Тұрсгине&&


Кəріліктен болған бедеулік



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата19.12.2023
өлшемі0.74 Mb.
#487027
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
тұрсгине&&

Кəріліктен болған бедеулік  
Сиырларда кəріліктен болған бедеулік 12-14 жасқа келгенде жыныс 
аппаратындағы дегенеративтік өзгерістермен сипатталады. Кəрі сиырлардың 
аналық жыныс бездері қызмет еткенмен,жатырының бездерінің қызметтері 
6-7 бұзаулаған сиырда төмендей бастайды, сонымен эмбрионның дамуына 
қолайсыз жағдай туындайды, көбнесе эмбрион өліп қалады. Бұқаларда 
кəріліктен болатын бедеулік кезінде шəуетінің сапасы төмендеп кетеді жəне 
жыныс рефлекстері байқалмай қалады, кейде нашар байқаладыда күйлеген 
ұрғашы малды ұрықтандыра алмай қалуы əбден мүмкін. 


Жатырдың қабынуы
Жатырдың қабынуына байланысты процесс төмендегідей болып 
бөлінеді: эндометрит (кілегей қабатының қабынуы), миометрит (етті 
қабатының қабынуы) жəне периметрит (сірлі қабатының қабынуы). 
Жатырдың қабынуы уақытына байланысты жіті жəне созылмалы, ал 
клиникалық көріністеріне байланысты жасырын жəне клиникалық 
эндометрит болып екіге бөлінеді. Қабыну экссудатының түріне қарай 
катаральды жəне іріңді-катаральды болып екіге бөлінеді. Себептері: Ол 
сиырдың жыныс органдарына қолдан ұрықтандырған кезде, төсеніш, құрал-
жабдықтар арқылы түсетін микробтарға байланысты. Сиырдың індетке 
ұшыраған ұрықпен ұрықтандырғанда, микроорганизмдер спермийлерге 
жабысып, жатыр тармақтарына жəне ұрық жолдарына дейін барады. Туудан 
кейінгі 2-3 күн өткен соң пайда болған эндометриттер жатыр 
субинволюциясынан, шудың түспеуінен, туу патологиясынан, жатырдың 
айналып түсу салдарынан болады. Сонымен қатар эндометриттер қынаптың, 
жатыр мойнының, құрсақтың, тік ішектің қабынуынан, қарын атониясынан 
жəне желінсаудың салдарынан пайда болады. Жіті катаральды жəне іріңді-
катаральды эндометриттер Клиникалық көріністермен анықталуы.Жатырдан 
қоңырқай шырыш немесе шырышты-іріңді экссудатпен араласқан сұйық 
ағады. Сұйықтың көлемі əртүрлі болады əсіресе түннен кейін. Экссудаттың 
түсі ақ, ақ-сары ---- --- болады. Шырыштың қоюлығы қаймақ тəрізді қою, 
кейде сасық иісті болады. Қынап арқылы зерттегенде, қынаптың кілегей 
қабаты, жатырдың қынап жақ бөлігі 
қызарып, ісініп жатыр мойнынан экссудат 
бөлініп тұрады. Тік ішек арқылы зерттегенде 
жатыр тармақтарының үлкейіп, қабырғасы 
қалыңдағаны, аурушаңдығы білінеді жəне 
жиырылу қабілеті төмендеп, флюктуация 
нақты білінеді. Жатырды тік ішек арқылы 
ұстап көргенде сиыр күшеніп, арқасын 
бүкірейтеді, қынаптан көп мөлшерде 
экссудат бөлінеді. Аналық жыныс бездерінде 
кейде сары денелер байқалады. Жыныс циклі болмайды. Малдың жағдайы 
нашарлап, əлсізденеді, дене қызуы бірде басылып, бірде жоғары
деңгейде 
тұрады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет