? Ықшам ғана ИДЕЯ құрастырып бере алатын жан бар ма? Бізде Ұлы адам бар ма?

Нағашыбай Есмырзаев







  • Жауап: Шешен де, көсем де керек. Тек қайдан табамыз. Өзімііздің ішімізден.

Сұрақ:Тұрсын аға, Мыразтай атамзды туған жеріне жұмыс істеуге жіберсек қалай болады? Бәлкім ол кісіні осындағы Астанадағы жағымпаздар көрініс алған жәйттардың авторы болуына мәжбүрлемеген болар ма еді? Қалай ойлайсыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет